Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.97 Кб
Скачать

1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны

Еңбекке баулу арнайы мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу ісінде негізгі, маңызды роль атқарады. Осы пәннің негізгі мақсаты : оқушыларды еңбек етуге қажетті біліммен қаруландыру,белгілі іске икемін қалыптастыру,еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын тәрбиелеу, еңбек мәдениетіне үйрету. Сонымен қатар, еңбекке оқыту бағдарламасы оқушылардың білімін, еңбек тәжірибесін кеңейтуді, еңбек етуге деген көз қарасын қалыптастыруды көздеп отыр.

Арнайы мектептегі еңбек сабағының бағдарламасы оқушыларға жаңа мәлімет беріп қоймай, өткен материалды қайталауды, еңбек ету дағдыларын бекітуді де қарастырады. Аталған пәннің алдына мынадай міндеттер қойылған: оқушыларда тыңдау, үлгіні қайталап талдау біліктілігін қалыптастыру , мұғалімнің айтуы бойынша бұйым жасауға , оның сапасын анықтауға үйрету.

Арнайы мектептегі еңбек сабағына қойылатын талаптар:

- әр сабақ нақты жоспар бойынша өтілуі тиіс;

- сабақтың негізгі уақыты практикалық жұмысқа бөлінуі тиіс;

- сабақ жақсы үлгілермен, көрнекілікпен қамтамасыз етілу керек, ал құрал - саймандар жөнделген, жұмыс материалы сапалы болған жөн;

- сабаққа қоңырауға дейін дайындалу қажет;

- оқу процессін ұйымдастырған кезде оқушылардың типологиялық, жеке ерекшелігін жұмыс істеу деңгейін ескеру қажет ;

- берілген тапсырмалар жеңілден қиынға қарай күрделенуі керек.

Көмекші мектептің бастауыш сыныптарында жүргізілетін қол еңбегі кәсіптік еңбекке дайындаудың 1-ші этапы болып табылады. Осы этап кезінде оқушыларды келесі этап – мектеп шеберханасындағы қол еңбекке дайындау қажет. Бұл болса оқушыларға тек еңбек әрекетінің кейбір әдістерін үйретіп қана қоймай, еңбекке деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін дамыту керек деген сөз.

Қол еңбек сабағы кезінде мұғалім оқушылардың қабілетін анықтап, кәсіптік еңбекке бағыт беру керек. Еңбек бағдарламасы оқушыларға қарапайым теориялық білім беруден бастап, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, қоршаған орта мен еңбек іс -әрекеті туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әсіресе, пән аралық байланыстың маңызы зор. Дәл осы бастауыш сыныптарда оқушыларды басқа сабақтардан алған білімін еңбек сабағында қолданып үйрету қажет.

Арнайы мектеп оқушыларының талғамын қалыптастыруда еңбек сабағының мүмкіндіктері мол. Ол үшін оларға бұйымның әдемілігін түсініп сезінуге көмектесу керек. Оқушылардың зейіннін жасап жатқан бұйымның материалына, пішініне, орындау әдісіне аударған дұрыс. Сонымен қатар, еңбек сабағында балалардың еңбек қимылдарын дамытатын жұмыс тәсілдерін орындату керек. Ол үшін мұғалім сабақты ұйымдастырар алдында қандай жаттығулар жасайтынын ойластырып алған жөн. Мұғалім жұмыс тәсілдерінің дұрыс орындалуына, құралдарды ыңғайлы етіп ұстауына ерекше көңіл бөлу керек (кейін қайта үйретіп жатпас үшін).Оқушылардың жұмыс барысында қимылдарының дәлдігін, икемділігін қалыптастырған дұрыс, ал жүктелетін ауыртпалық біртіндеп ұлғайуы тиіс.

Арнайы мектептегі сурет сабағының бағдарламасы оқушыларға жаңа мәлімет беріп қоймай, өткен материалды қайталауды, бейнелеу дағдыларын бекітуді де қарастырады. Аталған пәннің алдына мынадай міндеттер қойылған: оқушыларда тыңдау, үлгіні қайталап талдау біліктілігін қалыптастыру , мұғалімнің айтуы бойынша сурет салуға, оның сапасын анықтауға үйрету.

Арнайы мектептегі сурет сабағына қойылатын талаптар:

- әр сабақ нақты жоспар бойынша өтілуі тиіс;

- сабақтың негізгі уақыты практикалық жұмысқа бөлінуі тиіс;

- сабақ жақсы үлгілермен, көрнекілікпен қамтамасыз етілу керек, ал құрал – саймандар жөнделген, жұмыс материалы сапалы болған жөн;

- сабаққа қоңырауға дейін дайындалу қажет;

- оқу процессін ұйымдастырған кезде оқушылардың типологиялық, жеке ерекшелігін , жұмыс істеу деңгейін ескеру қажет ;

- берілген тапсырмалар жеңілден қиынға қарай күрделенуі керек.

Көмекші мектептің бастауыш сыныптарында жүргізілетін сурет сабағы сызу сабағына дайындаудың 1-ші этапы болып табылады. Бұл болса оқушыларға тек бейнелеу әрекетінің кейбір әдістерін үйретіп қана қоймай, өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін дамыту керек деген сөз.

Сурет сабағы кезінде мұғалім оқушылардың қабілетін анықтап, болашаққа бағыт беру керек. Бейнелеу өнері бағдарламасы оқушыларға қарапайым теориялық білім беруден бастап, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, қоршаған орта мен еңбек іс -әрекеті туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әсіресе, пән аралық байланыстың маңызы зор. Дәл осы бастауыш сыныптарда оқушыларды басқа сабақтардан алған білімін сурет сабағында да қолданып үйрету қажет.

