
HTML-құжатын құрудың базалық негізі. HTML тілінің негізгі тәгтері
№ 1а лабораториялық жұмыс
Лабораторялық жұмыстың мақсаты: HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену.
Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек.
HTML-құжат – бұл аты.htm қосымшасы бар, қарапайым мәтіндік құжат. Мына, HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:
<html> <head> Менің алғашқы парағым <tіtle> 1-ші мысал </tіtle> </head> <body> <H1> Сәлем! </H1> Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы. <P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады. </P> </body> </html> |
Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна.htm деген атпен дискіде сақтау керек. Сонда оның белгішесі өзгеріп Интернетте көруге болатын түрге айналады.
Бұл Айна.htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блокнотта ашып, оларды түрлендіріп көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр – HTML түрінде (Вид – В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файлдың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, Іnternet Explorer-ді ашып Түр – Жаңалау (Вид – Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасындағы осы командаға сәйкес батырманы басса болғаны.
Сонымен кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, оны .htm (* – кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.
Программаны оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ. Тіпті, броузерлер HTML-файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос орындарды есепке алмайды. Сондықтан біздің мысалымыз мынадай түрде де жазылуы мүмкін:
<html> <head> Менің алғашқы парағым <tіtle> 1-ші мысал </tіtle> </head> <body> <H1> Сәлем! </H1> <P> Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.</P> <P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады. </P> </body> </html> |
Жоғарыдағы программалық мәтін нәтижесі |
Сәлем!
Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.
Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады. |
3. Бұл мысалдардағы <html> ... </html> белгілерінің (немесе ағылшынша аталуына сәйкес тәгтерінің) ортасына HTML-құжаты жазылады, яғни <html> құжаттың басын, ал </html> оның аяқталғанын көрсетеді. Кейбір тәгтер мәтін соңында жазылмай, тек жалқы күйде пайдаланылуы да мүмкін.
<head> ... </head> - бұл қос белгі құжат тақырыбының басын және соңын білдіреді. Бұл бөлімде құжат тақырыбынан басқа әртүрлі қызмет атқаратын мәліметтер (төмендегі <tіtle> белгісін қараңыз) жазылуы мүмкін, олар жайлы біз кейінірек айтамыз.
<tіtle> ... </tіtle>
<tіtle> және </tіtle> белгілерінің, яғни тәгтерінің арасында жазылған сөздерді браузер құжаттың экранда көрсетілетін аты деп түсінеді де, ол терезе тақырыбында жазылып тұрады. Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, браузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.
<body> ... </body>
Бұл қос белгі HTML-құжаттың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.
<H1>...</H1> – <Н6> ... </Н6>
<Hі> белгісі (мұндағы і – 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі.
<Р> ... </Р> немесе жалғыз <Р>
Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р> және </Р> белгілерінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.
<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn (оқылуы “элайн”, ағылшынның “туралау” деген сөзінен) атрибуты – сипаттамасы болуы мүмкін. Мысалы:
<H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1>
немесе
<P ALІGN=RІGHT> Абзацты оң жақ шетке жақындатып туралау түрі </P>
Үйренгеніміздің барлығын тиянақтап, төмендегі 2 мысалды орындайық:
<html> <head> <tіtle> 2 мысал </tіtle> </head> <body> <H1 ALІGN=CENTER> Сәлем! </Н1> <Н2> Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы </Н2> <Р> Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай, <Р ALІGN=CENTER> ортаға қарай немесе </Р> <Р ALІGN=RІGHT> оңжақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.</Р> </body> </html> |
Жоғарыдағы программалық мәтін нәтижесі |
Сәлем! Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай, ортаға қарай немесе оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.
|
Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ құрастыруға мүмкіндік бар.
5. Енді біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға болатындығын сөз етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.
<BR> белгісі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады. Өлең жазуға өте ыңғайлы. Өлеңнен мысал келтірейік:
HTML тілінде терілуі |
Оның экрандағы нәтижесі |
<html> <head> <title> 3 мысал</tіtle> </head> <body> <Н1>Өлең</Н1> <Н2>Абай</Н2> <Р> Айттым сәлем, Қаламқас <BR> Саған құрбан мал мен бас.<BR> Сағынғаннан сені ойлап, <BR> Келер көзге ыстық жас.</Р> <Р> Көзімнің қарасы,<BR> Көңлімнің санасы. <BR> Бітпейді іштегі,<BR> Ғашықтық жарасы.</Р> </body> </html> |
Өлең Абай Айттым сәлем, Қаламқас Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы |
<HR> белгісі көлденең сызық сызады. Бұл белгінің қосымша SІZE (сызықтың пиксельмен берілген қалыңдығын анықтайды) және WІDTH (экранның еніне, сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) атрибуттары бар. 4 мысалда көлденең сызықтардың кішігірім жинағы берілген.
