Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шарттық құқық мазмұны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.77 Кб
Скачать

2. Шарттың орындалуы, өзгертілуі және тоқтатылуы. (1 сағат)

1. Шартты орындау.

2. Шартты өзгерту және бұзу.

3.Шартты тоқтатудың арнайы жағдайлары.

4. Шартты өзгертудің арнайы жағдайлары (тараптардың алмастырылуы).

5. Шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.

6. Кепіл шарты.

Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарда елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер. Сондай-ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Егер шарт жасасу үшін заң актілеріне сәйкес мүлікті беру қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.

Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.

Шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулі ережелері немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп табылады. Оферта жіберген жақ оны алушының қолына тигеннен бастап байланысты етіп қояды. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі. Егер офертаның өзінде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцепті үшін белгіленген мерзім ішінде қайтарып алуға болмайды. Жарнама және беймәлім тұлғалар тобына жіберілген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тікелей өзгеше көрсетілмесе, оферта жасауға шақыру ретінде қаралады. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.

Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық және бұлтарыссыз болуға тиіс. Егер заң актісінен, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиісті соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі. Егер акцепті қайтару туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі.

Офертада акцептіге арланған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім (мерзім көрсетілмесе – жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт) ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келіскендік туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бірге жаңа оферта деп танылады.

Егершартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылады.

Шартты өзгерту және бұзу

Егер заңнама мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісуімен өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт:

  • екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;

  • басқа да жағдайларда тек сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

Тараптардың біреуі шартты бұзып, ол екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы деп танылады.

Шартты орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда (шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаған, банкрот деп таныған, мемлкекттік органның актісі күшін жойған жағдайда) шарт өзгертілді немесе бұзылды деп есептеледі.

Шартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін міндеттеме бойынша өздері атқарған жұмысты өайтарып беруді талап етуге құқығы жоқ. Шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың өзгертілуінен немесе бұзылуынан келтірілген залаладың орнын толтырылуын талап етуге құқылы. Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзімге ұзартуға құқылы.