Дәріс 2

Тақырыбы: Түзете-дамыта оқыту жүйесіндегі бейнелеу және қол еңбек іс-әрекеттерінің ролі.

Арнайы мектеп оқушыларын оқыту жүйесіндегі бейнелеу іс-әрекетінің маңызы. Бейнелеу өнері басқа приводәндер сияқты оқушыларды тәрбиелеу, дамыту үшін үлкен роль атқарады. Бұл сабақтардың практикалық жұмыс түрінде өтуі оқушылардың мүмкіншілігімен арттыруға, психикалық поцесстерін түзетуге көп жағдай жасайды. Сабақты мұғалім ұйысмдастырған кезед, оқушыларды жан-жақты дамытатындай етіп өткізуге жоспарлау керек.

Е.И. Игнатьев 1950ж. баланың сурет салу іс-әрекетінің дамуын зерттейтін әдіс ұсынған болатын. Бұл әдіс баланың сурет салудағы әрекетін рет-ретімен белгілеуге және оның нәтижесін белгілеуге мүмкіндік береді.

Бұл әдіс сурет салу процесін бірнеше этапқа бөліп қарайды. Балаға сурет салу үшін бірнеше парақ беріледі. Бірінші парақтың астына көшірме қағаз қойылады. 2-3 мин. өткеннен кейін екінші парақ алынады, сосын үшінші парақ алынады. Сөйтіп, сурет салудың реттілігі анықталады.

«Даминик» әдісі сурет салу дағдысын, әрекетін жас ерекшелігіне байланысты қарастырады. Бірдей жастағы балаларға үнемі, көп қайталай сурет салғызып, оның ішінде барлығына тән бағытты анықтау.

Жалпы алғаш рет сурет салу 2жастағы баланың ретсіз шрихтаудан басталады. Бұл әрекет қалыпты дамудағы баланың үлкендерге електегені болып табылады.

Л.С. Выготский «Воображение и творчество в детском возрате» деген еңбегінде (1930) баланың сурет салу дамуын 4 кезеңге бөледі.

1 кезең –қарапайым, толық емес, схема түрінде салынған суреттер. Бұл суреттерді бала ес арқылы салады, яғни обьект туралы біленін бейнелейді. Сондықтан да суретте обьект өзгертіліп салынады (орналасуы, көлемі).

2 кезең схемалық суреттерден шынайы суреттерге ауысуымен сипатталады. Бұл жерде обьектінің пропорциясы, маңызды бөлшектері дұрыс бейнелейді.

3 кезең –контурлы суретермен сипатталады. Обьектілер шынайы түрінде бейнелейді. Көп адамдар осы кезеңмен ғана шектеліп қояды.

4 кезең –сурет салушы жарық пен көлеңкені перспективаларды пайдаланады, қозғалысты бейнелейді.

Дәріс 3

Тақырыбы: Бейнелеу және қол еңбек іс-әрекеті арқылы оқушыны жан-жақты дамыту.

Арнайы мектеп оқушыларын тәрбиелеу оқытумен тығыз байланысты. Еңбек сабағында оқушыларды тәрбиелеудің міндеттері:

- оқушыда еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу;

- бала бойында жағымды қасиеттер қалыптастыру (талап, шығармашылық , ұқыптылық , жауапкершілік т.с.с.).

Еңбек сабағында оқушыларды тәрбиелеу үшін мынандай әдістер қолданылады:

1. Оқушылардың санасын қалыптастыру. Бұл тақырып бойынше әңгімелеу, сұхбаттасу, өздігінен кітап оқу сияқты жұмыстары арқылы жүзеге асады.Мысалы: мұғалім таңдап дайындалған тақырып бойынша әңгімелесу немесе тақырып

негізі 1 оқушының тәртібі болуы мүмкін.

2. Оқушыда қоғамдық қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру. Бұл мақтау, әшкерелеу, жаттығу, мысалдар келтіру жұмыстары арқылы жүзеге асады. Мысалы:

3. Мұғалім 1 оқушының жағымды іс-әрекетін мысал ретінде айтады, балалар соған еліктеуге тырысады.

Арнайы мектепте еңбекке баулудың мақсаты оқушыларға тек тиісті білім беріп, іскерлік пен дағды қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге ұжым ішінде ортақ мүддеде еңбек етуге әзірлеу. Ұжымшілдік, жауапкершілік сезімдері жолдастық қарым-қатынас кезінде және өзара көмекке негізделген еңбек процессінде қалыптасады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға жеке жұмыстарды бірлесе отырып атқаруға, бір-біріне көмектесуге, ақыл-кеңес алмасуға тура келеді. Мұғалім осы мүмкіншіліктерді тәрбиелеу мақсатында кең пайдалану керек. Сабақ соңында дайын бұйымдарды бағалау кезінде, қорытынды шығару кезінде оқушылардың игі әрекеттері мен қылықтарын атап өтіп мақтаған жөн. Тәрбие нәтижесіне тек сабақтың мазмұны ғана емес, жұмысты ұйымдастыру , бағалау да әсер ететінін естен шығармау қажет. Еңбек дағдыларын қалыптастыру барысында оқушыларды асықтырмаған дұрыс, өйткені жұмыс істеу тәсілдері теріс орнығып қалса , кейін оны түзету әлдеқайда қиын болады.

