
- •Аппаратуралар тізімі
- •Жалғанулардың электрлік схемасының сипаттамасы
- •Тәжірибені жүргізу нұсқаулары
- •Аппаратуралар тізімі
- •Жалғанулардың электрлік схемасының сипаттамасы
- •Тәжірибені жүргізу нұсқаулары
- •Аппаратуралар тізімі
- •Жалғанулардың электрлік схемасының сипаттамасы
- •Тәжірибені жүргізу нұсқаулары
Аппаратуралар тізімі
Белгіленуі |
Аталуы |
Типі |
Параметрлері |
G1 |
Үш фазалы қорек көзі |
201.2 |
~ 400 В / 16 А |
G2 |
Тұрақты ток қозғалтқышының қорек көзі |
206.1 |
0…250 В / 3 А (якорь) / 200 В / 1 А (қозу) |
G4 |
Тұрақты ток машинасы |
101.2 |
90 Вт / 220 В / 0,56 А (якорь) / 2×110 В / 0,25 А (қозу) |
G5 |
Бұрыштық ығысулардң түрлендіргіші |
104 |
6 шығ. каналдар / 2500 импульс/айн. |
М1 |
Айнымалы ток машинасы |
102.1 |
100 Вт / ~ 230 В / 1500 мин |
А2 |
Үш фазалы трансформаторлар тобы |
347.1
|
380 ВА; 230 В/242,235, 230, 226, 220, 133, 127 В |
А6 |
Үш полюсті ажыратқыш |
301.1 |
~ 400 В / 10 А |
А9 |
Айнымалы ток машинасы роторының тізбегіне арналған реостат |
307.1 |
3 0…40 Ом / 1 А |
А10 |
Активті жүктеме |
306.1 |
220 В / 30…50 Вт; |
Р1 |
Мультиметрлер блогы |
508.2 |
3 мультиметр 0...1000 В / 0...10 А / 0…20 МОм |
Р2 |
Қуаттар өлшеуіші |
507.2 |
15; 60; 150; 300; 600 В / 0,05; 0,1; 0,2; 0,5 А. |
Р3 |
Айналу жиілігінің бағыттауышы |
506.2 |
-2000…0…2000 мин1 |
Жалғанулардың электрлік схемасының сипаттамасы
G1 қорек көзі – өндірістік жиіліктегі синусоидалы кернеу көзі.
Тұрақты ток қозғалтқышының G2 қорек көзі тәуелсіз қоздырылатын генераторлық режимде жұмыс істейтін және жүктемелік машина ретінде қызмет ететін G4 тұрақты ток машинасының қоздыру орамасын реттелмейтін кернеумен қоректендіру үшін қолданылады.
G5 бұрыштық ығысу түрлендіргіші Р3 элетрмашиналық агрегаттың айналу жиілігінің бағыттауышының кірісіне келіп түсетін импульстарды генерациялайды.
Сынақтан өткізіліп отырған М1 асинхрондық қозғалтқышы А6 ажыратқышы және G1 үш фазалы қорек көзінен қоректенетін А2, А7 үш фазалы трансформаорлар тобы арқылы қоректенеді.
А9 реостаты фазалы роторы бар М1 қозғалтқышын сынақтан өткізу кезінде сырғанау энергиясын шығару үшін қызмет етеді.
А10 активті жүктемесі G4 генераторын жүтеу үшін қолданылады.
Сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышының статор орамының тогы, G4 генераторының якорьлік орамасының кернеуі мен тогы Р1 блогының мультиметрлерінің көмегімен басқарылады.
Р2 өлшеуішінің көмегімен сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышымен тұтынатын активті және реактивті қуаттары басқарылады.
Тәжірибені жүргізу нұсқаулары
Тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіздер.
Айнымалы ток машинасының жылулық қорғаныс электрлік схемасын жинаңыздар.
Тәжірибеде қолданылып отырған құрылғылардың қорғаныстық жерлестірулерінің " " ұяшықтарын үш фазалы G1 қорек көзінің «РЕ» ұяшығымен жалғаңыз.
Аппаратураны жалғанулардың электрлік схемасына сәйкес жалғаңыз.
G2 қорек көзінің және А6 ажыратқыштарының жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқыштарын "РУЧН." күйіне келтіріңіз.
А9 реостатының реттеуші тұтқаларын сағат тіліне қарама-қарсы соңына дейін бұраңыз (қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамаларын алу кезінде)
А9 реостатының әрбір фазасының қосынды кедергісін орнатыңыз, мысалы, 20 Ом (фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамаларын алу кезінде).
G2 қорек көзінің реттеу тұтқасын сағат тіліне қарама-қарсы соңына дейін бұраңыз, ал А10 активті жүктемесінің реттеу тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
А2 үш фазалы трансформаторлар тобындағы трансформаторлардың орамдарын екінші ретті номинал кернеулерін ауыстырып қосқышпен орнатыңыз, мысалы, 127 В.
Тәжірибеге қатыстырылған блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын қосыңыз.
Р1 блогының тәжірибеде қатыстырылған мультиметрлерін іске қосыңыздар.
А6 ажыратқышының «ВКЛ.» кнопкасын басу арқылы М1 қозғалтқышын іске қосыңыз.
G1 қорек көзін қосыңыз. Жанып тұрған шамдардың сигнал беруі оның шығысында кернеу фазаларының бар екенін білдіреді.
G2 қорек көзінің "ВКЛ." кнопкасын басыңыз.
G2 қорек көзінің реттеу тұтқасын айналдыра отырып, М1 қозғалтқышының статорлық орамдарының I тогын өзгертіңіз және Р1.1 амперметрінің көрсетулерін (I тогын), Р2 қуаттар өлшеуішінің ваттметрі мен варметрінің (М1 қозғалтқышы фазасының P11 активті және Q11 реактивті қуаттарын), Р3 бағыттауышының (М1 қозғалтқышының n айналу жиілігін), Р1.2 амперметрінің және Р1.3 вольтметрінің (G4 генераторының якорьлік орамының Iа тогы мен Uа кернеуін) көрсетулерін 4.5.1 кестеге енгізіңіздер.
4.5.1 кесте.
-
I, A
P11, Вт
Q11, ВАр
n, мин1
Ia, A
Uа, В
Тәжірибенінің соңында А6 ажыратқышы мен G1 қорек көзін сөндіріңіз.
Тәжірибеде қолданылатын блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын сөндіріңіз.
4.5.1 кестесінің берілгендерін пайдалана отырып, қысқа тұйықталған/фазалы роторлы асинхрондықозғалтқыштың I тогының әрбір мәніне арналған пайдалы Р2 активті қуатты, желіден тұтынатын толық P1 активті қуатты, М пайдалы механикалық моментті, cos қуат коэффициентін, s сырғанауды және пайдалы әсер коэффициентін мына формулалар бойынша есептеңіздер
және алынған мәліметтерді 4.5.2 кестесіне енгізіңіздер.
4.5.2 кесте.
-
I, A
P2, Вт
P1, Вт
М, Нм
Cos
s, %
, %
4.5.2 кестесінің берілгендерін пайдалана отырып, қысқа тұйықталған/фазалы роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың I=f(P2), P1=f(P2), s=f(P2), =f(P2), cos=f(P2), M=f(P2) жұмыс сипаттамаларын тұрғызыңыздар.