
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пәндер туралы мәліметтер:
- •Пәннің қысқаша сипатаммасы
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдардың мазмұны
- •Курстың тақрыптық жоспары
- •Дәріс тақырыбы 4. Респираторлардың классификациясы. Реанимациялы емес және транспортты моделдер. Базалы моделдер. Кеңейтілген функциялы моделдер. Жоғары деңгейлі моделдері.
- •Дәріс тақырыбы 6. Жасанды қан айнылым үшін қазіргі заманғы аппараттарының құрылғылары. Оксигенаторлар. Көпіршікті оксигенаторлар. Мембраналы оксигенаторлар.
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспарлары
- •1.Diapact crrt жасанды бүйрек аппаратын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.
- •2.Diapact crrt жасанды бүйрек аппаратын қолданудың әдiстерiн игеру.
- •3.Diapact crrt жасанды бүйрек аппаратын жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.
- •5008 Терапиялық жүйесі аппаратының жұмыс істеу принципін зерттеу
- •1.5008 Терапиялық жүйе аппаратын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.
- •2.5008 Терапиялық жүйе аппаратын қолданудың әдiстерiн игеру.
- •3.5008 Терапиялық жүйе аппаратын жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.
- •2.4 Оқытушымен бірге өткізілетін студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары(соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары (сөж)
- •2.6 Өзіндік бақылауға арналған тестілік сұрақтар (30 сұрақ)
- •2.7 Емтихан сұрақтарының тізімдері
- •Глоссарий
Дәріс тақырыбы 4. Респираторлардың классификациясы. Реанимациялы емес және транспортты моделдер. Базалы моделдер. Кеңейтілген функциялы моделдер. Жоғары деңгейлі моделдері.
ӨЖЖ аппараттарының классификациясы негізінде – қолдану орны мен қолдану мақсаттары. Осыған байланысты барлық респираторларды бірнеше классқа бөледі:
1. үй жағдайында респираторды қолдану үшін аппараттар және реанимациялық емес моделдер, транспортты респираторлар;
2. интенсивті терапияның мамандандырылмаған бөлімдеріндегі тынысы бұзылған науқастарды респираторлы қолдау аппараттары (кеңейтілген функциялы моделдер);
4. полиорганды кемшіліктердің көрінуімен үйлестіру, өзгеше тынысы бұзылған науқастарды реанимацияның арнайы бөлімдері мен респираторлы орталықтарда респираторлы қолдау аппараттары (жоғары деңгейлі моделдер);
5. арнайы мақсаттар үшін респираторлы техника – ӨЖЖ жоғары жиілікте өткізу үшін аппараттар; азод оксидін, гелийлі оттекті қоспалы құрылғылар, экстракорпоралды оксигенация мен көмірқышқыл газын біржолата жою.
Осы аталған респираторлардың өзгешелігі:
• оттегі – қысылған газ көзінің қажеттілігі. Ауа үрлегішпен ауа сыртқы ортадан сорылып алынады;
• оттекті - ауалы қоспаларды дайындаудың қысқаша жүйесі. Оттектің құрамы аз-аздан келеді, оның концентрациясын реттеу мүмкіндігі жоқ;
• массасы аз және басқаруы оңай;
• PEEP – дем алу жолдарындағы оң қысымның пайда болу мүмкіндігінің жоқтығы. Дем алу мен шығаруда механикалық жапырақты клапанның көмегімен осы аталған мүмкіндік орындалады. Клапанның құрылғысы PEEP жасайтын жоғары анықтықты қолдануға рұқсат бермейді. ӨЖЖ-ді ұзақ қолданған кезде, клапанның жапырақшалары бір-бірімен дем алып жатқан деммен жабысып қалып, жұмыс істемей қалуы мүмкін. Жапырақшалы клапанның барлығы респиратордың контурына белсенді ылғалдатқышты қосуға мүмкіндік бермейді. Тыныс қоспасын ылғалдау мен қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі жылу-ылғалауыстырғыш сүзгісін қолдану;
• желдету режимі мен қауіптілік минимумы. Қауіптілік режимінің саны шектелген. Шектелудің бірден бір себебі респиратордың дем шығару тізесінде ағым датчиктердің жоқтығы. Ол дәрігердің белгіленген көлеміне сәйкес өлшеуге мүмкіндік бермейді. Респиратордағы көрсетілген топтамада тек қана тыныс контурының қысым датчигі бар. Көрсетілген датчик тыныс жолдарындағы артық қысымның керек параметрлерін бақылайды және қамтамасыз етеді.