Өзін-өзі сын көзбен бағалауды үйрету. Мұғалім жасалған бұйымды тексеру кезінде оның сапасын оқушының өзіне бағалап көруін ұсыну мүмкін. Оқушы өз еңбегіне сырттай қарап оның кемшіліктерін танып біледі. Бұндай әдістің үлкен тәрбиелік мәні

бар. Заттардың жасалу сапасын анықтау жүйелі түрде беріліп отырса, онда балаларда өзін-өзі сын көзбен бағалау сезімі қалыптасады.

Саналы тәртіпке тәрбиелеу. Оқушыларды саналы түрде еңбек етіп үйрету үшін жұмыстарына жоғары талап қойған жөн. Олардың тәртібінде, өзара қарым-қатынасындағы белгілі бір ауытқуларды түзету керек; кейбір жағдайларда өздерін ұстау мәнерін жақсы мысалдар келтіріп түсіндіру керек. Мұғалімнің жүйелі де табанды талаптарын орындау нәтижесінде оқушылар бірте-бірте шеберханада ұстанатын ережелерді меңгеріп, жұмыс тәсілдерін дәл орындауға дағдыланады. Олар жұмысты белгілі ырғақта істеуге, жұмыс орнын таза ұстауға, құрал-саймандарды күтуге үйренеді. Сөйтіп,оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу арқылы өздігінен еңбек етуге дайындаймыз.

Қоғамдық және жеке меншік мүлікке ұқыпты болуға тәрбиелеу. Еңбекке деген көз қарасты оқушыларда қоғамдық және жеке меншік мүлікке ұқыпты болуға, еңбек адамына құрметпен қарауға тәрбиелеумен тығыз байланысты. Ол үшін балаларды өндірістік еңбекке, шеберхана мен кабинетті жабдықтау жұмыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу ісіне тарту – ең ықпалды тәсілдердің бірі.Сонымен қатар оқушылардың бойына материалды үнемдеуге, саймандарды, киімдерін күте білуге сияқты саналы тәртіппен жоғары еңбек мәдениетін сіңіру қажет.

Эстетикалық тәрбие. Еңбек етудің эстетикалық мазмұны материалдық игіліктерді өндіруімен тығыз байланысты және ол тікелей еңбек процессінің өзінен, оның нәтижесінен көрініс береді. Мұғалім жақсы жасалған бұйымның әсемділігін, тазалығын, формаларының сұлулығын үнемі көрсетіп айту керек. Еңбек кабинетінің, шеберхананың іші оқушыларда эстетикалық сезім туғызуы тиіс.

Сурет салу, мүсіндеу және аппликациялау-негізгі бейнелеу іс-әрекетінің түрлері. Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері. Бейнелеу іс-әрекеті арнаулы мектеп оқушылары үшін ең қызықты, ең пайдалы нәрселердің бірі: ол баланы терең толғанысқа түсіреді, жағымды сезім туғызады; жан-жақты дамытуға әсер етеді.

Ақыл-ойды дамыту. Бейнелеу іс-әрекеті бұл болмысты өзіне тән бір бейнеде тану. Барлық танымдық іс-әрекет сияқты, ол оқушыладың ақыл-ойына әсер береді.

Көзбен көріп қабылдауды, бақылауды мақсатты түрде дамытусыз бейнелей білу мүмкін емес. Қандайда да бір заттың суретін салу; мүсінін жасау үшін алдын-ала онымен жақсы танысу, оның формасын, көлемін, конструкциясыын, түсін, бөліктернің орналасуын есте сақтау керек.

Оқушылар сурет салғанда бұрын қабылдағандарын, өздеріне таныс жайыттарды қайта жаңғыртады. Олардың көпшілігі суреттерді және басқа да жұмыстарды түсініктері бойынша жасайды.

Мұндай түсініктердің болуы қиял жұмысына азық болады. Бұл түсініктер бейнелеу обьектілерін ойын үстінде, серуендерде, арнайы ұйымдастырылған бақылауларда және т.б. тікелей танып білу процесінде пайда болады. Оқушылардың көп нәрселер туралы заттардың қасиеттері мен сапасы туралы түсініктері практикалық іс -әрекет арқылы нақтылана түседі. Бұған көру, сезіну, қол қимылын қатыстырған жөн.

Оқушылардың ақыл-ойының дамуынна қоршаған дүниедегі заттардың әр түрлі формалары және кеңістіктегі жайы, әр түрлі көлемдері білімдерін ұлғайтып, түзетеді.

Сурет салумен, мүсіндеумен айналыса отырып, оқушылар түрлі материалдарды біледі, қасиеттерімен әсерлеу мүмкіншілігімен танысады, олармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады. Оқушылар сондай-ақ адамдардың іс-әрекеттеріндегі кейбір құралдармен (қарындаш, қылқалам, қайшы) жұмыс істеу тәжірибесін үйренеді. Ал осы әрекеттерді меңгеру оқушылардың ақыл-ойының дамуына, түзелуіне септігін тигізеді.

Арнаулы мектеп оқушыларныа бейнелеу іс-әрекетін үйрету, талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау сияқты ойды қажет ететін операцияларды қалыптастырмайынша мүмкін емес. Бақылау процесі кезінде оқушылар заттардың пішінін, көлемін, заттағы бөлшектерінің орналасуын, түр-түсін ажыратуға үйретеді. Пішіні жағынан әр түрлі затарды бейнелеу оларды талап етеді. Пішіні жағынан заттардың ұқсастығы негізінде суреттегі мүсіндеудегі бейнелеу әдістернің ортақтығы пайда болады. Мысалы, алманы, жемісті жаңғақты жасау үшін дөңгелек салу дағдысын пайдаланады.

