
- •1.1 Кіріспе. Деректер және ақпарат. Аж түрлері.
- •1.2 Деректер қоры негізінде ақпараттық жүйені құрудың техникалық-ұйымдастыру проблемалары.
- •2.1 Негізгі концепциялары. Деректер тәуелсіздігі. Деректердің негізгі компоненттері.
- •2.2 Деректер қорының архитектурасының деңгейлері.
- •2.3 Деректер қорын басқару жүйелері (дқбж). Инфологиялық және даталогиялық жақындау мәні.
- •3.1 Пәндік саладағы концептуальды модель. Логикалық модельдер.
- •3.2 Деректер қорын жобалау кезеңдері.
- •4.1 «Мән-байланыс» моделі. Логикалық және физикалық модельдер.
- •4.2 Локальды көріністі модельдеу, модель элементтерінің агрегациясы және жалпыламасы.
- •5.1 Dbtg деректер моделі. Негізгі түсініктер және анықтамалар. Деректерді ңқұрылым диаграммасы
- •6.1 Деректердің иерархиялық моделі. Негізгі анықтамалар мен түсініктер. Иерархиялық модельдің концептуальды модельмен қатынас байланысы.
- •Деректердің иерархиялық құрылымы
- •Деректерді манипулияциялау.
- •Тұтастықты шектеу
- •Тұтастықты шектеу
- •Жетістігі және кемшілігі
- •6.2 Ims архитектурасы. Ims деректер моделі. Иерархиялық рет түсінігі. Dl/1 тілінің операциясы.
- •7.1 Реляциялық деректер қоры: деректер типі, домен, қатынас схемасы, деректер қоры схемасы, кортеждер және қатынастар, қатынас қасиеті, кілттер.
- •7.2 "Мән-байланыс" (er- әдісі) әдісімен жобалау.
- •8.1 Функционалдық тәуелділік концепциясы. Реляциялық есептеулер.
- •8.2 Қалыптастыру: бірінші, екінші және үшінші қалыпты формалар. Бойс-Кодтың қалыпты формасы.
- •9.1 Берілген деректер қорымен моделінің реляциялық базисі: реляциялық алгебра, реляциялық операциялардың интерпретациясы, теориялық-көбейткіштік операциялардың семантикасының ерекшеліктері.
- •10.1 Sql стандарттау кезеңдері.
- •10.2 Sql тілінің жалпы құрылымы, қолданбалы программалар интерфейсі. Бекітілген sql, динамикалық sql.
- •10.3 Select таңдауының операторы.
- •11 Дәріс. Деректер қорының тұтастығы және қауіпсіздігі. Қатынаумен басқару.
- •12 Дәріс. Постреляциялық дерек тер қоры. Қатынаумен өшіру.
- •12.1 Постреляциялық деректер қоры.
- •12.2 Обьектілі - бағдарланған деректер қорының құрылу принциптері.
- •14 Дәріс. Деректер қоры қосымшаларын өңдеу. Delphi-дің аспаптық құралдары.
- •14.1 Деректер қоры қосымшаларын өңдеу. Delphi-дің аспаптық құралдары.
- •Форма. Форма түсінігі.
- •Форманың аты және басы
- •Дәріс 16. Деректер қорына қатынау технологиялары.
- •16.1 Деректер қорына қатынау технологияларына шолу.
- •16.2 Odbc технологиясы (Open Database Connectivity).
- •Дәріс 17. Ole db - Object Linking and Embedding Database технологиясы.
- •17.1 Ole db негіздері.
- •ToleContainer объектісі.
- •18.1 Ado технологиясының негіздері.
- •20.1 Ado.Net технологиясы.
- •Дәріс 21. Olap технологиясы.
- •21.1 Olap технологиясы.
- •Көп өлшемді кубтар.
- •22.1 Corba (Common Object Request Broker Architecture) технологиясы.
- •Клиенттік және серверлік қосымшаларға қосылатын orb.
- •Сервер түрінде орындалған orb.
- •Жүйе бөлігі ретіндегі orb.
- •Параметрлер.
- •Интерфейстер.