Осы аталған респираторлар реанимациялық бөлімдерде науқастарды аурухана ішінде транспорттық тасымалдау мақсаттарына жабдықтайды.
Базалық модельдердің сипатаммалары мынадай:
•қысылған ауа мен қысылған газ – оттегі секілді екі жүйені қолдану. Осы екі қысылған газ жүйесі берілген парциядағы оттекті - ауалы қоспаларды нақты араластыру үшін қажет;
• дем алатын оттегінің концентрациясын қосымша бақылау. Бақылау арнайы оттекті датчикпен немесе табақты клапанның көмегімен механикалық жолмен жүргізіледі;
• шығыс клапаны - респираторда мүмкіншілігі бар науқасқа көңіл бөлуде дисталды болып келеді. Шығыс клапаны базалық моделдерде пассивті, себебі ол науқастың дем алуымен ашылып, шығаруымен жабылады. PEEP құрылғысымен көлемін нақты қажет дозаға жеткізеді. Клапан құрылымы жылу-ылғалауыстырғыш ретінде қолданылады, керек кезде тыныс алу жолдарын ылғалдағышта тыныс контурын қондыру көмегімен белсенді түрде ылғалдайды;
• ағым мен қысым датчиктері. Датчиктердің екі типін қолдану - науқасты ӨЖЖ кезінде респиратор құрылғысы бұзылса, дыбысты және сәулелі сигналдар шығаруда керек;
• ӨЖЖ кезінде алгоритмнің негізгі екі түрі қолданылады - Assist Control және SIMV. Осы аталған әр режимде міндетті дем алулар көлемді желдетулер (Volume Control) мен қысым бойынша желдету (Pressure Control) режимдерін қамтамасыз етіледі.
•дем алу мен дем шығару паузасын құру мүмкіндіктері. Ішкі PEEP (ауто-РЕЕР) және плато қысымына баға беру мақсатында паузалар құрастырылады;
• ағым және қысым бойынша триггерлердің көмегімен ӨЖЖ аппараттарында науқастың тыныс алу әрекеттерін синхронды қамтамасыз ету. Базалы модельдердегі триггердің үн қату уақыты 300-400 мс болады.
Аппараттарда басқа базалы модельдер қосымша болуы керек:
• респиратордың жұмысымен науқастың тыныс алу әрекеттеріндегі синхронизация мүмкіндігін жақсарту. Науқастың тыныс алу әрекеттіндегі триггердің үн қату уақыты 100 - 150 мс аспауы керек. Осындай үн қату уақытында науқас дем алудың берілуі тоқтағанына мән бермейді. Моделдер арасындағы қысқа уақыт ішінде үн қату екі датчиктің көмегімен ұйымдастырылады: дем алу және дем шығару ағымдары. Басқа жаңа респираторларда ағым бойынша триггер базалық ағымсыз жұмыс жасайды;
• тыныс жолдарындағы қысым, ағым және көлемдердегі графикалық көрініс;
• қысым бойынша режимдердегі желдетуді өткізуде инспираторлы ағым профилі және жылдамдықтың өзгеру мүмкіндігі. Аталған параметрлерді реттеу респиратор жұмысы мен науқастың тыныс паттеріне сәйкестігін жақсарту үшін қажет;
• дем шығарудың белсенді клапаны. Клапанның ашылуы мен жабылуы респиратордағы микропроцессордың көмегімен дем алу клапанынан бөлек орындалады. Тыныс жолдарында қысымның екі денгейімен ӨЖЖ-ді өткізуге болады ( BIPAP типі);
• желдетудің екі режимі - PRVC және VAPS;
• тыныс жолдарындағы респиратор кедергісін автоматты өлшеу, динамикалық көнгіштік, науқастың тынысты паттернінің белсенділігін анықтау (показатель Р0,1).
Негізгі әдебиеттер: 1[47-66]
Қосымша әдебиеттер: 6 [11-14, 54-56]
Бақылау сұрақтары:
1). Респираторлар қандай кластарға бөлінеді?
2). Реанимациялы емес және транспортты моделдердің өзгешіліктері?
3). Жоғару денгейлі респиратор қандай функцияны атқарады?
4). Базалы моделдер қандай функциямен жабдықталған?