Бейнелеу сабағында оқушылар талдау нәтижесінде неғұрлым жалпылама және олардың рецктернің, кеңітік белгілерінің аттарын үйрену сөздік қорының баюына септігін тигізеді;

Иллюстрацияларды, суретшілердің картиналарынан репродукцияларды көру кезінде өз пікірін айтуы сөз байланысының қалыптасуына жағымды ықпал етеді; суреттерді талдау кезінде бейнелі салыстыруларды, өлеңдерді, көркем сөздерді пайдалану оқушылардың мәнерлі, әдеби тілмен сөйлеуге жәрдемдеседі.

Сенсорлық дамыту. Заттармен және құбылыстармен, олардың қасиеттерімен және сапаларымен тікелей сезім арқылы танысу сенсорлық дамыту болып табылады. Бейнелеу іс-әрекетін ойдағыдай меңгеру сенсорлық дамытуды жүзеге асыруды талап етеді. Оқушылар заттардың қасиеттерін, сапаларын,формасын, түсін, кеңестіктегі жайын анықтайды және атайды, заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Сонымен бейнелеу іс-әрекеті сенсорлық дамуына әсер етеді.

Эстетикалық сезімдерін дамыту. Қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды бақылау кезінде мектеп оқушы толқу тез пайда болады, оның ішіндегі әлі жерге сезінбеген эстетикалық сезім де болады. Оқушыларды ашық түсті, заттардың жарқыраған жылтыр бетін қабылдау толқытады, бөліктердің орналасу симметриясы, заттаң конструкциялық сымбаттылығы, силуэтінің айқындылығы тартады. Олардың түсінігі мен қабылдауын дамыту арқылы, эстетикалық сезімін неғұрлым тереңдей түсіп, саналы қылу.

Ең алдымен заттың ырғақтық бітімі, оның әдемі орналасуы қабылданған жағдайда пайда болады. Оқушыларда эстетикалық сезімдерді дамыту оларды затқа және оны әртүрлі анықтамамен белгілеуге болатын: орасаң зор, нақышты жеңіл, қуанышты, мерекелік жанды жанды және басқа жеке қасиеттеріне эстетикалық баға беруге үйретеді.

Көркем шығармашыллығын дамыту. Суреттер арқылы оқушылар айналасындағы заттар, құлыстар туралы өздерінің көзқарасын білдіреді. Оқушыларды көркем өнерге баулу заттар мен құбылыстарды жай ғана көшіру емес, оларды көркем іс-әрекетке, әсерлі бейнелеуге үйретуге бағытталуы тиіс.

Оқушылардың эстетикалық қабылдау дамығанда және олар бейнелеуге қажетті дағдылар мен шеберлікті меңгерген кезде ғана бейнелеу іс -әрекеті шығармашылық сипатқа ие болады. Сурет салу барысында оқушы есінде сақтағанын тек көшіріп қана қоймай, осы затқа деген толғанысын, қатынасын көрсете білу керек.

Жеке тұлға қасиеттерін дамыту. Сурет салу прцесінде арнаулы мектеп оқушыларын бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, көңіл аудара және мақсаттылықпен айналысуға, досына көмектесуге, қиыншылықтарды жеңе білуге үйреткен дұрыс. Ұжымдық жұмыс кезінде бірігіп, келісіп шешім қабылдауға, ортақ істің нәтижесіне ұмтылуға тәрбиелеу қажет; сыныптас оқушының еңбегіне әділ және тілектес көңілмен баға беріп үйрету керек.

Дәріс 4

Тақырыбы: Сурет және қол еңбегі сабақтарында оқушыларды тәрбиелеу, жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Көмекші мектеп оқушылардың едәуір потенциалді мүмкіндіктері бар, олар сурет сабағында үздік қолдана алады. Бірақ, бұл мәселені шешу үшін түзету-тәрбиелеу принципін жүзеге асыру қажет. Ол үшін мына жолды ұстанған дұрыс:

1. Мектептің міндетіне сәйкес, балалардың бейнелеу іс-әрекетінің ерекшелігіне сәйкес білім беру, түзету-дамыту міндеттерінкешенді түрде жоспарлау және нақтылау.

2. Оқыту мазмұнында басты, жетекші буынды анықтау, әр сабақтың мазмұнын оқушылардың танымдық, эмоцианалді және қимыл-қозғалыс аясын жетілдіру міндетіне бағындыру.

3. Сабақтың оптималді түрін таңдау, ол арқылы оқу үрдісінің динамикалығы және түзету-дамыту міндетін шешуді қамтамасыз ету.

4. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшелігін ескеретін оқытудың және тәрбиелеудің рационалді әдістері мен құралдарын қолдану.

5.Оқыту мен тәрбиелеу үшін гигиеналық, эстетикалық моралді-психологиялық жағдай жасау.

Дәріс 5

Тақырыбы:

Дәріс 6

Тақырыбы: Сурет салу және қол еңбегі процесіндегі оқушының іс-әрекетінің сипаттамасы.

Педагогикалық процесс коррекциялық бағытта болу үшін сурет салып үйрету кезінде көмекші мектеп оқушыларының іс-әрекетінің ерекшелігін ескеру керек.

Оқушы сурет салудың әртүрлі этаптарында орындайтын ойлау әрекеттеріне мыналар жатады:

бейнелеу міндеттері мен жұмыстың соңғы нәтижесін ойластыру;

әртүрлі инструкцияларды түсіну; көру арқылы қабылданатын обьектінің (натураның немесе үлгінің) ерекшелігін шамамен ой елегінен өткізу; бейнелеу іс-әрекетін жоспрлау; өз жұмысына бақылау жасау; бейнелеу іс-әрекетін және оның нәтижесін бағалау.

