Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
050701 «Биотехнология» маманды_ына арнал_ан О_У...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
456.19 Кб
Скачать

ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКСІ

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ»

050701 «Биотехнология» мамандығына

арналған ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫ

Семей, 2010

Мазмұны

  1. Глоссарий

  1. Дәрістер

  1. Практикалық сабақтар

  1. Студенттің өздік жұмысы

  1. Глоссарий

ОӘҚ келесі терминдер мен оларға сәйкес анықтамалар қолданылған.

Аэротанктар – макро деңгейде толық араластыратын жүйеге негізделген, стационарлық жағдайда жұмыс істейтін, үзіліссіз әрекет ететін ағынды реактор.

Анаэробты биофильтр – лайлануды болдырмау үшін ірі саптамамен жабдықталған, ағын суларын тазартуда қолданылатын сұйық ағыны бар қарапайым фильтр.

Тамшылы биофильтрлер – қозғалмайтын биопленкасы бар, кең тараған аппарат түрі. Бұл реактор қозғалмайтын қабатты және ауа мен сұйықтыққа қарсы токтан тұрады.

Қатты қалдықтар – бұл қалдықтар су жүйесін ластанудан тазарту кезінде қалыптасады және олардың қалыптасуынан пайда болған мәселелер су ластануынан жер ластануына ауысады.

Флокуло түзуші – бактерия агрегациясы кезінде – флокула, ал қатты қабатта тығыз бактериалды пленка түзіледі. Бұл - адгезионды қосылыстар бактериалды клетканың ағу құбылысы болып табылады.

Соокисление және кометаболизм – «соокисление», «кометаболизм» және «кездейсоқ тотығу» терминдері өспейтін микроорганизмдер субстраттарындағы тотығу және деградация процестерін сипаттау үшін қолданылатын, бір – біріне жақын синоним сөздер.

Біріншілік тұнба – біріншілік тұндырғышта түзіледі. 3-4% концентрация мөлшеріндегі шикізатты қатты заттарды құрайды.

Гуммильді тұнба – тамшылы биопленканың артық биопленкасы. әдеттегі концентрациясы - 2%.

Белсенді тұнба – ағынды суларды белсенді тұнбамен тазартудан түзілетін флоккулилді биомасса (бактерия + қарапайымдар). Концентрация мөлшері 8-12г/л.

Екіншілік бірге тұндырылған тұнба – белсенді немесе гуммильді тұнба. Біріншілік тұндырғышта тұнған, біріншілік және екіншілік қатты өнімдердің қоспасы.

Ылғалды тұнба – ешбір тәсілмен алынбаған. Көп жағдайда бұл термин біріншілік немесе бірге тұндырылған тұнбаға жатады.

Тұнба модификациясы – сүзуді жақсарту мақсатында тұнбаны алдын ала өңдеу. Коагулянттар мен флокулянттар сияқты әрекет ететін химикаттарды қосу арқылы жүретін процесс. Мұндай реагенттер ретінде бейорганикалық тұздар (әк, темір хлориді, темір сульфаты, албминий хлоргидраты) немесе таңдалып алынған органикалық полимерлер пайдаланылады.

Анаэробты ашыту – соңғы өнім негізінен көміртегі диоксидінен және метанна тұратын ферментативтік процесс. Бұл процесс жоғары және төменгі температурада жүзеге асады, бірақ мезофильді ашыту кеңінен қолданылады.

Тұнба ликвидациясы (жою) – келесі әдістер арқылы жүзеге асады: топыраққа көму, теңізге көму, күйдіру.

Клеткалық иммобилизация – клеткалар қандай да бір қабатқа жабысып, сол қабатытң гидродинамикалық сипаты сыртқы ортаның сипатынан айрықша болуын қамтамасыз ететін процесс.

Бактериальді сілтісіздендіру – байытатын фабрикаларда, минералды концентарттарда, сондай –ақ тау жыныстарында кездесетін минералды экстракттар немесе металл еріту процесін сипаттауда қолданылатын термин. Көп жағдайда металл көзі болып құрамында металдар минералды сульфиттер түрінде кездесетін рудалық денелер табылады.

in situ сілтісіздендіру – шахтаның көмегінсіз жерден минералдарды ажыратпай сілтісіздендіру.

Компостирлеу – бұл биологиялық тотықтырудың экзотермиялық процесі. Процесс нәтижесінде жоғары температура мен ылғалдылық жағдайында құрамында аралас микроорганизмдер популяциясы бар органикалық субстрат аэробты биодеградацияға ұшырайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]