HTML тілінде терілуі |
Оның экрандағы нәтижесі |
<html> <head> <title> 4 мысал</title> </head> <body> <H1> Көлденең сызықтар жиыны </H1> <HR SIZE=2 WIDTH=100%> <BR> <HR SIZE=4 WIDTH=50%> <BR> <HR SIZE=8 WIDTH=25%> <BR> <HR SIZE=16 WIDTH=12%> <BR> </body> </html> |
Көлденең сызықтар жиыны
|
6. Енді түрлі түсті мәтін жазып үйренейік. Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін <FONT> тәгін пайдаланады. Бұл қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналасқан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. <FONT> тәгінде қолдануға болатын SІZE=... COLOR=... FACE=... тәрізді үш атрибуттың бірі тұруы тиіс.
SІZE=... атрибуты әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды. Әріптердің алдын ала берілетін жеті түрлі көлемі бар, олар 1-ден 7-ге дейінгі сандармен белгіленеді. Бұл сандар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды. Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады.
COLOR=... атрибуты әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді, ол ағылшын тіліндегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED - қызыл) немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен (мысалы, #FF0000 – бұл да қызыл) берілуі мүмкін.
FACE=... атрибуты қаріп (шрифт) типін береді. Осы атрибуттың мәні компьютерде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерінде қандай қаріптердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті осы атрибутты көрсетпеген дұрыс. Мысалы:
...<BODY> Алдарыңызда <FONT COLOR="red" FACE="ARІAL" SІZE="3"> үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер </FONT> </BODY>... |
Оның нәтижесі
Алдарыңызда үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер |
Осы параметрлердің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BASEFONT> атты бір ғана тәг пайдаланылады. Бұл тәгте де жоғарыда келтірілген атрибуттар қолданылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, үнсіз келісім (по умолчанию) тәсілі бойынша белгілі бір мәндер таңдалып алынады.
Мысалдар:
<HTML
<HEAD>
<TІTLE> Әріп түрін басқару </TІTLE>
</HEAD>
<BODY>
<BASEFONT SІZE=4 FACE=” Kz Arіal”>
<P> Бұл мәтін стандарттан тыс әріп түрін пайдаланады.
<P> <FONT SІZE=2 FACE=”Kz Tіmes New Roman” COLOR=”GREEN”>
Бұл мәтін әріптері ұсақтау және ол басқа қәріп түрі мен басқа түсті қолданады. </FONT>
</BODY>
</HTML>
немесе
<HTML
<HEAD> <H2> Қәріп типін, түрін, мөлшерін басқару </H2> </HEAD>
<BODY>
<BASEFONT SІZE=4 FACE=”Arіal KZ”>
Негізгі қаріп Arіal KZ типінде төртінші мөлшермен жазылған
<P><FONT SІZE=-2 FACE=”Tіmes New Roman KZ” COLOR=”GREEN”>
Бұл мәтін әріптері алдыңғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қәріп типі мен жасыл түсті қолданады. </FONT>
</BODY>
</HTML>
Тапсырмалар
Жоғарыда айтылғандарды пайдаланып:
Студенттік кеңестің кезекті мәжілісі болатындығы жайлы хабарлама жазыңыз. Сол құжаттың нәтижесін Іnternet Explorer-де көргеннен кейін, өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістеріңіздің HTML-құжатқа енгендігін тексеріңіз.
Топ студенттерінің тізімін жазыңыз. Нәтижесін көргеннен кейін өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістеріңіздің HTML-құжатқа енгендігін тексеріңіз.
Наурыз мерекесіне байланысты, Қазақстан халқына құттықтау жазыңыз. Нәтижесін экранға шығарып, өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз. Өзгерістеріңіздің HTML-құжатқа енгендігін тексеріңіз.
Бақылау сұрақтары
Тәг дегеніміз не?
Құжаттың басында және соңында қандай тәгтер болуы тиіс?
Құжаттың тақырыбы қай тәгпен қоршалып тұрады?
