- •Абстракт
- •1.1 Металдың коррозиясы
- •1.2 Коррозия теорияларының негіздері
- •1.3 Коррозиялық процесстердің классификациясы
- •1.3.1 Металдың көлеміндегі немесе беткі қабатындағы коррозиялық бұзылулардың типі бойынша (геометриялық характер).
- •1.3.3 Металдың ортамен әрекеттесу реакциясының механизмі бойынша екі түрге:
- •1.3.4 Коррозиялық орта бойынша.
- •1.3.5 Қосымша әсер етуіне байланысты.
- •1.4. Коррозиялы ортада металл жабдықтардың ингибиторлы қорғанысы.
- •Зерттеу бөлімі
- •2.1 Қолданылатын материалдар және реактивтер
- •2.2 Болаттың агресивті ортадағы коррозиясының жылдамдығын анықтаудың гравиметриялық әдісі.
- •2.3 Эксперимент нәтижелері және оларды талдау
- •2.4 Эксперимент мәліметтерінің анализы
- •2.5 Эксперимент мәліметтері кестеге енгізілді
- •Қорытынды
1.3.4 Коррозиялық орта бойынша.
Кейбір коррозиялық орталар және лардан туындайтын бұзылулар осы ортамен аталған және онда өтетін коррозиялық процестердің классифицирленуімен сипатталады. Ереже бойынша, металдық бұйымдар мен конструкциялар коррозияның көптеген түрлерінің әсеріне ұшырайды. Мұнда жағдайларда аралас коррозия деп аталатын әсер туралы айтылып отыр.
1) Газдық коррозия – жоғары температурада газдық ортада өтетін коррозияны айтады.
2) Атмосфералық коррозия – металл бетінде электролиттік пленканың түзілуіне қажетті ылғалдылығы бар атмосферада өтетін коррозияны айтады. Атмофералық коррозияның ерекшілігі – ол жылдамдылыққа және металл бетіндегі ылғалдылық қабатының механизмі немесе түзілген коррозиялық өнімдердің ылғалдық дәрежесіне тәуелілігінде.
3) Сұйықтық коррозия – сұйық орадағы коррозия. Сұйық ортаның металға әсері бойынша коррозияның бұл типінде өзіне қатысты қасиеттері бар толық батырылған, толық батырылмаған, аралас батырылған коррозия сипатталады.
4) Жерасты коррозиясы – топырақтағы металдардың коррозиясы. Жерасты коррозиясының ерекшелігі әр түрлі топырақтағы жерасты конструкцияларының бетіне оттегінің түсу жылдамдығымен сипатталады.
1.3.5 Қосымша әсер етуіне байланысты.
1) Кавитациялық коррозия – кавитациялық ортаның бір уақытта әсер етуі. Үздіксіз немесе уақытша кернеуде жүретін кррозия. Егер де бұл созылатын кернеу болса, коррозиялық шытынау болуы мүмкін.
2) Контакттық коррозия – кезіндe тегі әр түрлі екі металдың электролиті ішінде үйкеліс туғызатын, жабық гальваникалық элемент қалыптастыратын ұқсас бұзылуы жүреді.
3) Саңылаулық коррозия – металдың саңылаудағы бұзылуы. Ол көбіне саңылауда рналасқан конструкция учаскесіне пайда болады. Металдарға агрессивті орта әсер етеді. Сонымен қатар металл бір мезгілде қосымша әсерге ұшырайды. Соған қарай коррозиялық процесс бөлінеді.
4) Радиациондық коррозия – радиоактивтік сәулелену әсерінен жүретін коррозия түрі.
5) Биологиялық коррозия – бактериялардың өмір сүруі нәтижесінде пайда болатын өнімдер әсерінен жүретін коррозия түрі.
1.4. Коррозиялы ортада металл жабдықтардың ингибиторлы қорғанысы.
ISO 8044-1986 стандартына сәйкес:
Коррозиялық системада жеткілікті концентрацияда болатын, және кез-келген коррозия реагентінің концентрациясын едәуір өзгертпей, коррозияның жылдамдығын азайтатын химиялық қосылыстарды коррозия ингибиторлары (ИК) деп атайды.
Ингибитор дегеніміз – коррозиялы ортаға аз мөлшерде енгізілген жағдайда, ол сол ортамен түйісіп тұрған металдың коррозия жылдамдығын азайтатын химиялық зат.
Зерттеу бөлімі
2.1 Қолданылатын материалдар және реактивтер
Болаттың коррозиялық әрекеті С-65Г тікбұрышты жазық болат үлгілерінде зерттелді. Болаттың химиялық құрамы: С - 0,62-0,7; Мп - 0,9-1,2; Si - 0,17-0,37; Р - 0,0001; S - 0,035; Сг -0,25; Ni-0,25.
Коррозиялық ортаның фондық ерітіндісі ретінде 1:1 қатынасындағы 0.9% NaCl және этанол ерітіндісі қолданды. Болат үлгілерін ингибиторленген және ингибиторленбеген фондық ерітінділерде зерттелді.
Ингибиторлар ретінде келесі қосылыстарды зерттедік:
1-кесте
Зерттелген органикалық ингибиторлар
№ |
Органикалық ингибитор атауы |
Органикалық ингибитордың құрылымдық формуласы |
1. |
Фон |
0.9% NaCl + C2H5OH
|
2. |
Фенол |
|
3. |
Резорцин |
|
4. |
Ионол (2,6-дитретбутил-4-метил фенол) |
|
5. |
о-метиленаминофенол (Ингибитор-1)
|
|
6. |
(N-β-аминоэтанол)-о- метиленфенол (Ингибитор-2)
|
|
Ингибиторлардың қорғаныштық қасиеттерін зерттеу үшін бұл ғылыми жобада гравиметриялық әдіс, ерітінділерді электрохимиялық әдіспен зерттеу қолданылды