Дәріс тақырыбы 5. Аппарат РО – 6. Құрылғысы мен жұмыс істеу принципі. Минутты желдету реттегіштері. Тамыр соғысы мен дем алу жиіліктерінің счетчиктері. Өкпенің көмекші желдетуі. Қауіпсіздік.
Аппараттың негізгі артықшылықтары: басқарылатын және көмекші желдету; реверсивті және реверсивті емес тыныс контуры;
Аппараттың сипаттамасы:
Активті және пассивті дем шығару;
Дем шығару кезінде теріс, нөлдік немесе оң қысымды алу мүмкіндігі;
Ауаны сору үшін бактериалды сүзгі;
100%-ды демалатын газдың ылғалдылығы;
Дем алатын көлемнің өлшенуі, минутты желдету,тыныс алу жиілігі, дем алу және шығару қысымы;
Көрсетілген уақыттан асқан кезде дем алу мен шығару соңында дыбысты және жарықты дабыл беру;
Оттегінің берілуі тоқтаған кезде блокқа түсуі;
Операциялы шектелудегі наркотикалық заттарды бұрып жіберу мүмкіндігі;
Қысылған қысымның оңтайлы пішімі, ол қан айналымға минималды әсер етуін қамтамасыз етеді;
Наркотикалық заттардың (РО-6Н) нақты және стабилді дозасы: эфир, фторотан, хлороформ, трихлорэтилен, ингалан (пентран), азот шалатотығы.
Минутты желдету шкала бойынша орнатылады, дем алу ұзақтығына дем шығару үзақтығының қатынасы үшін колибрленген және де 0 ден 30 л/мин аралығында реттеледі.
Дем алу жиілігі ол реттелмейді. Дем алудың кез келген жиілігі тынысты көлем мен минутты желдетудің сәйкес мәндері құрылғы арқылы алынады. Мысалға, дем алу жиілігі 20 мин болса құрылғыда минутты желдету 10, 15 немесе 20 л/мин және тыныс көлемі 0,5; 0,75 немесе 1 л жетеді. Дем алу жиілігі мынандай жағдайларда өзгермейді: тыныс контурының түрлері қосылған кезде, тыныс алатын газдың құрамы өзгерген кезде, өкпенің өзгерістерінде, науқастың тыныс жолдарының кедергілерінде, белсенді дем шығарудың қосылуында — барлық факторлардың әсер етуінен, яғни қондырылған минутты желдету мен тыныс көлеміне әсер етуі болмағанда.
Дем алудың жиілігінің нақты мөлшерін өлшеу үшін счетчик қызмет етеді. Оны толық алты тыныс циклдерін қосу үшін басын басу арқылы жүргізеді.
Дем алу ұқзақтығына дем шығарудың қатынасын 1,3; 2 немесе 3-ке тең етіп алуға болады. Тыныс контурының түрлері мен желдетудің барлық басқа түрлерінің өзгерісі әсер етпейді. Есте болуы керек, әр қатынас мәніне минутты желдетудің өз шкаласы сәйкес келеді, тек қана сигналды шамның өзгерісіне мән беріледі.
РО-6Н аппараты тыныс алатын газдың құрамы наркозды блок арқылы анықталады. (сурет 22). Керек оттегі мен наркотикалық заттардың парогазды қоспасын дозиметр мен «Анестезист-1» бұландырғышының винтилі арқылы қондырылады. Қоспа құрамы мен ӨЖЖ режимі бір бірімен өзара әрекеттеспейді.
Бұландырғышдың фитилі жоқ, сол себептен үнемді және қолданылатын сұйық наркозды заттардың түрлерін тез өзгерте алады. Бұландырғыштың сыйымдылығы 50—100 мл.
Адсорбер жеті сағат ішінде шығарылатын көмірқышқыл газының жұтылуын қамтамасыз етеді. Оттегінің 30 л/мин жылдамдығымен шұғыл берілуі бұландырғыштың аралап шығуын орындайды.
Аппараттар РО-6Р мен РО-6-03 да демалатын қоспаны ұлғайту үшін дозиметр блогы арқылы 20 л/мин оттегіні беруге болады. Реверсивті емес тынысты контур кезінде қондырылған минутты желдету мен оттегінің берілуі арасындағы айырмашылығы автоматты түрде оттегімен толады. Дем алатын газда оттегі құрамын нақты дозалауға болады.
Науқасқа берілетін газды қоспа РО-6 аппаратының барлық тарауында тиімді түрде ылғалданады.
