
- •Абстракт
- •1.1 Металдың коррозиясы
- •1.2 Коррозия теорияларының негіздері
- •1.3 Коррозиялық процесстердің классификациясы
- •1.3.1 Металдың көлеміндегі немесе беткі қабатындағы коррозиялық бұзылулардың типі бойынша (геометриялық характер).
- •1.3.3 Металдың ортамен әрекеттесу реакциясының механизмі бойынша екі түрге:
- •1.3.4 Коррозиялық орта бойынша.
- •1.3.5 Қосымша әсер етуіне байланысты.
- •1.4. Коррозиялы ортада металл жабдықтардың ингибиторлы қорғанысы.
- •Зерттеу бөлімі
- •2.1 Қолданылатын материалдар және реактивтер
- •2.2 Болаттың агресивті ортадағы коррозиясының жылдамдығын анықтаудың гравиметриялық әдісі.
- •2.3 Эксперимент нәтижелері және оларды талдау
- •2.4 Эксперимент мәліметтерінің анализы
- •2.5 Эксперимент мәліметтері кестеге енгізілді
- •Қорытынды
Қ
азақстан
Республикасының білім және ғылым
министрлігі
Коррозия процесінде полифенолды қосылыстарды ингибиторлар ретінде қолдану
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске
асырудың негізі
Секция: химия
Ғылыми жетекшісі: Сейтімбетов Т.С.
Жетекшісі: Уралбаева Қ.А.
Астана-2008
Мазмұны
Абстракт.......................................................................................................... -бет
Кіріспе.............................................................................................................. -бет
1. Негізгі бөлімі
2. Зерттеу бөлімі............................................................................................ -бет
Қорытынды................................................................................................... -бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................... -бет
Абстракт
Жұмыстың мақсаты:
Ғылыми жобаның мақсаты 1:1 эквиваленттік қатынасындағы этил спирті мен 0,9% NaCl физикалық ерітіндідегі және әр түрлі органикалық қосылыстарды қосу нәтижесінде коррозия процесін зерттеу болып табылады. Аса тиімді, суда еритін коррозия ингибиторларын іздеу, электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механиз заңдылығын зерттеу, зерттеліп отырған органикалық қосылыстардың бейтарап ортадағы болаттың электрохимиялық коррозиясының жылдамдығына әсерін анықтау.
Гипотеза:
Өндірістік жабдықтарды жалпы коррозиядан қорғайтын нәтижелі, экономикалық жағынан тиімді және де әмбепап қорғаныстардың бірі ингибиторлы қорғаныс болып табылады.
Кезеңдері, зерттеудің рәсімі:
Бұл жұмысты атқару алдында мен металл коррозиясы жайлы, ластанған региондар жайлы мәліметтермен таныстым. Содан кейін зерттеу жұмыстары белгілі бір өсімдіктер арқылы жасалды. Ол өсімдіктер түрі зерттеу барысында анықталды.
Әдістеме:
Болаттың коррозиялық әрекеті С-65Г тікбұрышты жазық болат үлгілерінде зерттелді.
Коррозиялық ортаның фондық ерітіндісі ретінде 1:1 қатынасындағы 0.9% NaCl және этанол ерітіндісі қолданды. Болат үлгілерін ингибиторленген және ингибиторленбеген фондық ерітінділерде зерттелді.
Поляризациялан қисықтарды түсіру әдісі арқылы ортада ингибитордың қатысуымен және қатысуынсыз болаттың электрохимиялық коррозияның кинетикасын анықтадық. Ингибиторлар ретінде келесі қосылыстарды зерттедік: фенол, резорцин, ионол (2,6-дитретбутил-4-метил фенол), о-метиленаминофенол (ингибитор-1), (N-β-аминоэтанол)-о-метиленфенол (ингибитор-2).
Жұмыстың жаңалығы және дербестігі:
Жалпы коррозияның ингибиторлары ретінде жаңа органикалық қосылыстарды зерттеу. Азот құрамды органикалық ингибиторлардың фондық ерітіндідегі электрохимиялық коррозия процесіне әсері.
Нәтиже, қорытынды:
Практикада қолдану салалары:
Abstract
The aim of the work:
Hypothesis:
Stages of research:
Methods:
The novelty of the work it’s independence:
Results, conclusion:
Branches of using in practice:
Кіріспе
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы, өндірістік процестердің қарқыны, негізгі технологиялық параметрлердің жоғарлауы – осының барлығы техникалық жабдықтарды пайдалануға жоғары шарттарды талап етеді. Жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жүргізілетін шаралардың негізгісі – оларды коррозиядан сақтау және соған байланысты аса сапалы, берік химиялық материалдарды қолдану.
