- •Шымкент көпсалалы колледжі
- •Сабақтың әдістемелік тәсілдемесі
- •Мазмұны.
- •Тәрбиелік:
- •Дамытушылық:
- •Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
- •Білімді тексеру кезеңі – 20 мин.
- •Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин.
- •3. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.
- •3.Жасалған шаралар:
- •2.Тынысқа қатысуы :
- •2. Топографиялық
- •1.Сырылдар 2.Сықырлар 3.Плевраның үйкеліс шуылы
1.Сырылдар 2.Сықырлар 3.Плевраның үйкеліс шуылы
Сырылдар - бронхтарда сұйық немесе тұтқыр қақырықтың, қанның әлде дерттік емес сұйықтықтың (транссудат) ауамен бірге қозғалысынан әлде бронхтар тарылуында пайда болатын дерттік тыныс шулары. Сырылдар - ылғалды және -құрғақ болып бөлінеді.
Бұл бронхтардағы қақырықтың сұйық (ылғалды) әлде тұтқыр және бронхтардың тарылуына (құрғақ) байланысты
Құрғақ сырылдар:
а)-даму жолы - бронхтар тарылғанда (жиырылуы, қабыну, бөгде зат, сыртынан қысылуы) н/е тұтқыр (кілегейлі), шірішті қақырық жиналғанда пайда болады;
б) - сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - төмен, гүрілдеген (ірі бронхтар); ызыңдаған (орташа); жоғары, ысқырықты (майда, ұсақ). Өкпе үстінде таралып н/е шектеліп естілуі мүмкін.
Бронхилды астмада – алыстан естіледі.
Ылғалды сырылдар:
а)-даму жолы-бронхтарда н/е қуыстарда жиналған сұйықтардан ауа өткенде пайда болған көпіршіктердің жарылған дыбысы;
б)- сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - ірі (ірі бронхтар, кеңірдек, бронхтармен жанасқан кеңістіктер), орташа, майда көпіршікті сырылдар болып бөлінеді.
Ірі көпіршікті сырылдар қашықтықтада естіледі (өкпе ісінуі, өлім халінде). Сырылдар бронхтар қабынуына тәндік белгі.
Естілуі- тыныстың екі кезеңіндеде; ал бронхтар (ұсақ, майда) тарылуында –тыныс шығарғанда жақсы естіледі (тыныс шығару ұзарады); жөтелден кейін азаюы н/е жоғалуы мүмкін.
Сықырлар:
а) – даму жолы - альвеола қабырғаларына сұйықтық (тұтқыр, қан, транссудат) жиналғанда - олар бір-бірімен жабысып, келесі тыныс алуда күшпен ажырап, сықыр тәрізді дыбыс береді (аяздағы қардың сықыры, саусақтарды бір-бірімен үйкегендегі дыбысқа ұқсайды);
б) - естілуі - тыныс алудың ең жоғарғы кезеңі (өкпе қабынуының І-ІІІ кезеңі, твс, өкпе инфарктісі, компрессиялық ателектаз, ал жұрек дерттерінде - өкпенің төменгі бөлігінде).
Сырылдан айырмашылығы (ұсақ көпіршікті):1)-естілу кезеңі; 2) - жөтелгенде - өзгермейді.
Плевраның үйкеліс шуылы:
а)- даму жолы – плевра үйкелісі қалыптыда естілмейді – сурфактант және беті тегіс, ал қабынуда – осы қасиеттері жоғалады, фибрин тұнып, беті бұдырланады – үйкеліс шуылы пайда болады;
б)- сипаты - құрғақ плевритте болады;--тыныстың екі кезеңінде естіледі;
-жөтелден кейін өзгермейді;
-құлаққа жақын естіледі;
-фонендоскоппен бассаң- күшееді;
-ал мұрын мен ауызды жауып, құрсақты қозғалтса – диафрагма қозғалуына сәйкес естіледі, өйткені оған жанасады (сырыл мен сықырдан айырмашылығы).
Бекіту – 10 мин. Бекіту сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.
Тыныс алу жүйесінің анатомо- физиологиялық қасиеттері?
Тыныс алу жүйесі дерттері бар ауруларды сұрап тексеру әдістеріқандай?
Тыныс алу жүйесі дерттері бар ауруларды қарап тексеру әдістері?
Қорытынды 5 мин.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма -5 мин.
Ситуациялық жағдайға рөлдері бойынша дайындалып келу
Сабақтың хронокартасы
№ |
Сабақтың кезеңдері |
Белгіленген уақыт |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
5 мин |
2 |
Білімді тексеру кезеңі |
20 мин |
3 |
Жаңа тақырыпты түсіндіру |
45 мин |
4 |
Жаңа сабақты бекіту |
10 мин |
5 |
Қорытынды |
5 мин |
6 |
Үйге тапсырма |
5 мин |
