Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме пропед 3-4 тақырып.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.47 Кб
Скачать

3.Жасалған шаралар:

а) дәрігерге қаралды ма?

б) қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы);

в) емі (өздігінше, дәрігердің; емнің тиімділігі);

г) ауруханаға түсу себебі?

Сұрап тексеру- Өмір тарихы (анамнезы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар).

1.Бала кезінде болған тыныс алу жүйесі дерттері (бронхиттер, пневмониялар).

2.Жоғарғы тыныс жолдарының жиі, жіті қабыну, аллергиялық немесе басқада аурулары (жіті респираторлық дерттері, тұмау, полиптер, поллиноздар).

3.Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұрған жері - дымқыл, ылғалды).

4.Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: - өндірістік шаңдар (силикаттық, тотыған кремний, құм, цемент) - пневмкониоздар, силикоздар.

5.Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында аллергиялық деттердің болуы (бронхиалды демікпе, экземалар), қатерлі ісіктер.

6. Басқа ағзалардың дерттері (жүрек-қан тамыр); жарақаттар, сынықтар (кеуденің).

7.Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру.

8.Үйреншікті уланулар: ұзақ уақыт бойы (15-20 жылдан астам) күніне 1-2 қорап темекі шегу; ішімдікке салыну; анашақорлық, уланулар

9. Ер азаматтарда - әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі (қолайсыз әселер, болған дерттері).

10.Әйел кісілерде

  • етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, канша күннен, мөлшері - көп, аз; ауырусыңғышты немесе онсыз, айналымының ұзақтығы);

  • тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті - ісінулер, қан қысымының жоғарлауы;

  • босанулары -өзі, операциялар арқылы, асқынулар; түсіктер, жасанды түсіктер);

  • етек кірінің тоқтауы (неше жасында, қандай көріністер - қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б.).

Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қарап тексеру

Жалпы қарау

1) науқастың жалпы жағдайы, хәлі - дерттің түріне,

оның ауырлығына байланысты әр түрлі болады:

  • қанағаттанарлықжіті бронхит, туберкулез

  • орташа- ошақты пневмония, созылмалы бронхит;

  • ауыр – пневмония, бронхиалды демікпенің ұстамасы, өкпенің іріңді дерттері, инфарктісі;

2) есі – сақталған немесе өзгерген

Дерттің асқынған түрлерінде

  • есеңгіреген – тыныс жетіспеушілігінің жоғарғы деңгейі - гипоксия жағдайы

  • сандырақтау, елестеулер - дене қызуы өте жоғарылағанда, яғни қалтырауда

Басым жағдайда- есі сақталған, бүтін.

3 - төсектегі жағдайы, қалпы

мәжбүрлі

  • бронхиалды астмада – еңкейіңкіреп, екі қолын таянып, отырғышта отырады, ауызымен дем алады;

  • плевритте – ауырған жағын астына алып, қорғаныштап жатады;

  • өкпеннің іріңді дерттерінің ақырғы кезеңдерінде – сұлық түсіп, пассивті.

Басым жағдайда – белсенді - өзінің жағдайын жасай алады.

Терісінің түсі- көкшіл( цианоз – орталық(жылы) - бірден-бір белгісі), боз, қызарыңқы, жер түстес.

Бет әлпеті – мұрын желбіршектерінің тыныс алуға қатысуы; мұрын қаңқасының пішіні, оның өзгерісі - қисаюы; ауызбен тыныстануы, еріндерінде, мұрын айналасында ұшықтардың болуы, мұрын-ауыз үшбұрышының көгеруі.

Саусақтардың домалақтануы-“дабыл таяқшалары”, тырнақтардың - “сағат беті” тәріздес өзгеруі - созылмалы іріңді дерттердегі гипоксияға байланысты сүйектердің остеопорозы.

Кеуде қуысын қарау:

Мақсаты:1.Пішінін анықтау а) өзгермеуі мүмкін - конус тәрізді;

бірақ тыныс алу жүйесінің біраз дерттері ақырғы кезеңінде эмфиземаға асқынуын береді, ал соған байланысты кеуде қуысының пішіні өзгереді:

б) төменгі бөлігі кеңейіп бошке тәріздес болады - эмфизематозды кеуде пішіні (тыныс жұтқандағы кейпі) - бұғаналар көтеріңкі, қабырғалар жатыңқы, аралары кішірееді – қалдық ауа мөлшері өкпеде жоғарылауына байланысты – тыныс шығару бұзылысы.

в) - кеуденің бір бөлігінің үлкеюі (сұйықтық әлде ауа жиналғанда) немесе кішіреюі (өкпе тіні жиырылғанда –ателектаз, операциялардан кейін – бір бөлігі н/е бір өкпе толығынан алынса; пневмосклероз);