Бұндай шаралардың іске асырылуын қолға алуын басты себебі, коррозиядан тиген шығын шектен тыс зардап әкеледі. Бар ақпаратқа сүйенетін болсақ, өндірілетін металдың шамамен 10%-ы коррозиядан қайтымсыз зардап шеккен жерлерді жамауына жұмсалады. Халық шаруашылығына үлкен маңызы бар проблемалардың бірі – коррозиядан қорғану мәселесі./3/
Өндірістік жабдықтарды жалпы коррозиядан қорғайтын нәтижелі, экономикалық жағынан тиімді және де әмбепап қорғаныстардың бірі ингибиторлы қорғаныс болып табылады.
Ингибиторлар – аралас әрекеттегі органикалық қосылыстар, яғни олар катодтық және де анодтық реакциялардың жылдамдықтарына әсер етеді. Қазіргі заманғы электрохимиялық кинетика арқасында біз элетролитке арнайы қосылыстарды қосу нәтижесінде реакцияның қай бағытта жүретінін алдын ала болжай аламыз. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы ингибитордың эффективтілігіне тәуелділігін табу негізгі ғылыми-техникалық мақсат болып табылады.
Нәтижелі коррозиялық қорғаныс жасау үшін коррозия механизмі мен коррозиялық жарылуды білу міндет, қоршаған ортаның әсерлерін және осы процестерден қорғанатын материалдардың қасиетін зерттеу, және ортадағы коррозиялы-активті компоненттердің қатысында коррозия ингибиторлары-ның әсер ету механизмін зерттеу.
Ғылыми жобаның мақсаты 1:1 эквиваленттік қатынасындағы этил спирті мен 0,9% NaCl физикалық ерітіндідегі және әр түрлі органикалық қосылыстарды қосу нәтижесінде коррозия процесін зерттеу болып табылады. Аса тиімді, суда еритін коррозия ингибиторларын іздеу, электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механиз заңдылығын зерттеу, зерттеліп отырған органикалық қосылыстардың бейтарап ортадағы болаттың электрохимиялық коррозиясының жылдамдығына әсерін анықтау.
Агрессивті ортаға ингибиторды енгізілуі коррозияға ұшырап жатқан металдың бетінің өзгеруіне әкеліп соқтыратыны анық, және де өзін-өзі еріту процесінде жеке электрохимиялық процестердің кинетикасына әсер етеді. Ингибиторлы әсердің механизмі ингибитр құрылымымен, агресивті ортаның құрамымен, процестің жасалу жағдайымен анықталады. Электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механизмін анықтау үшін поляризацияланған катодты және анодты қисықтар түсірілген. Ал фондық ерітіндінің ортада әр-түрлі мөлшерде болуына байланысты жаңа органикалық қосылыстарды зерттеу үшін осы қисықтар қолданылған.
Ингибиторлар екі жеке реакцияларды тежейді, сонымен қатар коррозияның жылдамдығының азаюына байланысты потенциал ондық мәнге жылжиды. Адсорбцияланып жатқан ингибиторлардың бөлшектері электростатикалық немесе химиялық жолмен металдың бетімен әрекеттеседі, бекітіледі. Бұл коррозиялық процестің тежелуіне әкеледі. Адсорбцияланып жатқан ингибиторлардың бөлшектері коррозияға ұшырап жатқан металдың бетіне екі түрде жайылады: біріншіден, молекулалардың немесе иондардың ретсіз орналасуы; екіншіден, жеке кластерлердің топталуы./7/
Адсорбцияланған ингибиторлардың қорғаныш әрекеттері металл мен ерітіндінің арасындағы шекара құрылысының өзгеруіне әкеледі.
Сонымен, металдың коррозиялық қирауын тежейтін, бірақ одан құтыла алмайтын тежегіштер органикалық ингибиторлар болып табылады. Металл коррозиясы осы металдың ортадағы термодинамикалық тұрақсыздықпен байланысты, сондықтан ингибиторлар осы процеске елеулі әсер тигізе алмайды. Ингибиторлар коррозиялық процесті тежейді, бірақ одан толық құтылмайды.
Негізгі бөлім