- •Шымкент көпсалалы колледжі
- •Сабақтың әдістемелік тәсілдемесі
- •Мазмұны.
- •Тәрбиелік:
- •Дамытушылық:
- •Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
- •Білімді тексеру кезеңі – 20 мин.
- •Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин.
- •3. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.
- •3.Жасалған шаралар:
- •2.Тынысқа қатысуы :
- •2. Топографиялық
- •1.Сырылдар 2.Сықырлар 3.Плевраның үйкеліс шуылы
3. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.
Жөтел (tussis) - тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде пайда болатын рефлекторлы қорғанысты үрдіс.
Тыныс алу жүйесі дерттерінде бөгде зат болып қабынулық әлде қабынулық емес сұйықтық - дертті бөлінділер: шіріш , қақырық – кілегейлі, шірішті, іріңді н/е қан, ірің - осы жиналған заттар тыныс жолдарында орналасқан сезімтал рецепторларды тітіркендіріп жөтел тудырады.
Сипаты:
а) қарқыны (күші) - қандай? - әлсіз, жәй, күркілдеп жөтелу, үрген тәрізді, дауысты, қатты, күшті;
б) ұзақтығы – тұрақты, ұзақ; ұстамалы, қысқа;
в) пайда болу уақыты – қай кезде жиі мазалайды?- таңертең, кешке, түнде;
г) пайда болуы- қандай жағдайлар әсер етеді?- салқындап қалу, иістер, өздігінен, дене қалпын өзгерту және бәсеңсу себептері - қақырық түскеннен кейін, дәріден кейін; дене қалпын өзгерту;
д) түрі– ылғалды, қақырықты, құрғақ, сирек.
Қақырық (sputum):
а) мөлшері–қанша бөлінеді? – бір жөтелде және бір тәулікте (бір түкірік, ауыз толтырып, 1,5- 2,0л);
б) түсі - қандай? -түссіз, сарғыш, жасыл-сарғыш, жасыл, қоңыр (сипаты- кілегейлі, шірішті, іріңді);
г) иісі?- иісіз, иісі қолайсыз, іріңді,шіріген;
д) сипаты: сұйық - жеңіл бөлінеді; тұтқыр, кілегейлі - қиын бөлінеді;
е) дененің қай қалпында жеңіл бөлінеді?- оң немесе сол бүйірінде; шалқасынан немесе етпетінен жатқанда;
ж) тәуліктің қай кезеңінде көп бөлінеді? – тәңертеңгі уақытта.
Қан қақыру (haemoptoe) –а) қанның мөлшері?- қан талшықтары араласқан, бір келкі таралған, таза немесе ұйыған қан; б) қанның түсі? - ашық қызыл, қоңыр, тотыған, сәл қызғыш; в) бөліну жағдайы және жиілігі? –жөтелде, өздігінше; жөтелген сайын, бір рет.
Қан кетулер - бірінші рет, бұрын болды, қайталануы; себебі?
Кеудедегі ауру сезім (dolor pectoris) – жалпы өкпе тінінде нерв талшықтары жоқ, сондықтан бұл белгі плевра зақымына тән, өйткені сезімтал нерв талшықтары плевра жапырақшаларында орналасқан.
Пайда болу жағдайы - жөтелгенде, терең тыныс алғанда немесе сау жағына жатқанда пайда болады, күшееді.
Орналасқан орны – бүйірдің төменгі жағы - осы жерде плевра кеуде қуысына жанасады (құрғақ плеврит, бөлікті пневмония).
Кейбір дерттерде (өкпе рагы, инфарктысы) кеуде қуысының басқа жерлерінде орналасады.
а) орналасу орны - қай жерде?-кеуде бүйірінің төменгі бөлігінде, үстінде; б) сипаты - қандай? - шаншып; в) күші? - күшті; г) тұрақтылығы; д) қандай жағдайда күшееді? - тыныс алғанда, жөтелгенде, дене қалпын өзгерткенде; е) таралуы? – таралмайды.
Ентігу(dyspnoe) -– тыныс алу жүйесі ауырған науқастардың бірден-бір негізгі шағымы – сыртқы тыныстың бұзылысы.
Науқас ауа жетпейді деп айтады.
Даму жолы – тыныс алу жолдарының зақымдарына байланысты:
1- тыныс алу көлемінің азаюы -өкпе тіні қабынуы, дәнекерленуі, қысылуы – ателектаз, серпімділігінің төмендеуі (эмфизема), қатерлі тіндердің пайда болуы;
2- бронхтар өткізгіштігінің нашарлауы - қабыну, жиырылуы,сырттан басылуы, бөгде зат тұруы) - газ алмасу үрдісінің өзгеруі (нашарлауы) - оттегі мөлшерінің азайюы, көмір қышқылының көбейюі - ал ол тыныс орталығын тітіркендіреді - ентігу сезімі пайда болады - бұл тыныс алу реттілігінің, жиілігінің,тереңдігінің өзгеруі.