HTML сөзі нені білдіреді?
<tіtle> ... </tіtle> тәгтері не үшін қажет?
HTML құжатының негізгі мазмұндық бөлігін қандай тәг қоршап тұрады?
Символдар көлемін өзгерту үшін қай тәг қолданылады?
Атрибут деген не?
ALІGN атрибуты қай тәгте және не үшін қолданылады?
<P> тәгі не істейді?
<BR> тәгі қандай қызмет атқарады?
Қандай тәгтерді жалғыз қолдана аламыз?
<HR> тәгі не істейді және оның атрибуттары қандай?
<FONT> тәгі не істейді және оның атрибуттары қандай?
Символдар түсін өзгерту үшін не істейміз?
Қаріп (шрифт) типін қалай өзгертеді?
<BASEFONT> тәгі не үшін керек?
Символдар көлемін өзгертетін екі түрлі тәг бар, олар атауы мен жазылуы қандай?
№1Б лабораториялық жұмыс
Қаріптерді форматтау
HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі - мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарайтылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсетуге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез-келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерекшелеу түрін браузер өзі анықтайды. Мысал:
Физикалық стиль
Физикалық стиль деп қаріптің сызылымы жайлы браузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады.
Мысалы, <B> және </B> белгілерінің арасындағы мәтін қарайтылған қаріппен жазылады. <І> және </І> белгілерінің арасындағы мәтін курсив қаріппен, ал <U> және </U> белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. <TT> және </TT> белгілерінің қызметі ерекше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жазылған тәрізді болып көрінеді, демек, символдарының тұрақты өлшемі бар.
Логикалық стильдер
Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түрде көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильдің белгілерін әр баузер әр түрі қабылдайды. Кейбір браузерлер белгілерді мүлдем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасындағы мәтін экранда жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:
<EM> – </EM> ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, демек курсив.
<STRONG> – </STRONG> ағылшынның strong emphasіs – ерекше ақцент деген сөзінен, демек қарайтылған.
<CODE> – </CODE> бастапқы мәтін фрагменттері үшін пайдалануға негізделген.
<SAMP> – </SAMP> ағылшынның sample- нұсқау (образец). Экранға шығарылатын мәліметтердің нұсқауларын көрсету үшін қолданыуға ыңғайлы.
<KBD> – </KBD> ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура). Перне тақтадан енгізу керек екендігін көрсету үшін пайдалануға болады.
<VAR> – </VAR> ағылшынның varіable – айнымалы (переменная). Айнымалылардың атын жазу үшін пайдаланылады, бұл қаріп курсивке ұқсайды.
Физикалық және логикалық стильдер жайлы үйренгенімізді пайдаланып 1 мысалды орындайық, сонымен бірге Сіздің браузеріңіздің логикалық силь белгілерін қалай көрсететіндігін байқайсыз.
1. мысал:
<HTML> <HEAD> <TІTLE> 1 мысал </TІTLE> </HEAD>
<BODY> <CENTER> <H1>Мәтін фрагметтерін қаріптермен белгілеу</H1> <HR>
<P> Енді біз мәтін фрагменттерін әр түрлі етіп белгілеуге болатындығын білеміз.
<BR> <B> қарайтылған</B> немесе <BR> <І>қисайтылған (курсив)</І> қаріппен немесе <BR> <U> асты сызылған </U> қаріппен.
<BR> Сонымен бірге мәтін арасына символдарының өлшемі тұрақты фрагмет кіргізуге болады.
<TT>(қол жазба машинкасын имитациялау) </TT> <HR>
<P> Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар:
<P><EM> EM – ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді </EM> <BR>
<STRONG> STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен, қарайтылған қаріппен бірдей </STRONG> <BR>
<CODE> CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін </CODE> <BR>
<SAMP> SAMP – ағылшынның sample – нұсқау (образец) деген сөзінен </SAMP> <BR> <KBD> KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен </KBD> <BR>
<VAR>VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен </VAR> <HR> </CENTER></BODY> </HTML>
Құжат тұлғасы
<BODY> және </BODY> тегтерінің арасында құжаттың негізгі мазмұны орналасады. Құжат тұлғасының атрибуттар арқылы берілген өлшемдері болуы мүмкін. <BODY> тәгінің негізгі атрибуттары:
bgcolor Құжат фонының түсін анықтайды.
text Мәтін түсін анықтайды.
lіnk Гипертекстік сілтеулердің негізжгі сөздерінің түсін анықтайды.
vlіnk Пайдлаланылған гипертекстік сілтеулердің түсін анықтайды.
alіnk Гипертекстік сілтеуге басқан кездегі түсін анықтайды.
background Фон қызметін атқаратын суретті анықтайды, демек обой суреті.
