Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме пропед 3-4 тақырып.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.47 Кб
Скачать

2.Тынысқа қатысуы :

-кеуденің екі бөлігінің тыныс алуға бірдей қатыспауы - дерттке байланысты қалып отыруы әлде қатыспауы.

3. Қабырғаралық бұлшық еттерінің тыныс алуға айқын қатысуы - тыныс алудың төмендеуі.

Қарап тексеру. Кеуде пальпациясы

Кеуде пальпациясы- сипап тексеру.

Мақсаты:

1) ауру сезімін анықтау - тыныс алу жүйесі дерттеріне байланысты сирек (құрғақ плевритте) кездеседі н/е мүлдем болмайды;

2) серпімділігі (иілімі)- төмендейді (кеуде қатаяды - қарсыластығы жоғарылайды) – эмфиземада, өкпе тінінің тығыздалу мөлшері жоғарылағанда, экссудатты плевритте;

3)дауыс дірілін (fremitus vocalis pectoris) анықтау – дауыс күшінің кеуде бетіне берілуі - бұл өкпе тінінің дауыс тербелісін өткізу қабілетіне байланысты.

Қалыптыда - кеуденің екі бетіне бірдей таралады, ал дерттің түріне байланысты өзгереді:

а)күшейеді -тығыздалғанда, қуыс болғанда;

б)әлсірейді н/е анықталмайды -эмфиземада, плевра қуысында сұйықтық әлде ауа жиналғанда.

  • Дауыс діріліанықталуы

–дәрігер қолын кеуденің екі симметриялық аймақтарына қойып науқасқа жуан дауыспен “Р” әрпі бар сөздерді айтқызады

Дауыс дірілін кішкентай балаларда жылағанда немесе айқайында анықтауға болады

Өкпе перкуссиясы

Перкуссия әдісі – соғып тексеру; ұсынған австриялық ғалым Леопольд Ауэнбруггер – 1753 ж. ғылыми трактат жазады, ал 1808 ж. Корвизар тәжірибеде қолдануға еңгізеді. Перкуссия әдісінің негізін дененің физиқалық қасиетіне (тығыздығы, ауалығы, сұйықтығы) байланысты дыбысты өткізу қабылеті құрайды:

  • Тығыз дене - тұйық, жәй, әлсіз, қысқа, жоғары дауысты дыбыс;

  • Ауалы, сұйықтығы бар ағзалар - ашық, дауысты, ұзақ дыбысты болады.

Өкпе перкуссиясы - өкпе тінінің қасиетіне байланысты (тығыз дене мен ауаның тепе-теңдігі) - қысқа, ашық, биік - өзіне тән дыбыс береді- оны ашық өкпелік дыбыс деп атайды.

Өкпе перкуссиясы екі түрде жасалады:

1- салыстырмалы - 2 - топографиялық

1.Салыстырмалы - кеуденің екі жағынан шыққан дыбыстар салыстырылады – дыбыс өзгеруіне байланысты дерттің түрі анықталады:

  • тұйық, тұйықталған - өкпе тіні тығыздалуы (пневмония, обтурациялық ателектаз, пневмосклероз, рагі, инфарктісі)

  • тұйық - плевра плевра қуысына сұйықтық жиналу

  • тимпаникалық - қуыс пайда болуы, өкпе қуысына ауа жиналу

  • кораптық - өкпе эмфиземасы

Жасалу күші - күшті, орташа.

2. Топографиялық

  • өкпе шекарасын анықтау

- жоғарғы - өкпе ұшының биіктігі – алдынан, артынан;

- төменгі - дене сызықтары бойынша

  • өкпенің төменгі жиегінің жылжымалығы

  • өкпе сиымдылығы анықталады.

Жасалу күшіжәй, әлсіз, өте әлсіз.

Диагностикалық маңыздылығы - алынған мәлеметтер арқылы өзгерістерді анықтап, дертті табу (шекараның жоғарлауы, төмендеуі).

Жасау әдістерітікелей- дене бетіне саусақпен тікелей соғу (балаларда қолданылады), жанамаденеге қойылған саусақ үстіне соғу. Науқас отырғанда, тік тұрғанда. Балаларда – арқасына н/е ішіне жатқызып жасауға болады (жағдайға байланысты – егерде бала басын ұстай алмаса)

Өкпе аускультациясы

Аускультация әдісі - тыңдап тексеру – Гиппократ еңбектерінде бар; бірақ еңгізу мен қолдануы – француз дәрігері Рене Лаэннек – 1819ж.