Ылғалдық денгейі ылғалдандырғыш кран арқылы өзгертіледі.
Сезгіштік —бұл сирету мөлшері, науқастың тыныс алу әрекетінен шақырылады, дем алуда аппарат жұмыс істейді. Сезгіштік мөлшері РО-6Н және РО-6Р аппарттарындағы 50 дан —500 Па (от —5 до —50 мм вод. ст.) аралықта реттеледі. Максималды сезгіштікті пассивті дем шығарудың қосылуы кезінде және реттегіштегі ажыратқыштың сағат тілімен соңғы тіреуішіне дейін орнатылған кезінде алуға болады. Өте үлкен сезгіштікті орнатқанда аспаптың өздігінен қосылып кетуінен сақтанған жөн, демек дем берудің дем алуға байланысты емес, басқа аспаптың кірісіндегі артефактілік сиретулер әсерінен басталады(мысалы,шлангілердің тербелуінен). Өздігінен қосылып кету блоктің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Аспирация. РО-6Н және РО-6-03 аппаратының жанама қабырғасында орнатылған сорғыштың көмегімен жоғарғы дем алу жолдарының құрамы орындалады. 0,4 МПа (4 кг/см 2) оттегінің қысымында сорғыш 53 кПа-дан (400 мм рт)кем емес сирету қалыптастырады. Сорғыштың ластануын болдырмау үшін оның банкасының толып кетуін болдырмау және өз уақытында банканы қосымшаға ауыстырып тұру керек.
Қосымша дем беру. Қосымша клапанның қосылуы емделушіге аппарат фазасының жұмысына қарамай өздігінен атмосфералық ауаның белгілі бір көлемін жұтуға мүмкіндік береді. Бұл емделушінің аппаратпен дем алуына бейімделуін анағұрлым жеңілдетеді. Әлбетте бұл мүмкіндіктер жұтылған газдық қоспаның ауамен сұйылуына және де көмекші демалу блогының керек кезде сезгіштігін жоғарылатуға әкеледі.
РО-6 аппаратының құрылымы емделушінің және қызмет көрсетуші
қызметкерлердің жоғары дәрежеде қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Жұмыстың жоғары дәрежедегі сенімділігі ӨЖЖ-ді ұзақ мерзімді қолдануға мүмкіндік береді; қарапайым техникалық қызмет жиі көрсетіледі және арнайы дайындықты қажет етпейді. Аппараттың сұлбасы дем алу контурында қысымның немесе қауіпті ауданның пайда болуын болдырмайды, оттегіні беру тоқтатылғанда азот қалдығын жіберуді тоқтатады, дем алу контурына газ беру минуттық желдетумен дұрыс келмесе, жетпеген газ орны автоматты түрде толтырылады, ал ол жұмыс режиміне әсер етпейді.
Аппаратты басқару органдары бір-бірімен байланыссыз, функционалдық тұрғыдан қолайлы орналасқан. Жүйені, дем шығаруға кедергі келтіретіндіктен, гиперинсуффляция(өкпенің«үрленуі») кезінде тоқтата алмаймыз. Желдетудің қажет режимі анық қолдайды және сигнализатор мен өлшеу құралдарымен бақыланады. Кез келген уақытта желдету қолмен басқару басталады. Аппаратты жерлестіру контактісімен розетка арқылы қөрек көзіне қосқан кезде автоматты түрде болады.
Наркотикалық қоспалардың бөлмесінде ауаның ластанбауы үшін керек жағдайлар жасалған.
Медициналық қызметші аппаратпен жұмыс істегенде мұқият болуы керек, аппарат паспортында көрсетілген шарттарды дұрыстап қарау керек. Алдымен: аппаратты жерлестірмей қосуға болмайды, реверсивті контур кезінде наркозды трихлорэтилен қолдануға болмайды, науқаста аппаратты қолданып жатқан кезде аппаратты жөндеу, реттеу операцияларын орындауға болмайды. Науқасқа аппаратты әр қосқан сайын тыныс контурының герметикалығын қарап отыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 1[47-66]
Қосымша әдебиеттер: 6 [11-14, 54-56]
Бақылау сұрақтары:
1). РО–6 аппаратының сипаттамасы?
2). Дем алу қалай жүргізіледі?
3). Дем шығару қалай жүргізіледі?
4). Аппаратпен жұмыс істеген кезде қандай қауіпсіздікті сақтау керек?