Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
типовые праграммы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.19 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология факультеті

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Бірінші проректор

_____________Б.А.Алиев

«_____»_________ 2014 ж.

АВВМВКЕОТТ 3303 Арнайы білім беру мекемелерінде

бейнелеу және қол еңбегін оқытудың теориясы мен технологиясы

таңдау пәні бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандық (шифр): 5В010500-Дефектология

Кредит саны: 3

Алматы, 2014

Таңдау бойынша компоненттің оқу бағдарламасы типтік оқу жоспары және мамандықтың жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылды

Типтік оқу бағдарламасын құрастырушы:

Ермағамбет Ә.Ы., дефектология магистрі, аға оқытушы_________

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

Хаттама № ____ «____» _________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі Абаева Ғ.Ә., п.ғ.к., доцент_________

Педагогика және психология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған және мақұлданған.

Хаттама № _____ «_____» _________2014 ж.

Факультет ОӘК төрайымы Сайдахметова., п.ғ.к., доцент_________

Мазмұны

1. Түсініктеме .........................................................................................................4

2. Пән мазмұны .......................................................................................................5

3. Практикалық сабақтар тақырыбының үлгілік тізімі.......................................6

4. БОӨЖ тақырыптарының үлгілері ....................................................................7

5. БӨЖ тақырыптарының үлгілері .......................................................................7

6. Оқу лабораторлық жабдықтар ...........................................................................8

7. Реферат тақырыбының үлгілері ........................................................................8

8.Ұсынылатын әдебиет тізімі ...............................................................................8

1.Түсініктеме

Қазіргі кезде арнайы білім беру саласы қарқынды даму жолында. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселесі тиімді әрі қолжетімді әдістерді өңдеуді талап етеді. Осы бағытта 5В010500-Дефектология мамандығының студенттеріне жүргізілеті «Арнайы білім беру мекемелерінде бейнелеу және қол еңбегін оқытудың теориясы мен технологиясы» пәні ерекше орын алады.

«Арнайы білім беру мекемелерінде бейнелеу және қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мақсаты – студенттерге арнайы мектеп оқушыларының шығармашылыққа деген қабілетінің ерекшеліктерін ашып көрсету; бейнелеу іс-әрекетін және қол еңбегін жетілдіру жолдарын үйрету; сурет салудың және қол еңбегінің қарапайым тәсілдерін меңгерту.

«Арнайы білім беру мекемелерінде бейнелеу және қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің міндеттері:

-курстың теориялық-ғылыми негіздерін меңгерту;

-студенттерді арнайы мектепте бейнелеу, сабағын ұйымдастырып өткізуге үйрету;

-оқушыны жан-жақты дамытатын іс-шаралардың әдістерін меңгерту;

-пән бойынша алған теориялық білімдерін практика жүзінде қолдануға үйрету;

-сурет салу мен қол еңбегінің бастапқы негіздерін қалыптастыру;

-арнайы мектепте бейнелеу және қол еңбегі сабақтарының күнделікті жоспарын құрып, оны талдауға үйрету;

-студенттердің бейнелеу іс-әрекетіне, қол еңбегіне, шығармашылыққа және өнерге баулу, сүйіспешілігін ояту.

«Арнайы білім беру мекемелерінде бейнелеу және қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы» курсын меңгеру нәтижесінде студент оқушылардың бейнелеу әрекетінің және қол еңбегінің ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін кеңейтіп бекітеді; бейнелеу мен қол еңбегі сабағын өткізу үшін профессионалдық, практикалық дағдылар қалыптастырады.

Осы пәнмен сабақтас пәндер: Арнайы педагогика: оқыту қағидалары, әдістері; сабақ түрлері, құрылымы; Арнайы психология: ақыл-ойы кем балалардың таным іс-әрекетінің ерекшеліктері Жас ерекшелік анатомиясы және физиологиясы: мектеп жасындағы балалардың даму ерекшеліктері

2.Пән мазмұны

1. АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛ ЕҢБЕГІ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ.

Сурет салудың және қол еңбегінің баланы дамытудағы маңызы, мақсаты, міндеті. Бейнелеу өнері туралы түсінік. Қол еңбегі сабағының мақсаты, міндеттері.

2. ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ РОЛІ.

Бейнелеу және қол еңбек іс-әрекеті арқылы эстетикалық сезімін қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту, айналадағы заттардың байланысын ашып көрсету т.с.с.

3. БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ.

Тіл дамыту. Таным процестерін дамыту. Сенсорлық даму. Жеке тұлға қасиеттерін дамыту. Ұсақ моторикасын дамыту. Қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту.

4. СУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛ ЕҢБЕГІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Эстетикалық тәрбие шыдамдылыққа, тазалыққа, сыншыл дыққа тәрбиелеу. Мейірімді, ұқыпты т.с.с болуға үйрету.

5. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ, ҚОЛ ЕҢБЕГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ.

Бейнелеу және қол еңбегі іс-әрекеттерін бақылау. Л.С.Выготский бөлген 4 кезең. Бейнелеуге, еңбекке қызығушылығын арттыру. Сурет салу кезіндегі кездесетін қиындықтар. Қол еңбегі кезінде кездесетін қиындықтар.

6. СУРЕТ САЛУ ЖӘНЕ ҚОЛ ЕҢБЕГІ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ.

Инструкцияларды орындау, өз жұмысын жоспарлау, бақылау. Өз суреттерін бақылау, қателерін тани білу, оларды жөндеу. Қол еңбегі өнімдерін талдау, бағалау.

7. СУРЕТ САБАҒЫ.

Сурет, қол еңбегі сабақтарының құрылымы, сабақ түрлері, этаптары (дайындық бөлімі, негізгі бөлім, қорытынды бөлім). Сабақта қызығушылығын арттыру тәсілдері.

8. АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ СУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛ ЕҢБЕГІ САБАҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Қойылатын талаптарға сай болуы; жеке, топтық жұмыстардың жүргізілуі; сабақтың құрылымының дұрыстылығы (нақтылығы); мақсатқа жетуі; көрнекілік құралдардың сай болуы.

9. МҰҒАЛІМ – ДЕФЕКТОЛОГТЫҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Әр сабақтың тақырыбын, жоспарын, құралдарын ойластыру. Сыныпта кезекшілік орнату. Бейнелеу сабағына қажетті материалды іріктеу.

10. ОҚУШЫЛАРДЫ ТАНЫП БІЛУГЕ АРНАЛҒАН «СУРЕТТІ ТЕСТТЕР».

Тест Ф.Гудинафт. Э.Хейссерман зерттеуі, тест Роршаха. Оқушылардың суреттеріне интерпритация жасау.

11. СУРЕТ САЛУ, МҮСІНДЕУ ТАҚЫРЫПТАРЫ. СУРЕТ САЛУҒА, ЕҢБЕКТЕНУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ

Еркін тақырыптағы суреттер. Жиі кездесетін тақырыптар. Тақырып таңдауға әсер ететін себептер. Сурет салуға қызығушылығын арттыру. Мүсіндеу, аппликация тәсілдері.

12. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕГЕН ЗАТТАРДЫҢ ФОРМАСЫН ҚАБЫЛДАУЫ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Формаларды қарапайымды, схема түрінде, өзгерместен қайталануы.

13. СУРЕТТЕ ЗАТТАРДЫҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫН БЕЙНЕЛЕП КӨРСЕТУ.

Арақашықтықты қабылдау. Қағаз бетіне орналастыру (композиция). «Сол жақ», «оң жақ», «алдында», «ортасында» ұғымдарын қағазға түсіру.

14. АРНАЙЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СУРЕТІНДЕГІ, ТҮСТЕР.

Түстерді қабылдау ерекшелігі. Түстік эмоцияға, көңіл-күйге әсері. Көп түсті заттарды бейнелеу. Негізгі түстер, ауыспалы түстер. Сабақта түстерді ажыратып үйрету.

15. АРНАЙЫ МЕКТЕПКЕ БЕЙНЕЛЕУ САБАҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ.

Коррекциялық және тәрбиелеу принциптерін орындау; дәстүрден тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру.