
- •Шымкент көпсалалы колледжі
- •Сабақтың әдістемелік тәсілдемесі
- •Мазмұны.
- •Тәрбиелік:
- •Дамытушылық:
- •Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
- •Білімді тексеру кезеңі – 20 мин.
- •Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин.
- •3. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.
- •3.Жасалған шаралар:
- •2.Тынысқа қатысуы :
- •2. Топографиялық
- •1.Сырылдар 2.Сықырлар 3.Плевраның үйкеліс шуылы
Шымкент көпсалалы колледжі
Келісілді Бекітемін
Әдістемелік орталықтың Директордың оқу-тәрбие
меңгерушісі істері жөніндегі орынбасары:
Байназарова Г.А. ___________ Жаналиева Г.Ж. ________
« _ »_________ 2014ж. « _»____________2014 ж.
Сабақтың әдістемелік тәсілдемесі
Пәні: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әдістері, науқастарды сұрастыру. Объективтік зерттеу әдістері: қарау, пальпация, перкуссия, аускультация
Мамандығы: 0301013 – Емдеу ісі
Семестр: 5
Курс: 2
Кафедра меңгерушісі:____________ Умарова М.С.
Құрастырған:____________________ Төреханова М.С.
Мазмұны.
Тақырыбы: Субъективті тексеру әдістері, науқастарды сұрастыру
Сабақтың түрі: теория
Өткізу әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға ауру туралы жалпы мәліметтерді дұрыс жинау, сырқатнаманың төлқұжаттық бөлімін толтыру, шағымдарын қалай сұрастыру керектігін, алынған мәліметтерді сараптауды үйрету.
Тәрбиелік:
Адамгершілік тәрбиесін беру (үлкенге сый-кішіге жол көрсету, мәдениетті түрде өз ойын жеткізе алу)
Еңбек тәрбиесі ( еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау )
Дамытушылық:
Жеке тұлғаны дамыту (талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалынан ең бастысын бөліп алу, классификациялау)
Танымдық қызығушылықты дамыту (танымдық қызығушылықты дамытудың стимулы: жаңашылдық пен ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу )
Пәнаралық және пәнішілік байланыс:
Пәнаралық байланыс – Патологиялық физиология, Ішкі аурулар
Пәнішілік байланыс –Медициналық деонтология, Жалпы нозология
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Сәлемдесу;
Оқушылар мен аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру;
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Білімді тексеру кезеңі – 20 мин.
1.Емдеу алдын-алу мекемелерінің қандай түрлері бар?
2. Аурухананың құрылымы қандай?
3.Емханада қандай медициналық құжаттар толтырылады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин.
Дәріс жоспары
І.Кіріспе
1.1. Тыныс алу жүйесінің анатомо- физиологиялық қасиеттері
1.2.Тыныс алу жүйесі дерттерінің таралуы, әлеуметтік маңыздылығы
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1. Тыныс алу жүйесі дерттері бар ауруларды тексеру әдістері:
-сұрап тексеру (шағымдары және анамнезі)
-қарап тексеру (жалпы қарау, кеудені қарау, оның пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы)
3.Қорытынды бөлімі
Тыныс алу жүйесінің анатомо- физиологиялық қасиеттері
Тыныс алу жүйесі ағзаларына:
жоғарғы тыныс жолдары (мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ, ауыз-жұтқыншақ, көмей);
төменгі тыныс жолдары (кеңірдек, қолқалар); өкпе тіні,
плевра және оның қуысы;
тыныс алу қимылын атқаратын жүйе (тыныс бұлшық еттері, қабырғалар) жатады.
Тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі - бұл ағза және қоршаған орта арасындағы газ алмасу үрдісін қалыпты қамтемесіз ету.
Бұл қызметі бір-бірімен байланысты үш үрдістен құралады:
- өкпенің ауаға толуы;
- ауаның альвеолалар қабырғасынан өтуі;
- өкпе қан айналымының қарқындылығы.
Сұрап тексеру, тыныс алу жүйесі дерттерінің шағымдарын анықтау
І.Шағымдары: көрсетілген әрекеттер реттілігін сақтап анықтау:
1.Өзін таныстырып және науқастың (балалардың ата-анасымен немесе өзінен) аты-жөнін, тегін анықтағаннан кейін “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтайды. Олар: жөтел, қан қақыру, кеудедегі ауру сезім, ентігу, тұншығу, қалтырау, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, тәбеттің төмендеуі.
2.Негізгі шағымдарды айырып алу- жөтел, кеудедегі ауру сезім, ентігу, тұншығу, қан қақыру;