Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Materikter_men_m_1201_khittar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Зертханалық сабақ: №8

Тақырыбы: Еуразияның климаты

Сабақтың мақсаты: Еуразияның климатында оның территориясының аса көлемдігімен байланысты ерекшелігімен айқындау. Материктің негізгі бөлімінің экватор мен Солтүстік поляр шеңбері аралығында болуы, шыгысы мен орталық бөліктерінің түтастығын , батыс жэне оңтүстік жиектерінің тілімденуі, мұхит бассейіндерінің әсері, күрделі орографиясы материкте аса алуан түрлі климат жағдайларын қалыптастыратынын карта бойынша анықтау.

Керекті құрал-жабдықтар:

1. Дүние дүзінің физикалық картасы мен атласы.

2. Еуразия материгінің климаттық картасы.

3. Кескін картасы.

4.Түрлі-түсті карандаш, өшіргіш, сызғыш. Тапсырмалар:

1. Еуразиядағы жылдық жиынтық радиация мен жылдық радиациялық балансты анықтандар:

- арктикалық аралдарда-

- Европаның батыс бөлігінде-

- Азияның оңтүстік жэне оңтүстік шығысында

2. Европа үстіндегі циклондық әрекеттер мен батыс ауа ағынының эсері. Азияның ішкі ауданындағы Жер бетіндегі жоғарғы қысымды ең үлкен облыс -Азиялық квазистационарлык максимумның эсері мен азияның оңтүстік бөлігіңцегі қыстағы пасаттық циркуляция әсеріне талдау жасап, климаттық карта бойынша қай материкте климат жағдайы неғұрлым эр түрлі екенін анықтаңцар. Евразияның жазы Солтүстік америкаға қарағанда ыстық екенін дэлелдендер. Осы мақсатпен мынаны салыстыру:

- екі материктің шілдедеп ең жоғарғы орташа температурасы,

- температураның ең жоғарғы абсолюттік көрсеткіштері. Тапсырманы орындау үшін материктің оңтүстік бөліктеріндегі шілденің температурасы, ал Аравия түбегі мен АҚШ-тың батысындағы абсолюттіқ көрсеткіштерді қарастыру. Қай материкте қыс суықтау екенін анықтау.

3. Еуразияның климаттық белдеулерін анықтавдар. Оларды қанлай юелгілері боиынша бөледі. Климаттық типтерін карта бойынша талдау жасау:

Арктикалық климатгық белдеу,

Субарктикалық климаттық белдеу,

Қоңыржай климатгық белдеу мен климат типтері (теңіздік, қоңыржай континентгік, континенттік, муссондық)

Субтропиктік климаттық белдеу мен климат типтері (жерорта теңіздіе, континенттік, муссондық)

Тропиктік климаттық белдеуі,

Субэкваторлық климатгық белдеуі, Бақылау сұрақтары:

1. Евразиядағы жылдық жиынтық радиацияның өзгеруі.

2. Жер бетіндегі ең жоғарғы жылдық радиациялық байланыс.

3. Ауаның Батыс-Шығыс бағытындағы тасымалы өзгерістер.

4. Евразиядағы метерологиялық жағдайлардың жыл маусымдарына қарай өзгеруі.

5. 30°с.е. параллельдігі жоғары қысыиды облыс.

6. Азор антициклонның эсері.

7. Циклондық депрессиялардың қыстағы негізгі қозғалу жолдары.

8. Азияның ішкі аудандарындағы антициклондық облыс.

9. Жер бетіндегі жоғарғы қысымды ең үлкен облыс -Азиялық квазистационарлық максимум.

10. Евразиядағы қыс кезіндегі температура мен жауын-шашынның таралу ерекшеліктері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Т. В .Власова. Материктердіңфизикалық географиясы.1-2 том. Алматы, 1985ж.

2.Р.А.Ерамов.Материктердіңфизикалық географиясының практикумы. Москва, 1987

3.В.И.Сиротин. Самостоятельные и практические работы по географий. Москва, 1991 ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]