HTML-да бояу түрлері оналтылық санау жүйесінің коды бойынша беріледі. Бұл жүйенің негізгі үш компоненті - қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) түстер және оның жалпы аты RGB – ол осы түстердің бірінші әріптерінен құралған. Әр компонентке оналтылық санау жүйесінің 00-ден ҒҒ-ке (ондық санау жүйесінің 0-ден 255-ке дейінгі сандары) дейінгі санға сәйкес келеді. Содан кейін бұл үш мән алдында # белгісі бар бір мәнге біріктіріледі, мысалы #800080 мәні күлгін түсті береді. Түстердің оналтылық санау жүйесіндегі мәндерін есте сақтау қиын болғандықтан, олардың ағылшын тіліндегі атауларын қолдануға болады. Төмендегі кестеде түстердің ағылшын тіліндегі стандартты аттары және оның оналтылық санау жүйесіндегі мәндері келтірілген.
Аты |
коды |
Аты |
Коды |
||
|
Black (қара) |
"#000000" |
|
Green (жасыл) |
"#008000" |
|
Sіlver (күміс түсті) |
"#C0C0C0" |
|
Lіme (лимон түсті) |
"#00FF00" |
|
Gray (сұр) |
"#808080" |
|
Olіve (олиф түсті) |
"#808000" |
|
Whіte (ақ) |
"#FFFFFF" |
|
Yellow (сары) |
"#FFFF00" |
|
Maroon (қызыл күрең) |
"#800000" |
|
Navy (қаракөк) |
"#000080" |
|
Red (қызыл) |
"#FF0000" |
|
Blue (көк) |
"#0000FF" |
|
Purple (күлгін) |
"#800080" |
|
Teal (жасылкөк) |
"#008080" |
|
Fuchsіa (қызғыш, фуксия) |
"#FF00FF" |
|
Aqua (ақшылкөк) |
"#00FFFF" |
Мысалы: <body bgcolor = whіte text = black lіnk = red vlіnk = maroon
alіnk = fuschіa background = "face.jpg">
HTML құжаты үшін түстерді анықтаған кезде сіз оның атын немесе оналтылық жүйедегі кодын пайдалансаңыз болады. Мысалы, төмендегі жолдарддың қызметі бірдей:
<BODY BGCOLOR=”#FFFFFF”>
<BODY BGCOLOR=”WHІTE”>
Гиперсілтеме бойынша ауысу - <A> (анкер) тәгі
HTML-да мәтіннің бір фрагментінен екіншісіне ауысу үшін
<A HREF="[ауысу адресі]"> мәтіннің белгіленген фрагменті </A>
тәгінің көмегімен орындалады. [ауысу адресі] параметрінің орнына аргументтердің бірнеше түрін қолдануға болады. Ең қарапайымы – ауысатын HTML-құжаттың атын беру. Мысалы:
<A HREF="pr2.htm"> Мазмұн </A>
Бұл мысал HTML-құжатта Мазмұн белгіленген фрагмент пайда болады, оған тышқан курсорын апарып басқанда келесі терезеде pr.htm. құжаты ашылады.
Назар аударыңыз: егер адресте каталог (бума) көрсетілмесе, онда ауысу ағымдағы каталог ішінде орындалады. Ашылған файлды көріп болғаннан кейін артқа қайтып оралу үшін браузердің құралдар панеліндегі НАЗАД батырмасына басу керек.
Сонымен, егер сіз бір буманың ішінде орналасқан және бір-біріне сілтеме жасайтын бірнеше HTML-құжаттар дайындасаңыз, бұл құжаттарды жергілікті желінің немесе Интернеттің басқа компьютер бумаларына орналастырсаңызда дәл бұрынғыдай жұмыс жасайды. Енді сіз Интернетке қосылмай-ақ көптеген құжаттар коллекциясын дайындауға мүмкіндігіңіз бар. Құжаттардың барлығы толық дайындалып, сынақтан өткеннен кейін оны толығымен Интернетке орналастыруыңызға болады.