Көмекші мектеп оқушыларының жалпы дамуы ауытқу негізінде болғандықтан, сурет салу кезіндегі ойлау операциялары да өзгеше өтеді. Дәл осы жағдай коррекциялық-тәрбиелік жұмысында ескерілуі керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар алдына қойылған бейнелеу міндеттерін өздігінен толық ойластыра алмайды. Тек мұғалімнің көмегімен инструкцияға сәйкес суреттің бастапқы кезеңін орындайды.

Арнайы мектеп оқушылры аналитикалық синтетикалық іс-әрекетінің әлсіздігіне байланысты обьектінің құрылысын түсіне алмайды және бейнені құрастыру ретін меңгере алмайды. Сондықтан сурет талапқа сай болмай шығады.

Сурет салу сабағында балаларға әртүрлі инструкциялар беріледі: аузша түсіндіру, нұсқаулар, рекомендациялар; дайын суреттерді, схемаларды демонстрациялау т.б. осы инструкциялардың қайсы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға оңай.

Егер, ауызша инструкция жалпы формада айтылған болса, онда оқушылар оны басшылыққа ала алмайтыны анықталды. Бұл жағдайда балалар мұғалімнің талаптарына құлақ асады да оған қайшы әрекет жасайды. Мұғалім сурет салудың барлық этаптарын көрсетіп кеңінен түсіндірген кезде ғана оқушылыр неғұрлым дұрыс бейне жасайды.

Жүргізілген бақылаулар көмекші мектеп оқушыларының натураға талдау жасау мүмкіндіктері шектеулі екенін көрсетті.

Дәріс 7 Тақырыбы: Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың принциптері, әдістері, мазмұны

Оқыту қағидалары дегеніміз мұғалім оқу процессін ұйымдастырған кезде ұстанатын оқыту теориясының негізгі тұжырымдамасы. Дидактикалық қағидалар өз ара тығыз байланысты- бір қағиданы жүзеге асыру үшін келесі қағидаға жүгіну қажет.

Оқытудың ғылымилық қағидасы. Мектепте оқушыларға берілетін білім мен біліктілік қазіргі кездегі ғылым мен практиканың жетістіктеріне сай болу керек. Арнайы мектеп оқушылары қарапайым білім меңгереді, бірақ соның өзі озық болуы тиіс. Мысалы, өндіріс мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалар жұмыстың жеңіл түрін атқарсада, технологияның жаңа түрлерін кездестіреді. Егер де оқу процессі кезінде бұл қағида ұстанбаса, онда оқушыларда қоршаған орта туралы қате түсініктер қалыптасады.

Оқытудың жүйелік қағидасы. Жүйелік қағидасы мұғалімнен оқу процессін рет-ретімен, өз-ара логикалық байланыста өткізгенін талап етеді. Бұл қағида бұрын өтілген материал келесі өтілетін материалға негіз болуын қарастырады. Сонымен бірге арнайы мектеп оқушыларын жұмысты жүйелі түрде орындауды үйрету қажет,өйткені олар теориялық білімін практика жүзінде қолдана алмайды. Көмекші мектепте еңбек пәнінің оқу материалы

концентрлік түрде орналасқан, яғни кіші сыныптарда оқытылатын тақырыптар жоғары сыныптарда кеңейтіліп толықтырылады.

Жеке ерекшеліктерді ескеру қағидасы. Әр баланың өзіндік психо-физиологиялық ерекшеліктері бар. Олар мінезіне, темпераментіне, денсаулығына байланысты оқуға да әр қалай болып келеді: біріншілері теорияны тез ұқса, екіншілері практикаға жақын. Сондықтан, еңбек сабағында әр оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру қажет: үлгерімі төмен оқушыға оңай тапсырма беріп, ал үздік оқушыға-қиындау.

Оқытудың көрнекілік қағидасы. Арнайы мектеп оқушылары ақыл-ойының нақтылығынан теорияны тек көру, сезіну арқылы ғана ұғады. Сондықтан, оқыту барысында көрнекілік, дидактикалық материал пайдаланған жөн.Еңбек сабағында әр түрлі көрнекіліктер қолданылады: шынайы обьектілер(құрал-жабдық, станок, материал); үлгілер(макет, модель); бейнелер(сурет, чертеж,схема).

Көрнекіліктерді көп, жиі қолдана беруге де болмайды, себебі оқушылардың көңілі тек соған ауып отырады, өздігінен ойлануға тырыспайды,жұмыс қабілеті төмендей бастайды.

Оқытудың коррекциялық бағыты. Арнайы мектеп оқушыларының психикалық процесстерінің даму деңгейі әр қилы. Мысалы, ақыл-ойы кем баланың және сау баланың

абстракті ойлау қабілеттері жер мен көктей. Ал нақты ойлау қабілеттерінің айырмашылығы аз ғана. Сонымен бірге, рухани сұранысы жағынан едәуір айырмашылық бар, ал жауапкершілік пен еңбекке құлшынысы бірдей десек те болады. Бұдан мүмкіндігі шектеулі баланың жеткілікті деңгейде дамыған жақтары да барын көреміз. Осындай қабілеттерін ескере отырып түзету жұмысын екі бағытта жүргізуге болады: 1-оқыту кезінде баланың дамыған жағына сүйену; 2-баланың кемістіктерін түзету.

Оқытудың белсенділік пен саналық қағидасы. Білімді оқушы саналы түрде меңгеру керек, ол үшін жоғары танымдық белсенділік қажет.