- •Шақыруларды динамикалық түрде орындаудың интерфейсі.
- •Глоссарий
- •Білімді бағалау жайлы ақпарат
- •Қорытынды баға
- •Курс саясаты мен талаптары
- •Білімді бағалау туралы ақпарат әдістемелік нұсқауларда көрсетіледі
- •Тіркеу деректері
Дәріс 16. Деректер қорына қатынау технологиялары.
16.1 Деректер қорына қатынау технологияларына шолу.
Деректер қорымен қосымшалардың өзара қарым-қатынасы әртүрлі әрекеттермен ұйымдастырылуы мүмкін. Алғашқыда, негізгі түрде, АРI-ға (Application Programming Interface) негізделген ДҚБЖ кітапханасы (кейіннен қосымша СОМ - объектілер) пайдаланушылардың компьютерларында орналасқан клиентті программалық қамтамасыз етудің құрамына кіретін тәсілдерді қарастырды. Ереже бойынша клиенттік программалық қамтамасыз ету қолданбалы программалық қамтамасыз етуді өңдеуді өз құрамына алады. Ал бұл жағдай ДҚБЖ ауыстыруында қосымшаның кодын біршама өзгертуін талап етуге мәжбүр етеді. Нәтиже ретінде – қазіргі уақытта деректерге жету әмбебаптық механизмдер негізгі болып табылады.
Деректерге жету әмбебаптық механизмдері кітапхана және қосымша модульдер (драйверлер немесе провайдерлер) түрінде іске асырылады. Кітапханалар анықталған стандартты класстар, әдістер, параметрлер жиынын құрайды және деректерге жету стандартты интерфейсін қамтамасыз етеді.
Нақты ДҚБЖ АРI клиенттік функцияларына қатынауды қосымша модульдер іске асырады. Бұл модульдер ағымдағы сұранысқа байланысты қолданылады. Егерде, қосымша ADO қолданылуы арқылы жұмыс жасаған болса, мысалы Ado Table визуальді компонентін қолданып, ал қазір ДҚ MySQL-ден Postgres-ке ауыстыруда оған сәйкес драйверді орналастыру және компонент параметрлерінде Connection қатарын өзгерту ғана жеткілікті болады. Мұнда қосымшаның кодын өзгерту қажет болмайды.
Әмбебап әдістер кемшіліктерсіз емес (өнімділіктің төмендеуі, сәйкесті драйверлердің жеткізілуі және оларды күйге келтіру, т.б.), сонымен бірге де артықшылықтары бар. Программистің еңбегінің өнімін біршама көтеретінің ұмытпауымыз қажет.
Қазіргі кездегі деректерге жетудің әмбебап әдістерінің арасындағы кең таралғандары:
ODBC - Open Database Connectivity.
OLE DB - Object Linking and Embedding Database.
ADO - ActiveX Data Objects.
BDE - Borland Database Engine.
ADO.NET - ActiveX Data Objects NET технологиясы.
ODBC (Microsoft) - реляциялық деректер қорымен өзара қарым-қатынас механизмі. Деректер қорына қатынауды қамтамасыз ету үшін ДҚБЖ-ның клиенттік бөлімі қажет, ОДВС-драйвер осы ДҚБЖ-не қатынау үшін (немесе кейбір ДҚБЖ үшін тек драйвер) және ОДВС сәйкесті күйге келтіру компьютерде (драйвер аты, қолданушы аты, деректер аты, қатынау паролі және драйвердің кейбір параметрлерін көрсету). Қосымшаны орындау кезінде драйвер қосымшаның адрестік алаңына жүктеледі және ДҚ-на қатынау үшін қолданылады. Әрбір ДҚБЖ үшін өзіндік ОДВС-драйвер қолданылады. ODBC API стандартталған. Өңдеудің визуальді орталарында енді сәйкесті компонентті формаға орналастыру жеткілікті. Ол үшін ОДВС деректерінің көзін көрсету керек, кестенің атын және деректер қорымен байланысты ДҚБЖ-ның клиенттік бөлімімен немесе сәйкесті драйвер көмегімен орнату керек.
