
1. Матадан жасалған аппликация
Матадан жасалған аппликация – тігісің әр түрлері. Аппликацияны тігудің маңыздылығы негізгі түстегі матаға түрлі маталардың бөлшектерін тігу болып табылады. Маталар аппликацияда не тігу, не жабыстыру арқылы бекітіледі. Матадан жасалған аппликация заттық, сюжеттік немесе сәндік:бір түсті, екі түсті немесе бірнеше түсті болуы мүмкін.
Матадан аппликация жасау белгілі дағдыларды қажетсінеді. Біріншіден, маталарды кесе білу қажет (матаны кесу қағазға қарағанда қиынырақ); екіншіден, матаның шеті сөгіліп кетіп, жұмысты қиындатуы мүмкін.
2. Шиден аппликация жасау
Ши Беларус, Молдавия, Украина ұсталарына зергерлік зат ретінде бұрыннан бері таныс. Олар одан түрлі заттар жасады: сумка, кілемшелер, ойыншықтар және т.б. Горьков, Киров аудандарында шимен түрлі заттарды сәндеді: шкатулка, рамка.
Шиден жасалған апликациялар ерекше сәнді, олар алтын төгіп тұрғандай көрінеді. Бұл шидің жылтырлық қасиеті мен қылшықтарының орналасуына байланысты. Бұл қылшықтар кейбір жағдайларда ғана ең нақты, анық түсін көрсетеді. Аппликация қайталанбас ойын жасайды:алтын секілді жалтырайды. Шиден жасалған аппликация заманауи мекемелердің сәнін келтіреді. Шиден жасалған мүсіндер – тамаша сыйлық. Бұл картина, шкатулка, рамкалар болуы мүмкін.
Мектеп дайындық топтарының өзі шимен аппликция жасауға тез үйренісіп кетеді. Жұмыс жасау үшін тікбұрышты заттарды таңдау керек: үй –квадрат, шатыр –үшбұрыш, үшбұрыштан тұратын шырша, жалауша, бас киім - дөңгелектің жартысы. Шимен аппликация жасауда шағын топтармен (3-4 баламен )жұмыс жасаған дұрыс.
3.Кептірілген өсімдіктерден жасалған аппликация
Осы күндері гүлден, шөптерден,жапырақтардан жасалған, флористка деп аталып жүрген аппликациялардың аты шығуда. Табиғи заттармен жұмыс жасау мектеп жасына дейінгі оқушыларға да толықтай қол жетімді. Табиғатпен қарым-қатынаста болу көңілді, қызықты, пайдалы. Ол шығармашылықты, ойлау қабілетін, қырағылықты,еңбексүйгіштік және шығармашылық талғамдылықты дамытады.
Табиғат бізге қайталанбас түрлі бояулар мен дайын формаларды береді. Табиғи заттармен жұмыс жасау балаларды табиғатты сүюге, оны аялауға тәрбиелейді. Табиғи затты жинау мен жұмысқа дайындау кеңістікте жүзеге асатындығымен де пайдалы.
4. Терек гүлінен жасалған аппликация
Әр көктем сайын газондарды «ақ қарға орап», терезесі ашық үйлерге ұшып, тұрғындардың мазасын кетіретін терек гүлі оларды таң қалдыра да алады екен. Кейде картинаның ешқандай бояу, желімнің көмегінсіз тек қана пухтан жасалғанына сену қиын. Терек гүлінен жасалған аппликация бір түсті болады. Олар нәзік, сәнді, үлпілдек.
Терек гүлінен жасалған аппликация қағаздан жасалған аппликация секілді сюжетті, заттық, сәндік болуы мүмкін. Заттық аппликацияның тақырыбы әр түрлі. Аппликацияға тақырып таңдаған кезде егер, бөлшектер аз және олар ұсақ болмаса жұмыс жасау оңайға соғатындығын есепке алу қажет. Жануарларды, құстарды, өсімдіктерді таңдағанда үлпілдектерін таңдау қажет: қоян, мысық, үйрек, балапан, ойыншықтар. Ақ –қара түсті аппликация жасау оңайырақ. Сюжетті аппликацияда қыс бейнесі, аквариумдағы балықтарды жасауға болады. Сәндік аппликациялар ерекше. Олар оюлар, өрнектер түрлі пішінде болуы мүмкін.
5. Коллаж (фр. Collage – жабыстыру, желімдеу) – өнер туындысының түрі және техникасының маңыздылығы қандай да бір негізге түсі де түрі де өзгеше заттарды (мата, арқан, тері, ағаш, фольга, металл және т.б.) жабыстыру немесе желімдеу арқылы жануарлар немесе графикалық туындыларды жасауда. Аппликациямен салыстырғанда коллаж туындыны жасауда көлемді заттарды толығымен немесе бөлшектерін қосуға мүмкіндік береді ( ыдыстар, сағаттар, тиын,аяқ киімдер, қолғап және т.б). Онымен қоса суретші әр түрлі шығармашылық техниканы біріктіре алады: аппликация мен коллажды біріктіре алады және т.б. осының бәрі қайталанбас шығармашылық бейне жасау, суретшінің ойының жүзеге асуы үшін жасалады.
Арнайы мектептерде қол еңбегі мен бейнелеу іс-әрекеті сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, аппликация сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Осы жұмыстардың әрқайсысы баланың қоршаған орта туралы ой-пікірлерін, оған деген қатынасын бейнелеуге мүмкіндік береді.
Аппликациялау барысында дамуында ауытқуы бар балалар түрлі заттардың, өздері қиған және жапсырған бөліктердің силуэттерімен, қарапайым пішіндерімен танысады. Силуэтті бейнелерді жасау ойлау мен қиялдың үлкен жұмысын талап етеді, өйткені силуэтте заттың негізгі белгісі болып табылатын бөлшектері болмайды.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.
Аппликациямен айналысу математикалық түсініктердің қалыптасуына септігін тигізеді. Арнайы (түзету) мектебінің оқушылары жай геометриялық формалардың атауы мен қасиеттерін танып біледі, заттар мен олардың бөлшектерінің кеңістікте орналасуы және мөлшері туралы түсінік алады (сол жағы, оң жағы, бұрышында, ортасында, үлкендеу, кішілеу). Бұл күрделі ұғымдарды балалар декоративті ою-өрнек жасау кезінде немесе затты бөлшектеп салу барысында оңай меңгереді.
Осы іс-әрекет арқылы балалардың түстерді, ритмді, симметрияны сезінуі дамиды және осының негізінде көркем талғамы тәрбиеленеді. Декоративті ою-өрнектің элементтерін орналастыру кезінде балалар ритм және симметрия ұғымдарын бекітеді. Дамуында ауытқуы бар балаларға түрлі-түсті қағаздарды ұсына отырып, оларда әдемі үйлесім таңдау біліктілігін қалыптастырамыз.
Аппликация бойынша сабақ өткізу арнайы (түзету) мектебінің оқушыларын жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, ал бұл болса өте маңызды, себебі осы өнер түрінде композицияны құрастыру үшін бөлшектерді жапсыру реттілігі үлкен мәнге ие: алдымен ірі формалар жапсырылады, кейін бөлшектері; сюжетті тақырыптағы жұмысты фон жасаудан бастайды, сосын екінші пландағы үстінен жартылай басылған заттар, ең ақырында бірінші пландағы заттар жапсырылады.
заттарды қиып, оларды салыстару арқылы мөлшері бойынша әртүрлі екенін көрсету;
негізгі заттарды, басты кейіпкерлерді анықтап, оларды әрекет орнымен, жағдайымен байланыстыру. Басты нәрсені мөлшермен, түспен, композициялық орналастырумен белгіленеді;
персонаждарға тән сипатын және олардың әрекеттерін жест, поза, бояу арқылы көрсету;
жазықтық бетіне заттарды орналастыру: биіктігін, кеңдігін белгілей отырып көлденен немесе тігінен бір сызық бойымен; екі планды композиция құрастыру; жоғары – төмен;
бейнелеу нысанына деген қатынасын, ауа райын көрсету үшін түстерді дұрыс таңдап, үйлесімді қолдану (алтын күз, теңіз жағасы).
Арнайы (түзету) мектептегі сыныптың оқушылары бұл міндеттерді әртүрлі орындайды. Олардың қиындығы білім, дағды деңгейімен байланысты, оған сюжетті-тақырыптық аппликация мазмұнының шығармашылық вариативтілігі тәуелді болады. Аппликация сюжеттері баланың даму деңгейіне тәуелді әртүрлі боп қабылданады, мысалы «Көктем» тақырыбын бейнелеу кезінде дамуында ауытқу бар балалар түсінігінің қалыптасуына байланысты мазмұнын анықтайды. Біреулер жаңадан шығып келе жатқан шөптің суретін салса, басқалары құстардың қайтып оралуын және ұя салуын бейнелейді.
Тақырыптық қағаз жиынтығы жыл мезгілінің колориттік өзгешілігін, құбылыстардың шынайлығы мен фантастикалығын, олардың өзара байланыс ерекшелігін анықтауға көмектесу керек. Ол үшін түрлі түсті қағаздың көп болуы әдемілікті асыратындығын, ала-ғұла боп көрінетінін және осының барлығы талғамның жетілмеуінің көрінісі болып табылатынын ұмытпау қажет.
Екі-үш түстің үйлесімін қолдана отырып тонды аппликация құрастыруға болады, мысалы «Қысқы кеш»» қоңырқай фон үстіне ақ қоянның силуэтін, айналасына ағаш бұтақтарын орналастыру. Осындай контрасты түстердің үйлесімі жарықты, ауаны сезінуге ықпал етеді және дамуында ауытқу бар балаларда жағымды эмоция тудырады.
Аппликация шығармашылығына баулу төменгі сыныптардан басталады. Бұл жас кезеңінде балалардың эмоциональді қалпы алып-ұшып тұратыны белгілі, сондықтан шығармашылық іс-әрекетпен айналысуға үйрету жағымды ықпал етеді.
Дәріс 15
Тақырыбы: Арнайы мектепке бейнелеу сабағын жетілдірудің дидактикалық жолдары.
Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін арнайы мектептегі кәсіби еңбекті оқыту коррекциялық бағытта жүргізіледі. Келесі міндеттерді жүзеге асыру кәсіби еңбекке даярлауды арықарай жетілдіруге септігін тигізеді:
-арнайы мектептегі еңбекке оқытудың материалді-техникалық базасын нығайту. Мектеп оқу шеберханаларын жабдықтау тәрбиеленушілердің ауытқу құрылымы мен тереңдігін ескере отырып жүргізілуі тиіс;
-ҚР спецификалық ерекшелігін ескере отырып еңбекке оқыту бағдарламасының мазмұнын жетілдіру;
-еңбек сабағының мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жұмыстарын жоспарлы, жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыру;
-дамуында ауытқуы бар балаларды кәсіби еңбекке даярлау бағытын таңдауын ғылыми негіздеу, арнайы мектеп түлектерін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арнайы зерттеу;
-оқушылардың өндірістік практиасын олардың болашақ жұмыс орындарында ұйымдастыру, ол үшін мектептің базалық мекемелерімен байланысын нығайту маңызды, өндірістік құрылымдарымен араласудың жаңа дәстүрден тыс формаларын іздестіру;
-оқуын жалғастырған арнайы мектеп түлектерін дифференциалді оқу-тәрбиелік ықпал етудің әдістемелік жабдығын жасау;
-мүмкіндігі шектеулі балаларды өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау ісінде жетекшілер тәжірибесін кең пайдалану, сол саладағы жұмыстың үздік дамыған формаларын іздестіру және практикаға ендіру;
-арнайы мектептегі психологиялық қызметін дамыту және жетілдіру.
Көрсетілген міндеттерді шешу мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектеп жағдайында кәсіби еңбекке оқытуды жетілдіруге бағытталған.
Көмекші мектептегі сурет сабағын жетілдіру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың контингенті күрт қиындауы, материал көлемінің артуы т.с.с. жағдайлардың болуы оқу үрдісін жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастыруды қажет етеді. Сурет сабағы арқұылы балалардың ауытқулары түзетіледі, жағымды қасиеттер қалыптасады, яғни қоғам өміріне дайындау барынша жүзеге асады десе болады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі көмекші ектептегі сурет сабағы ойдағыдай өтпейтіндігін көрсетті. Атап айтқанда, практикалық бөлім кезінде оқушылар өздерімен - өздері, бақылаусыз жұмыс істейтіндігі анқталды. Ең дұрысы, баланың іс-әрекетіне бағыт беру, сұрақ қою арқылы сөйлеу тілін дамыту, өз жұмысын жоспарлай білуге үйрету.
Сурет сабағын жетілдірудің тағы бір көзі – пән аралық байланыс. Егер математика, жазу немесе айналамен танысу сабағында алынған білім практика жүзінде сурет сабағында бекітіліп отырса, онда меңгерілген материал берік әрі нық есте қалады.