Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЛ.МАШ. Лаб.раб.№3 (каз.яз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать
    1. Қысқа тұйықталған роторы бар үш фазалы асинхонды қозғалтқыштың I0=f(U), Р0=f(U), cosφ0=f(U) бос жүріс сипаттамаларын алу және анықтау

Аппаратуралар тізімі

Белгіленуі

Аталуы

Типі

Параметрлері

G1

Үш фазалы қоректену көзі

201.2

~ 400 В / 16 А

G5

Бұрыштық ауыстырулардың түрлендіргіші

104

6 шығ. каналдар / 2500 импульстер

за оборот

М1

Айнымалы ток машинасы

102.1

100 Вт / ~ 230 В /

1500 мин

М2

Тұрақты ток машинасы

101.2

90 Вт / 220 В /

0,56 А (якорь) /

2×110 В / 0,25 А (қозу)

А2,А7

Үш фазалы трансформаторлық топ

347.1

380 ВА;

230 В/242,235, 230, 226, 220, 133, 127 В

А6

Үш полюсті ажыратқыш

301.1

~ 400 В / 10 А

А14

Сызықты реактор

314.2

3  0,3 Гн / 0,5 А

Р1

Мультиметрлер блогы

508.2

3 мультиметр

0...1000 В /

0...10 А /

0…20 МОм

Р2

Қуаттарды өлшеуіш

507.2

15; 60; 150; 300; 600 В /

0,05; 0,1; 0,2; 0,5 А.

Р3

Айналу жиілігінің бағыттауышы

506.2

-2000…0…2000 мин1

Жалғанулардың электрлік схемасының сипаттамасы

G1 қорек көзі - өндірістік жиіліктегі синусоидалы кернеу көзі.

G5 бұрыштық ығысу түрлендіргіші Р3 элетрмашиналық агрегаттың айналу жиілігінің бағыттауышының кірісіне келіп түсетін импульстарды генерациялайды.

Сынақтан өткізіліп отырған М1 асинхрондық қозғалтқышы А6 ажыратқышы және G1 үш фазалы қорек көзінен қоректенетін А2, А7 үш фазалы трансформаорлар тобы арқылы қоректенеді.

А14 сызықты реакторы сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышына берілетін қосымша кернеуді төмендету үшін қызмет етеді.

Сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышының сызықты кернеуі мен статор орамының тогы Р1 блогының мультиметрлерінің көмегімен басқарылады.

Сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышының бір фазасын тұтынатын активті және реактивті қуаттар Р2 өлшеуішінің көмегімен басқарылады.

Тәжірибені жүргізу нұсқаулары

  • Тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіздер.

  • Айнымалы ток машинасының жылулық қорғаныс электрлік схемасын жинаңыздар.

  • Тәжірибеде қолданылып отырған құрылғылардың қорғаныстық жерлестірулерінің " " ұяшықтарын үш фазалы G1 қорек көзінің «РЕ» ұяшығымен жалғаңыз.

  • Аппаратураны жалғанулардың электрлік схемасына сәйкес жалғаңыз.

  • А6 және А8 ажыратқыштарының жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқыштарын "РУЧН." күйіне келтіріңіз.

  • А2 және А7 үш фазалы трансформаторлар топтарында трансформаторлардың екінші ретті номинал кернеулерін 127 В және 127 В етіп қойыңыздар.

  • Тәжірибеге қатыстырылған блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын қосыңыз.

  • Р1 блогының тәжірибеде қатыстырылған мультиметрлерін іске қосыңыздар.

  • G1 қорек көзін қосыңыз. Жанып тұрған шамдардың сигнал беруі оның шығысында кернеу фазаларының бар екенін білдіреді.

  • А6 ажыратқышының «ВКЛ.» кнопкасын басу арқылы М1 қозғалтқышын іске қосыңыз.

  • А2 және А7 үш фазалы трансформаторлар тобындағы реттеу тұтқаларының күйлерін ауыстыра отырып, М1 қозғалтқышына берілетін U сызықты кернеуді 100...250 В диапазонында өзгертіңіз және Р1.1 вольтметрінің (U кернеуін), Р1.2 амперметрінің (М1 қозғалтқышының I0 фазалық тогын), сонымен бірге Р2 өлшеуішінің ваттметрі мен варметрінің (М1 қозғалтқышының бір фазасымен тұтынылатын активті P01 және реактивті Q01 қуаттарын) көрсетулерін 4.2.1-кестеге енгізіңіз.

4.2.1 кесте

U, В

I0, А

P01, Вт

Q01, Вт

  • G1 қорек көзін ажыратыңыз.

  • Тәжірибеде қолданылатын блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын сөндіріңіз.

  • 4.2.1 кестесінің берілгендерін қолдана отырып, U кернеуіне сәйкес келетін М1 қозғалтқышымен тұтынылатын толық активті Р0 және реактивті Q0 қуаттарын мына формулалар бойынша есептеңіздер:

Р0=3∙Р01, Q0=3∙Q01

және оларды 4.2.2 кестесіне енгізіңіздер.

4.2.2 кесте

U, В

P0, Вт

Q0, Вт

  • 4.2.2 кестесінің берілгендерін пайдалана отырып, U кернеуіне сәйкес келетін қуат коэффициентінің мәндерін мына формула бойынша есептеңіздер

және алынған мәліметтерді 4.2.3 кестеге енгізіңіздер.

4.2.3 кесте

U, В

cos 0

  • U кернеуі мәндерінің көп вариативтілігі қажет болған жағдайда тәжірибені А14 қысқартылған сызықты реакторы кезінде қайталаңыздар.

  • 4.2.2 және 4.2.3 кестелерінің берілгендерін пайдалана отырып, қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың ізделініп отырған I0=f(U), Р0=f(U), cosφ0=f(U) бос жүріс сипаттамаларын тұрғызыңыздар.

    1. Қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың IК=f(U), РК=f(U), ZК= f(U) қысқа тұйықталу сипаттамаларын алу және анықтау