Интеллектісі төмен балаларды еңбекке оқытудың мазмұны келесі талаптарға сәйкес болу керек: а) қол еңбекке даярлаудың әлеуметтік мәнін қамтамасыз ету, оқушыларда жағымды тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу; б) теориялық пен практикалық білімді, оған енетін біліктілік пен дағдыны және практикалық әркетті қамтамасыз ететін ойлау операцияларының жетілуін ескере отырып іріктеуді қарастыратын еңбекті оқытудың коррекциялық бағыттылығы; в) кең бағыттағы және тікелей мамандандыру бойынша дайындықтың негізін қалайтын бағдарлама талаптарының дифференциалді болуы, бұл балалардың психофизиологиялық дамуының шынайы деңгейіне сәйкесінше өздеріне лайықты жұмыс операцияларын меңгеруін білдіреді.

Дәріс 8

Тақырыбы: Арнайы мектептегі сурет және қол еңбегі сабағына талдау жасау

Оқушыларды бейнелеу өнеріне оқыту үрдісінде түзету-тәрбиелеу жұмысының сапасын көтерудің бағалы құралы болып сурет сабағы табылады. Сабақ келесі дидактикалық талаптарға сай болу керек:

1.білім беру, түзету және тәрбилеу міндеттерінің тұтастығы

2.оқу материалын дұрыс таңдау (натура, үлгі,тақырып)

3.жеке, топтық және фронталді жұмыстарының үйлесімі

4.сабақ құрылымының ұйымдастырушылық нақтылығы

Көмекші мектепте сабақты өткізу барысында келесі жағдайлар ескерілуі керек:

-оқытудың баяу темпі

-оқытылатын материалдардың құрылымын жеңілдету

-меңгерілетін материалдың көп қайтара қайталануы

-баланың сезімдік тәжірибесіне көбірек сүйену

-оқушыларды заттық-практикалық іс-әрекетке оптималді еңгізу

- оқушылардың дамыған жағымды қасиеттеріне сүйену және олардың интеллектуалді аясындағы жетіспеушілігін түзету

Сурет сабағын талдаудың жоспары:

Сабақтың материалы (тақырыптың оқу бағдарламасына сәйкестігі, жұмыс түрлері, оқу материалының мазмұнын түзетушілік-тәрбиелік тұрғыдан бағалау, оқушылардың қызығушылығы).

Сабақтың жабдығы (жабдықтардың дайындығы,сабаққа сәйкес таңдалуы, дұрыс және орынды қолдануы, жеткілікті етіп көрсетілуі, жалпы бағасы).

Сабақтың құрылымы (барлық кезеңдерінің өту сапасы)

Мұғалімнің сабаққа дайындығы (материалды білуі, жаңа технологияларды пайдалануы, жұмыс істеу қабілеті, оқушылармен тіл табысуы, жүріс – тұрысы)

Дәріс 9

Тақырыбы: Мұғалім – дефектологтың сабаққа дайындалуы, ұйымдастыру. Арнайы мектепте оқушыларды еңбекке баулу ісінде үлкен орын алатын еңбек кабинеті мен шеберханасының жабдықталуына пән мұғалімі және мектеп әкімшілігі аса назар аудару керек.

Көмекші мектеп оқушыларында еңбек етуге қызығушылығын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын еңбек кабинетінде сабаққа қажетті жұмыс материалдары мен құрал-жабдықтар, парталар арнайы дайындықты талап етеді. Мұғалім ұжымдық жұмыс істеу үшін оқу үстелдерін әр түрлі ұйымдастырады. Мысалы: 4-6 оқушыдан топтастыру мақсатымен парталарды өзара біріктіріп, балаларды айландыра отырғызады. Парталарды қозғау кезінде терезедегі жарықтың қай жаққа түсіп тұрғанын ескерген жөн.

Еңбек кабинетін жабдықтау әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты. Оның түрлі варианттарын жергілікті жердің жағдайына, мүмкіншілігіне қарай ойластырады. Мектеп шеберханасындағы станоктар оқушылардың санына сай, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қойылады.Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-саймандар жеткілікті етіп сатып алынады. Жабдықталған кабинетте міндетті түрде эпиадаскоп, диапроектор, кинопроектор аппараттары болуы тиіс.

Арнайы мектепте еңбек кабинеті мен шеберханасында оқу құралдарын, дайын бұйымдарды сақтауға арналған секциялық шкафтар қойылады. Осындай шкафтар керекті заттарды сақтап қана қоймай, сонымен бірге еңбек әрекетін ұйымдастыруға, оқушыларды тәртіпке, ұқыптылыққа үйретуге септігін тигізеді.

Еңбек кабинеті мен шеберхананы жабдықтауда үлкен орын алатын іс- қабырғаларға ілінетін стендтер. Бұл стендтерге еңбекке баулу тақырыптарының мазмұны жазылады, жұмысқа қажетті құралдар мен материалдардың суреттері салынады. Еңбек кабинеті мен шеберханада міндетті түрде көрінетін жерде (тақтаның жанында) «Қауіпсіздік ережесі» деген стенд орын алуы тиіс.

Жұмыс кезінде еңбек кабинеті мен шеберханада негізгі гигиеналық талаптар орындалу керек: кабинеттің, шеберхананың ішіне жарық мол түсіп тұру қажет; ауа температурасы 18-20 градус болуы тиіс; әр сабақтан кейін желдетіліп тұру қажет; жиһаздар (парта, шкаф, станок) оқушылардың бойына сай, қозғалуына ыңғайлы орналасу керек; қол жуатын жер де болған дұрыс.