Тыныс ағзаларының дертеріне байланысты ентігу түрлері:
– инспираторлы – демді алу- ауаның кіруі нашарлайды - тыныс жолдарында кедергі (бөгде зат, бронхтардың сырттан қысылуы- қалқанша безінің ісігі, аорта аневризмасы, өңеш рагы);
-экспираторлы – дем шығарудың нашарлауы – майда, ұсақ бронхтардың қабынуы, жиырылуы;
-аралас түрі - екі кезеңіде нашарлайды – тыныс жүйелері дерттеріне жиі тән (уақытша - пневмония, ателектаз; тұрақты - эмфизема).
а) тұрақтылығы?- тұрақты немесе ұстамалы; б) түрі- тыныстанудың қай кезеңінде?- тыныс алғанда, шығарғанда, екі кезеңінде;
Тұншығу - ентігудің кенеттен пайда болатын түрі (өкпе ісінуі, инфарктісі, пневмоторакс), ал ұстамалы түрі демікпе - немесе астма - майда бронхтардың, бронхиолалардың тарылуы - бронхиалды демікпе, созылмалы бронхит;
жүрек жетіспеушілігінде - жүрек демікпесі (жүректілік астма).
Сипаттамасы:
пайда болу уақыты - тәуліктің қай кезеңінде? – түнде, күндіз;
пайда болу себебі?- қандай жағдайдан кейін?-иіс, мұздай ауаға шыққанда;
демікпенің алдында қандай белгілері болаты?- терінің қышуы, мұрын сұйықтығының көп бөлінуі, тамақтың құрғауы, жыбырлауы, жөтел;
жиілігі? – жиі, сирек;
ұзақтығы?- бірнеше минуттен бірнеше сағатқа немесе тәулікке дейін; тыныстаудың қай кезеңі қиын? -тыныс алу, шығару немесе екеуіде;
демікпе кезіндегі қалпы? - отырады, жатады, тұрып қалады;
қандай шарадан кейін басылады?- бронхолитиктардан немесе қақырық шыққаннан кейін.
Қосымша шағымдар:
“Қалтырау(febris)- тыныс алу жүйесінің жіті дерттері дене қызуы көтерілуден басталады”;
а) дене қызуы қалай және қаншаға көтеріледі? – кенеттен, күрт, өте жоғары көрсеткіштерге дейін; бірте-бірте, 38º - тан аспайды;
б) тәулік бойы қалай өзгереді?- төмендейді, жоғарылайды; в) қалтырау қаншаға созылады, қандай белгілер қосымша болады? –бірнеше сағат, күн, тәулік; тершеңдік, дірілдеу, тоңғақтық.
әлсіздік, шаршағыштық,
тәбеттің төмендеуі,
ұйқының нашарлауы,
бас ауруы
Сұрақ беріп нақтылау -
ұзақтығы- қашаннан бері мазалайды?
себебі – қандай жағдайда?
Сұрап тексеру- Дерттің даму тарихы (анамнез).
1.Дерттің басталуы: а) бірінші рет аурып тұрсыз бе әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ме, яғни созылмалы дертінің өршуі?
б) қалай басталды?
-кенеттен, дене қызуы күрт жоғарылап, қалтырап, тер басып (жіті пневмонияда, өкпе абсцессінде, жіті трахеобронхитте); немесе тұншығып, ауа жетпей, құрғақ жөтелмен (демікпеде);
-бірте-бірте - дене қызуының жәй көтерілуі, сирек мазалайтын жөтел, терлегіштік пайда болып (тыныс алу жүйесінің созылмалы дерттерінде: бронхит, бронхоэктаздар, өкпе туберкулезінің кейбір түрлері).
2.Дерттің басталуына әсер ететін жағдайлар: (дерттің себебі)
салқын ұстау;
жұқпалы науқасы (тұмау) немесе туберкулезі бар кісімен жанасу;
жақын арада жоғарғы тыныс жолдары дерттерімен ауру (тұмау, жіті қабынулар);
аллергиялық әсерленулер;
бұрыннан бар созылмалы дерттің қайталануы - жылына қанша рет, қандай себептерден кейін, қалай емделеді, бәсеңсуінің ұзақтығы?
уытты заттардың немесе газдардың әсері (созылмалы бронхиттерде);