Аускультация негізі - ағзада, пайда болған дыбысты дене үстінен тыңдау.

Аускультация түрлері - тікелей құлақты қойып; жанама – фонендоскоп, түтік арқылы.

Өкпе аускультациясында - тыныс шулары 2 түрде: а) негізгі және б) қосымша тыныс шулары.

Негізгі тыныс шулары н/е дыбыстары:

1- везикулярлық немесе альвеолярлық әлде көпіршікті тыныс дыбысы;

2- бронхиалды тыныс дыбысы

Везикулярлық немесе альвеолярлық тыныс дыбысы

а- пайда болу орны - альвеолаларда;

б - пайда болу жолы, яғни дамуы - тыныс алуда альвеолалар ауаға толып, олардың қабырғалары кернеліп, тербеліс береді - дыбыс - үрлеген, жұмсақ, “ф” әрпі тәріздес;

в – естілу кезеңі – тыныс кіруінде толық, ал шығаруында – жоғарғы 3/1 бөлігінде.

Өкпенің барлық көлемінде естіледі.

Өзгерістері:

1 – физиологиялық;

2 - дерттік н/е патологиялық:

Физиологиялық өзгерістері:

а- әлсіреуі- бұлшық еттер, тері асты шел майы жақсы дамығанда, жәй тыныста; өкпе ұшында, қолтық астында, жиегінде;

б - күшеюі- жүдеу, жұқа адамдарда; ауыр жұмыста.

Физиологиялық өзгерістер екі жақта бірдей болады.

Дерттік н/е патологиялық:

а- әлсіреуі- естілуі нашарлайды

-плевра өзгерісі - плевра қуысында сұйықтық, ауа жиналуында, плевра қатаюы, қалындауы,

-альвеолалар өзгерісіауалығы жоғарлағандаэмфизема; ауалығы төмендегенде - қабынулық н/е қабынулық емес сұйықтық жиналғанда;

-бронх бітелгенде – обтурациялық ателектазда;Тыныстың екі кезеңіде қысқарады;

б- күшеюі

1) қатаң дыбыстытыныс шығаруда жақсы, ұзақ естіледі - бронх (майда, ұсақ) тарылуында (қабыну, жиырылу);

2)- үзілісті-саккадирлі - тыныс бөлініп естіледі -бронхтарда қабыну үрдісі бір келкі тарамаған н/е бұлшық еттерінің бір келкі жиырылмауы (тоңғанда). Жиі жағдайда - твс дертіне тән.

Дерттік өзгерістер жиі бір жақты болады.

1- бронхиалды тыныс дыбысы:

а) - пайда болу орны – көмей-кеңірдекте, сол себептен көмей-кеңірдек тыныс дыбысы делінеді;

б) - даму жолы – ауа кірердеде және шығардада кең жерден тар көмейге иіріммен өтіп, айналасындағы тығыз дауыс байламдарының тербелісін тудырады, яғни дыбыс береді, әсіресе шығарда көмейдің қосымша тарылуына байланысты ұзақ болады;

в) - естілуі –тыныс алуда және шығаруда - ұзағырақ; “Х” әрпі тәріздес дауысты жуан дыбыс;

г)- тыңдалу орындары - көмей, кеңірдек, ірі бронхтар

- кеуде үстіндеалдынан - бұл - мойылдырық шұңқыры, төстің тұтқасы мен денесінің жанасқан жері; артынан - 7 мойын және І-ІV кeуде омырт-қалары бойында.

Б.Т. қалыптыда өкпе тінінде естілмейді -альвеола көлемі көп болғандықтан - альвеолярлық тыныс басады.

Б.Т. дерттік түрлері:

1- амфорикалық (құмыра) - қуыстың d – үлкен – 8см жоғары, қабырғасы жұқа, тегіс ж/е ірі бронхпен жанасса- дыбыс тар мойынды ыдысқа үрлеген дыбысқа ұқсайды.

2- “темір” соққандағы дыбыс тәрізді” – ашық пневмоторакста- плевра жарақаты. Қасиеті – дыбыс қатты, жоғары.

Қосымша тыныс дыбыстары - дерттік тыныс шулары. Түрлері: