
Заттардың формасын қабылдауы және жеткізу ерекшеліктері.
Психологтардың зертеулері ақыл ойы кем оқушыларда сезімдік танымында ауытқулар бар екендігін анықтады. Ол қабылдау үрдісінің баяулығы, затты тану барысындағы анализ бен синтездің және олардың кеңістік қарым-қатынасын анықтаудағы әлсіздігі. Сонымен бірге, бейнені және нақты обьектілерді қабылдауында тарлығы, толықсыздығы және дифференциалділіктің, саналы қабылдаудың жеткіліксіздігі анықталды.
Ең алдымен айта кететін нәрсе- ақыл ойы кем оқушылар қалыпты құрбыларына қарағанда сурет салуды кеш меңгереді. Мысалы, көмекші мектеп оқушыларының ағаштың, үйдің салған суреттері толықтық деңгейі, графикалық құралдардың деңгейі жағынан мектеп жасына дейінгі баланың суретіне ұқсайды. Олардың суреттеріне тән ерекшелік- қарапайымдылық, схемалық, стереотиптік және статикалық.
Суреттердің қарапайымдылығы мынадан көрінеді: салынған суреттердің құрылымы мен формасы жеңілдетілген, маңызды бөлшектері қалдырылған. Көлемі мен жарық-көлеңкесі көрсетілмейді. Заттың графикалық бейнесін салудың бірде бір тәсілі – контурлық құрылым.
Суретте заттардың арақашықтығын бейнелеп көрсету.
Ақыл ойы кем оқушылардың көбінде кеңістік түсініктерінде және бағдарлауында күрт ауытқулар байқалады. Кеңістік түсініктеріндің және бағдарлаудың даму деңгейі баланың танымдық даму деңгейінің жалпы көрсеткіші болып табылады. Бұл заңдылық балаларды арнайы мектептерге іріктеу әдістері мен принциптеріне сәйкес диагностикалау мақсатында мамандар кең қолданады. Ақыл ойы кем балаға тән ауытқулар бейнелеу іс-әрекетінде де көрінісін табады. Кеңістікті қабылдау көру қабілетінің негізінде қалыптасады және дамиды. А.В.Бакушинский бейнелеудің композициялық шешімінің үш этапын анықтайды.
Бірінші этап кезінде парақ көлденен жазықтық ретінде қабылданады, онда салынған суреттер жеке, бір-бірімен байланыссыз салынады.
Екінші этап кезінде заттар бір жіңішк сызық бойымен орналастырылады. Бұндай суреттерде парақтың төменгі жағында сызық сызылады да, бейнелер пофильді түрде салынады (фриздік құрылым).
Үшінші этап кезінде парақ көлденен сызықпен екіге теңдей бөлінеді. Төменгі бөлігі көлденен жазықтық болып, ал жоғарғы бөлігі тігінен жазықтық болып қабылданады. Жердегі заттар парақтың төменгі бөлігінде салынады, ал әуедегі заттар жоғарғы бөлігінде салынады. Н.П.Сакулинаның пікірі бойынша қағаз парағын толтыру әдісі сурет мазмұнына тікелей байланысты. Өздерінің даму ерекшелігіне қарай оқушылар кеңістік жағдайын түсіне алмайды.
Арнайы мектеп оқушыларының суретіндегі түстер.
Баланың түстерді қабылдапу қабілеті үлкен практикалық мәнге ие. Сурет салу арқылы олар тұрмыста, оқу, еңбек, ойын іс-әрекеттерінде түстерді дұрыс қолдануға үйренеді. Балалар суретті карандашпен, бояулармен, мелккимен әсерлегенді ұнатады. Түске деген қатынасын қалыптастыру эстетикалдық тәрбиелеуге де үлесін қосады. 2 сыныптан бастап оқушылардың көбі негізгі түстерді анықтай алады: сары, қызыл, көк, жасыл. Бірақ, осы түстердің ашығын айтуға қиналады, олар негізгі атаулары арқылы түсіндіреді: ашық сары, ашық көк т.б. немесе затқа ұқсату арқылы :лимон түсті, кірпіш түсті т.б. Тұрақты түсі бар заттарды ақыл ойы кем оқушылар атай алмайды. Мысалы, күн сары; шырша жасыл т.с.с. Керісінше көздеріне іліккен, жақын жерде орналасқан нәрсені атайды: киім, оқу құралдары т.с.с. Арнайы зерттеулердің нәтижелері көмекші мектеп оқушылары кез-келген карандашпен сурет салатандығын анықтады. Сөйтіп, үш қоянның түстерін олар сарыға, қызылға және көкке бояған болатын. В.М.Бехтеревтің бақылауы бойынша балалар бір обьектінің бөліктерін екі түрлі түстерге бояған болатын (адамның бір қолы қызылға, ал екінші қолы- көкке). Е.И.Игнатьевтің мәліметтері бойынша мұндай құбылыс қалыпты балалардың үш жасында байқалады, ол бояу ойыны ретінде кездеседі. Н.П.Сакулина негізгі түс біртіндеп меңгеріледі дегенді атап көрсетеді. Сөйтіп, балалар 5-6 жасында ғана заттардың шынайы түстерін анықтай алады екен.