Еңбек кабинеті мен шеберханаға оқушылар қоңыраумен бірге қатарға тұрып кіреді, ал кезекші оқушылар үзіліс кезінде кіріп сабаққа қажетті заттарды дайындап қойады. Бұл оқушыларды еңбек тәртібіне, ұйымшылдыққа үйретеді, мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді.

Арнайы мектептегі еңбек кабинеті мен шеберхананың жабдықталуы оқушыларда кәсіптік дағдыларды қалыптастыруда, еңбек туралы білімдерін кеңейтуде, таңдаған мамандыққа деген

қызығушылығын арттыруда ерекше әсерін тигізеді.Сондықтан оның жабдықталып безендіруіне пән мұғалімі үлкен жауапкершілікпен қарау керек.

Бейнелеу іс-әрекеті және ол жөніндегі сабақтар материалдарды, жабдықтарды жақсылап ойластырып дайындауды талап етеді, оқушылардың жұмысты ойдағыдай орындауы көбіне осыған байланысты.

Материалдарды дайындау.

Материал мен жабдықтарды дайындай отырып, ең алдымен олардың ішінде қайсысы тақырыпты әсерлі және толық шешуге неғұрлым көбірек жәрдемдесетінін анықтау керек.

1.Әрбір сабаққа мұғалім сурет салу үшін қағаз парағының түсін және форматын ойластырады. Егер балаларға затты бейнелеуге тура келсе, онда оны қолмен айналдыра сызып, ені мен биіктігін салыстыра отырып, мұғалім қандай форматтың қажеттігін анықтайды. Мысалы, ойыншық бойынша қоразды салу үшін шаршы қағаз, ал түлкіні бейнелеу үшін сопақ тік бұрышты қағаз көбірек ыңғайлы. Егер кішкентай зат бейнелетін болса, онда көлемі шағын парақ беріледі.

Бояулармен сурет салуға қарағанда қарындашпен сурет салу үшін келесі көлемдегі қағаз керек: үлкен, жалпақ, альбом қағазынан сәл үлкендеу.

Парақ форматы көбіне композициялық шешімнің әсерлілігін анықтайды. Сондықтан мұғалім әр кезде қағаздың формасы мен көлемін ойластыруы тиіс. Сәтсіз бастаған жұмысты ауыстыруға және тапсырманы тез бітірген балаға екінші парақты беруге мүмкіндік болу үшін қағазды 5-10 параққа артық дайындау керек.

Тапсырманың мазмұнына байланысты балаларға қағаздың түсін таңдап алуға мүмкіндік бере отырып, оларды саналы түрде фонды таңдауға және бояуларды іріктеп алуға біртіндеп алып келеді. Осының нәтижесінде суреттер әсемірек, қызығырақ бола түседі.

2.Сабақ қарсаңында қарындаштарды тексеру және ұштау қажет (оқушыларды қатыстыруға болады.)

Мұғалімде неғұрлым көп қолдалынатын түстегі қарындаштың 5-6 артық болуы тиіс.

3.Акварельмен сурет салу алдында бояуларды қалай дұрыс сулауды көрсету керек: әрбір бояуға қылқаламмен бір тамшы су тамызады, сабаққа дейін бояулар аздап жібиді және қолдануға дайын болады. Гуашь бояулары белгілі бір қоюлыққа дейін езіледі.

Бояулар шағын палитраларға құйылады да оқушылар реңктерді соның бетіне жасайды. Сабаққа дейін мұғалім су құйатын ыдыстардың дайындығын тексереді, ал кезекшілер қораптардағы түстерді, бояуларды кезегімен таяқшамен араластырып шығады. Мұғалім бояулардың қоюлығын тексереді.

Сабақтың соңында бояулардың тығыз жабылуын, кеуіп кетпеуін қадағалау маңызды.

Сурет салу үшін қылқамдарды, шүберектерді, су құюға арналған банкілерді дайындау керек. Сабақ барысында ересек балалар суды, оның ластану дәрежесіне қарай ауыстырып отыруды үйренеді.

4.Арнаулы мектепте сабақ өткізу үшін қажетті көрнекілік қоры жасалынуы тиіс: әр түрлі заттар, ойыншықтар, иллюстрациялар, үлгілер т.б. Класта оқушылардың жұмыстарын көрсету үшін іліп қоятын білте таяқшалар болу керек. Оның арасында үлкен және кіші парақтарды ұстап тұратын 2 қатар жіп тартылады. Білте таяқшаларды тікелей қабырғаға бекітуге мүмкін.

Кезекшілікті ұйымдастыру.

Арнаулы мектеп бастуыш класс оқушылары кезекшілікке тартылады. Кезекшілердің міндетіне мұғаліммен бірге сабаққа қажетті материалды дайындау жатады. Кезекшілікті өзіне-өзі қызмет етумен ұштастырған жөн.

Оқушылар столға әр нәрсені өз орындарына қойып дағдылану керек.

Оқу үрдісі – педагогикалық жүйенің ішінде оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Оқу үрдісі тек қана оқыту міндеттерін шешіп қоймай тәрбиелеу және түзету міндеттерін шешуді көздейді. Соған байланысты оқу үрдісі күрделі дидактикалық жүйе ретінде қарастырылады. Ол мынандай буындардан құралады:

- мұғалімнің сөзі, оқулық , деректі материалдар, көркем әдебиет, көрнекі құралдар арқылы берілетін мазмұнынан;

-оқытудың әртүрлі кезеңдерінен –жаңа білімді қалыптастыру, бекіту, меңгерген материалды тексеру, қайталау, жаңа меңгерген білім мен дағдыны практика жүзінде қолдану;

-оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерінен;

-оқу үрдісінің коррекциялық бағытынан.