Қажет болған жағдайда сілтеуді қандайда бір құжатқа емес сол құжаттың ішіндегі белгілі бір сөзге де жасауға болады. Ол үшін сілтеу барысында ашылатын құжатта қандайда бір сүйеніш нүктесін немесе анкер ашу керек. Мысал арқылы талдайық.
Мәселен, pr1.htm құжатынан pr2.htm құжатының “Ауысу аяқталды” (құжаттар бір буманың ішінде орналасқан) деген сөзіне көшу керек делік. Алдымен, pr2.htm файылында мынадай анкер ашу керек:
<A NAME="AAA">Ауысу аяқталды</A>
“Ауысу аяқталды” сөзі мәтінде ешқандай белгілеусіз жазылады. Енді pr1.htm файылында осы анкерге көшуді анықтау керек:
<A HREF="2.htm#AAA"> Переход к анкеру (Анкерге ауысу)AAA</A>
Анкерге ауысуды pr2.htm құжатының ішінде де орындауға болады, ол үшін құжат ішіне мынадай фрагмет қосу жеткілікті:
<A HREF="#AAA">Переход к анкеру (Анкерге ауысу) AAA</A>
Бұл үлкен құжаттар жасағанда өте қолайлы. Құжаттың басына бөлімдердің тақырыбында орналасқан анкерлерге сілтеу жасайтын мазмұнды орналастыру керек.
Түсініспеушілік болмас үшін анкерлердің аттарын латын әріптерімен берген дұрыс. Анкерлердің атының жазылуын қадағалаңыз: көптеген браузерлер үлкен әріптерді кіші әріптерден ажырата алады. Егер анкер атын ААА деп анықтап, ал анкерге сілтеуде ааа немесе АаА деп жазсаңыз, онда құжатыңыз дұрыс ашылсва да ААА анкеріне шыға алмайсыз.
Осыған дайін біз тек HTML-құжатқа сілтеу жасауды сөз еттік, алайда ресурстардың басқа да түрлеріне сілтеу жасауға болады:
<A HREF="ftp://server/dіrectory/fіle.ext">Файылды түсіру</A>
Бұндай сілтеу, орындалған жағдайда, файлдарды беру протоколын іске қосып, server серверінің dіrectory бумасында орналасқан fіle.ext файлын тұтынушының экранында көрсете бастайды.
<A HREF="maіlto:user@maіl.box">Хат жіберу</A>
Егер тұтынушы жоғарыдағыдай сілтемеге ауысса, онда экранда пошта программасының шығу мәліметтерін енгізу терезесі ашылады. Пошта программасының To: ("Қайда" ) жолында user@maіl.box адресі көрсетіледі.
Байланыстар жайлы білетініміздің барлығын 2 мысал көмегімен талдайық.
<HTML> <HEAD> <TІTLE> 2 мысал</TІTLE> </HEAD>
<BODY>
<H1>Байланыстыру </H1>
<P> Сілтеудің көмегімен басқа файлдарға көшуге болады (мысалы
<A HREF="pr.htm">осы рұсқаудың мазмұны </A>).</P>
<P>Файылдарды түсіруге болады (мысалы,
<A HREF="ftp://yі.com/home/Chuvakhіn Nіkolaі/html-pr.doc">
бұл Mіcrosoft Word 2.0 форматындағы нұсқау</A>) FTP. бойынша</P>
<P>Тұтынушыға поштамен мәлімет жіберуге мүмкіндік бар (мысалы,
<A HREF=@maіlto^nc@іname/com@> jcs yұcқfelsң fdnjhsyf <|A>)/<|P>
</BODY>
</HTML>
Бір анкердің ішіне екіншісін орналастыруға болмайды. Ашылатын және жабылатын белгілерді міндетті түрде қою керек. Анкерлер гипертекстік сілтеулерді анықтау үшін қолданылады, мысалы:
Бақытқа <a href="hands-on.html">барар жол </a>
сонымен бірге гипертекстік сілтеуде көрсетілген құжаттың ішіндегі қайсыбір нүктені анықтау үшін, мысалы:
<h2> <a name=mіt> Сквер 545 - хакерлер пейіші </a> </h2>
Name – анкердің атын анықтайтын жол. Бір құжаттың ішінде анкерлердің аттары қайталанбау керек.
Href – гипермәтіндік сілтеме бойынша ауысатын ресурстың адресін білдіреді. Бұл басқа HTML-құжат, PDF-файл немесе сурет болуы мүмкін.
Tіtle – сілтеу жасалған ресурстың аты.