OLE DB (Microsoft) - СОМ-интерфейсі базасында әртүрлі деректер көзімен жұмыс істеу механизмі (ОДВС-дан айырмашылығы – тек қана реляциялық деректер қорымен жұмыс жасайды). OLE DB СОМ-интерфейстер (Component Object Model) жиының әртүрлі деректерге қатынаудың біртипті сервистерін колдану арқылы анықтайды, соның ішінде реляциялық емес деректер қорына, мысалға, қарапайым файлдарға немесе электрондық пошта жүйесінің папкаларына. Сонымен бірге желіге тұрақты түрде қосылып отыратын иерархиялық жазбалар жиынының және деректер жиынының жұмысын қолдауды қамтамасыз етеді. Деректер қорына қатынау үшін OLE DB провайдерін қолданылған ДҚБЖ-не орнату қажет болады (ДҚБЖ DLL қосымша орындалған кезде оның адрестік алаңына жүктеледі). Сонымен бірге, фирма арнайы провайдерді өңдеп шығарды (Microsoft OLE DB Provider for ODBC Drivers). Ол ДҚБЖ-ның клиенттік бөлімінде API арқылы емес, ODBC API интерфейсі арқылы жұмыс жасайды.
ADO (Microsoft) - OLE DB-да өзіндік күйге келтіру (OLE DB кітапханасын қолданады), кітапханалардың COM-объектілерді құрайтын қосымша жиыны, деректерге қатынаудың іске асушы интерфейстері. Кітапхананың бұл жиыны алғашқыда Microsoft –тың екі объектілі технологиясын қамтыды: Data Access Objects (DAO) және Remote Data Objects (RDO) – жергілікті және алыстатылған деректер қорына қатынаудың екі түрлі механизмі.
Бірыңғай технологияны құру керек сұрағына жауап ретінде деректер қорымен жұмыс жасауда бірыңғай қадамды және жергілікті және алыстатылған деректер қорына қатынаудың бірыңғай интерфейсін қамтамасыз етуде ADO технологиясы пайда болды.
ADO - OLE DB базалық технологиясында ыңғайлы және кез-келген деректер қорымен жұмыс жасауға мүмкіншілік береді.
BDE (Borland) – деректерге қатынаудың екі драйвер-кітапханаға негізделетін әмбебап механизмі (SQL Links – ДҚБЖ сервері үшін және ODBS Links – серверлі, автономды ДҚБж үшін). Бұл кітапханалар dBase, Access, FoxPro, ODBC-көздері деректеріне қатынау үшін функциялардың стандартты жиының қолдануды қамтамасыз етті, сонымен бірге ДҚБЖ көптеген серверлі үшін.
BDE - Borland фирмасы өңдеген визуальді ортасында компонент деңгейінде ұстанылады. Механизмді іске асыру қосымшаның функцияларын API немесе ODBC API клиенттік функцияларына қарауға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге кейбір ДҚБЖ деректердің файлдарымен манипулирлейді. BDE көмегі арқылы деректер қорына қатынау үшін компьютерде жалпы қолдануға арналған BDE кітапханалары орнатылған болуы керек (қарапайым жағдайда өңдеу ортасымен бірге және сосын .exe файлда қосылады), сонымен бірге берілген ДҚБЖ үшін BDE-драйвер.
ADO.NET (Microsoft) - three-tier (көпярусті архитектурада) деректер қорымен жұмыс істеу технологиясы. Деректер қорымен байланыс деректер қорымен операциялардың тек бір кезеңде орындалуы кезінде орнатылады (ереже бойынша қысқа уақыт ішінде). Оның пайда болуы деректер қорына қатынау санының өсуінің рұқсат беру қажеттілігіне байланысты (әсіресе деректер қорындағы интернет-серверлер) және активті байланыстар санының шексіздігін ұстауда деректер қорының мүмкін еместігіне байланысты. ADO.NET технологиясы программалаудың қарапайымдылығын және ыңғайлылығын сақтайды және басқа проблемаларды шешеді. ADO.NET, қазіргі кезде – объектілердің иерархиялық жиыны және СОМ протоколдарының .NET-та ауысуы.