Дәріс 13
Аппликация – бейнелеудің өзіндік шынайлық негізі сақталынатын көркем жұмыстарды жасаудың ең қарапайым әрі қолжетімді түрі. Бұл аппликацияны тек безендіру мақсатында ғана емес (көрнекі құралдарды дайындау, ойыншықтарды, стенгазеттерді әшекейлеуге), сонымен бірге картиналарды, ою-өрнектерді жасауда кең қолдануға мүмкіндік береді. Аппликацияның негізгі белгісі силуэттілігі болып табылады, яғни бейненің жалпақ жалпыланған трактовкасы.
Аппликация бөлек бейнелерден (жапырақ, бұтақ, гүл, саңырауқұлақ, құс, үй т.б.) құрылған жекелік те болуы мүмкін; құбылыстар мен әрекеттердің жиынтығын бейнелейтін сюжетті болуы мүмкін (Космосқа ұшу, Мейрамды күн); түрлі заттарды әшекейлеуге арналған ою-өрнектерді қамтитын декоративті болуы да мүмкін.
Аппликация киімдерді, аяқ киімді, тұрмыстық заттарды әдемілеудің ежелгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Оның туындауы ежелгі уақытқа жатады және жануарлардың терісінен жасалған киімдердегі тігістердің пайда болуымен тікелей байланысты.
Түрлі халықтар аппликациялау үшін әртүрлі материалдарды пайдаланған: қағаз, мата, тері, өсімдіктер. Көптеген ғасырлар бойы бұл өнердің түрін тек Азия елдері ғана қолданбаған, сонымен қатар Европада: Италияда, Испанияда; Германияда, Францияда кең тараған.
Аппликация балаларға қатты ұнайды, себебебі ол – мультфильмге немесе құрастырғашқа ұқсайды. Бірінші кезекте балалар жіңішке қағаздан қияды немесе үлкендер қиып қойған пішінді алады. Егер балалар айшымен жұмысты өз өзіне сенімді ұстайтын болса, балаларды ары қарай аппликацияның басқада формаларымен таныстырамыз.
Жыртылған аппликация. Бұл фактураның ерекшеліктерін көрсетуге жақсы (мамықты балапан, ирек бұлттар). Қағазды жыртып, бейне жасаймыз. 5-7 жас аралығындағы балаларға аппликацияны жасау техникасын қиындатып беруімізге болады: тек қана қағазды жұлып қоймай, контурды суретті шымшумен ұстау арқылы жасау.
Қолданбалы аппликация. Көп түсті бейне алуға болады. Суретті кезпен орналастырып, әр бөлікті қабаттап үстіне желіммен орналастырамыз, әр қабаты бір бірінен кішкентай болу керек.
Модульді аппликация (мозаика). Картинаның бейнесі пішіні бірдей, түсі әр түрлі заттардан құралады – жыртылған қағаздар, кесіліп алынған дөңгелектер, үшбұрыштар және шаршылар.
Симметриялық аппликация. Симметрикалық аппликацияға бөлшектер дайындаймыз ол- шаршы немесе тік төртбұрышты керекті пішінде қиып алып теңдей етіп орналастырамыз, бүктеп екінші бөлігін қиып аламыз.
Ленталық аппликация. Бұл тәсіл бейнеден гирлянда алуға көмектеседі.
Силуэтті аппликация. Салынған немесе ойластырылған силуэтті кесу.
Квиллинг техникасы бойынша жасалған аппликация түрлі түсті қағаздың қайшының көмегімен оралған қағаздан жасалады. Ұзын лентадан негізгі бөлікті орау арқылы қайындаймыз, ал, қысқа лентадан әрлеу үшін түрлі ашық түсті гүлдер жасаймыз.
Аппликация (лат. Application – орналастыру, қосу) бейне алу жолы, сәндік-қол өнер туындысы.
Мектеп оқушылары қағаздан, матадан, құрғақ жапырақтардан көп қабатты сюжеттік аппликациялар жасай алады. Сюжетті аппликацияда аппликацияның суретінен басқа аппликацияның негізгі фонының орналасуы (жер, теңіз, аспан) маңызды және қатал таңдалады. Содан кейін арт жағындағы негіз желімделсе, ортаңғы және алдыңғы негіздер желімдер елімделе бастайды. Төртінші сынып оқушыларына қаламмен суреттің эскизін салдырса болады.
Аппликацияның түрлі түрлерімен және түрлі заттардан жасалатын аппликацияны балаларға жүйелі түрде оқыту балалардың өз бетінше мынадай қасиеттерін дамытады: ол аппликацияның неден жасалатынын таңдай алады (зат, сюет, декоративті узор), материялды (бір немес бірнеше), ойлап табылғанды дұрыс, айқын етіп көрсететін техниканы таңдай алады.
Аппликацияға арналған құрал –жабдықтар.