Сондықтан, оқу үрдісі кезінде үш негізгі міндеттер шешуін табады- білім беру, тәрбиелеу және коррекциялық. Білім беру үшін оқытылып жатқан материал бұрын өткен материалмен байланысты болып, келесі меңгерілетін ақпаратты қабылдауға дайындау қажет; айтылатын мәлімет дәлелді, өмірден алынған болу керек.

Арнайы мектепте коррекциялық бағытқа ерекше мән беріледі. Оқу үрдісі кезінде барлық психикалық процесстерді, дене кемістіктерін түзету жұмысы үздіксіз жүріп отырады.

Оқу үрдісі кезінде әртүрлі оқыту әдістері қолданылады. Оқыту әдісі деп оқу үрдісі кезінде мұғаліммен оқушының бірлесіп істеген әрекетін айтады. Оқыту әдісі оқу ісінің негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Оқу үрдісінің мазмұнын белгілеуді, сонымен бірге ол болжау қызметін де атқарады, себебі оқыту қандай бағытпен жүру керектігін және одан қандай қорытынды күту қажеттілігін көрсетеді. Оқу ісін реттеуші мен ұйымдастырушы ретінде әдіс құрылымы оқу ісіне тиісті компоненттерді иемденеді. Солардың ішінен ең маңыздысы мыналар болып табылады:

а) субьект ( істі жеткізу, өркендету)

б) субьект қимылына бағытталған зат ( обьект)

в) мақсат-оқудың нәтиже күтерлік көрінісі

г) құралдың көмегімен оқу жүзеге асырылады

д) оқу ісінің нәтижесі

Сабаққа дайындалу- бұл мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тұрақты қажетті элементі.

Мұғалім оқытатын пәнінің мазмұнын, олардың оқыту ретін, оқытудың практикалық бағыттылығын жақсы білу керек (көмекші мектеп жағдайында әсіресе маңызды).

Мұғалімнің сабаққа дайындалу этапының бірі- күнтізбелік - тақырыптық жоспар құру. Оқу тақырыптарының қысқаша мазмұны пән бағдарламасында беріледі. Мұғалім тақырып материалын белгілі сағат санына бөледі, сабақ бойынша тақырыптарды меңгерту ретін белгілейді. Әр сабақтың мақсаты мен міндетін, оның мазмұнын және жұмыс әдістерін анықтайды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда сабақ теориялық түрде немесе өздік жұмыс ретінде өтілетінін де жазады.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мынадай пункттерді қамтиды: әр сабақтың тақырыбының аты, білімдік, тәрбиелік және коррекциялық мақсаттары мен міндеттері, матариалдың негізгі мазмұны, түсіндіру әдісі, қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар, бақылау түрлері, уақыты. Осындай толық құрылған жоспар мұғалімнің әр сабаққа дайындалуына көмектеседі және жеңілдетеді.

Дәріс 10

Тақырыбы: Оқушыларды танып білуге арналған «суретті тесттер».

Зияты бұзылған оқушылары жан-жақты зерттеуде немесе танып білуде үлкен орын алатын жұмыстың түрі – «суретті тест» өткізу. Сурет арқылы ақыл ойы кем баланың жалпы қоршаған орта туралы түсінігі, оны қабылдау ерекшелігі, білім деңгейі және айналадағы құбаластар мен оқиғаларға деген қарым-қатынасы көрінеді. Яғни, оқушының шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесін талдау арқылы ол туралы көп мағлумат алуға болады. Мысалы, «Үй, ағаш, адам» деген суретті тест арқылы баланың отбасындағы эмоционалді жағдайын, туыстарының қарым-қатынасының ерекшелігін т.с.с. анықтауға болады. Сонымен қатар, баланың ішкі жан-дүниесіндегі жағдайды да анықтауға мүмкіндік бар.

Суреттерді талдау барысында тек мазмұнына көңіл бөлінбейді, сонымен бірге бала пайдаланған түстерге де аса зор мән беріледі. Мысалы, «суық», яғни қара, қою көк түстерді көп қолдану оқушының бойында ыза, ашудың болуын білдіреді. Ал «жылы», яғни қызыл, қоңыр, сары түстерді көп қолдану бала бойындағы мейірімділікті, қамқорлақты білдірсе керек.

Оқушылардың суретін талдау, оның нәтижесін зерттеу оқу үрдісін дұрыс бағытта ұйымдастыру үшін өте қажет.

Дәріс 11

Тақырыбы: Сурет салу, мүсіндеу тақырыптары. Сурет салуға, еңбектенуге қызығушылығы.

Ақыл ойы кем оқушылар сурет салуға қызығушылық танытады десе болады. Әсіресе, олар жабдықтардың жарқын болуына ынтызар: түрлі-түсті бояуларға, әдемі альбомға, суреттерге т.с.с. Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушысы бейнелеу іс-әрекетін толық меңгермесе де оған деген талпыныс қалыпты дамудағы баладан кем емес.

Сурет салу арқылы бала өз ойын, тілегін жеткізеді деген пікір қалыптасқан. Сондықтан, оқушының суретінің мазмұнына көп көңіл бөлген дұрыс. Ол үшін тақырыптарды қызықты етіп таңдау, оны түсінікті етіп жеткізу, үлгілердің сапалы болуы бала бойында бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырады.

Дәріс 12 Мумкіндігі шектеулі оқушылардың бейнелеу (қол еңбегі ) барысында