
- •Алюминий тотығының өндірісі
- •С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңесі ұсынған
- •Isbn 9965-583-11-0
- •1 Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары
- •1.1 Нефелиндер
- •1.2 Саздар және ақсаздар
- •2 Өндірістегі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің түрлері
- •3 Алюминий тотығы өндірісінің Байерлік әдіспен өндіргендегі физика - химиялық негіздері
- •3.1 Бокситті ерітінділеу
- •3.2 Алюминий тотығын күйежентектелу әдісімен өндірудің физика - химиялық негіздері
- •3.3 Бокситті шикіқұрамды дайындау
- •3.4 Күйежентекті ерітінділеу
- •3.5 Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату
- •3.6 Алюминат ерітінділерін карбондау
- •3.7 Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент алу тәсілдері
- •4 Алюминий өндірісі
- •4.1 Алюминиді электролиттік әдіспен алудың теориялық негіздері
- •4.2 Электролиттің құрамы
- •4.3 Электролит компоненттерді ыдыратуы кернеуі
- •4.4 Анодтық әсер
- •4.5 Криолит-алюминий тотығы балқымаларын электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның шығымдары
- •5 Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы
- •5.1 Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату
- •5.3 Қызыл шламды қоюландыру және жуу
- •5.4 Қойылтқының ағызындысын сүзу
- •5.5 Қызыл шламды сүзу
- •5.6 Вакуумдық әдіспен салқындату
- •5.7 Декомпозиция
- •5.8 Гидратты өңдеу блогы
- •5.9 Төл ерітіндіні буландыру
- •5.10 Соданың ерітіндіден бөлінуі
- •5.11 Алюминий гидрототығын қыздыру
- •6 Күйежентектелу цехы
- •6.1 Шикіқұрам бөлімшесі
- •6.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу
- •6.3 Металлургиялық пештерде қолданылатын отынның түрлері
- •6.4 Жану есептері
- •Оқулықтағы қысқартылынған сөздер
- •Негізгі қорытындылар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
2 Өндірістегі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің түрлері
Алюминий шикізатынан алюминий тотығын өндірудің көптеген әдістері ұсынылғанымен іс жүзінде, амфотерлік қасиетіне байланысты әзірше сілтілік және қышқылдық тәсілдермен ғана алуға болады.
Әлемдік тәжірибеде қазіргі таңда тек сілтілік әдістер ғана қолданылып келеді, ал таза қышқылдық және қышқылды-сілтілік әдістер тәжірибе және жартылай өндірістік зерттеу деңгейінде тұр.
Өнеркәсіптерде бокситтен, нефелиннен, алуниттен сілтілік тәсілмен алюминий тотығын өндіру мынадай әдістерге бөлінеді:
– гидрохимиялық (Байер тәсілі);
– күйежентектелу (спекания тәсілі)
– тізбектелген-жүйелі үлгі (Байер тәсілімен күйежентектелу тәсілі қатар немесе жүйеленген түрлеріндегі тәсіл);
– нефелин рудаларын тек балқыту тәсілімен ғана өңдейді.
Алынған бокситті ары қарай қандай тәсілді қолданып өңдеуді анықтау үшін мынадай негізгі факторларға сүйенеді:
– кремнилік модуль;
– бокситтің құрамындағы алюминий тотығының мөлшері;
– зиянды қоспалардың құрамы (карбидтер, сульфидтер және органикалық заттар);
– шикізаттың минералогиялық құрамы.
Жоғарыда атап өткеніміздей Қазақстандағы бокситтердің құрамында зиянды қоспалардың көптігіне байланысты Байер әдісін қолдану экономикалық жағынан өте тиімсіз. Себебі Байерлік тәсілмен алюминий тотығын өндіргенде ерімейтін қызыл шлам ары қарай өңделмей үйіндіге жіберіледі. Қазақстан бокситтерін өңдегендегі шыққан қызыл шламның құрамында 24-27 г/л жуық Na2O, 23-25 г/л жуық Al2O3 бар және қызыл шламдар қиын шөгіндіге түсіп, алынған алюминат ерітінділерін екі валентті темірмен ыластайды. Сондықтан құрамында керекті сілті мен алюминий тотығы бар қызыл шламды ары қарай өңдеп, қосымша алюминий тотығын алуға болатын, яғни Қазақстан бокситтерінен алюминий тотығын өндіретін бірден–бір тиімді тәсіл – бұл тізбектелген жүйелі технологиялық Байер-күйежентектелу сұлбасы.
Бұл тәсіл Қазақстанның шетелдерде бокситке ұқсайтын саз дейтін шикізаттан жылына 1 500 000 тонна алюминий тотығын өндіруге қолайлы бірегей сұлба.
Қолданылып жүрген технологиялық Байер тізбегімен бірге күйежентектелу тізбегі де Қазақстан бокситтерінің сапалық құрамына байланысты бастапқы классикалық үлгісінен әлдеқайда өзгерді.
Павлодар алюминий зауытындағы төменгі сапалы бокситтен жоғарғы сапалы алюминий тотығын өндіру, сапалы әрі тиімді жаңа технологиялық қондырғылардың арқасында іске асқан жұмыс деп білеміз.
Бокситтің химиялық және минерологиялық құрамының тұрақсыздығына байланысты технологиялық тізбектің гидрохимиялық және күйежентектелу тізбектерінеде әр уақытта озық технологиялық қондырғыларды енгізіп отырған абзал.
Енді Павлодар алюминий зауытының қазіргі таңдағы технологиялық тізбектеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Боксит
Ұсату
Біркелкілеу
Ұсақтау
Ерітінділеу
Қоюландыру Әктас Жаңа сода
Қойылтқыштың
ағызы Қызыл шлам
Сүзілу Шикіқұрамды дайындау бөлімі (Күйежентектелу сұлбасы)
А
люминат
ерітіндісін суыту
Күйежентектелу
Д
екомпозиция
A
l(OH)3
бөлу және жуу Ерітінділеу
Т
өл
ерітінді Алюминий гидрокисі
Шламды
бөлу және жуу
Б
уландару
Гидрокисті жуу Қор
А йналымдағы сілтілі ерітінді Кальциндеу Алюминат ертіндісі Қызыл шлам
Тауарлық
алюминий тотығы
Кремниден
ажырату
О ксалаттар Na2CO3*H2O Үйінді
(сары
сода) Ақ шламды
жуу және бөлу
Т
аза
конденсат
Кремниден бөлінген және Ақ шлам
сүзілген
алюминат ерітіндісі
Ж
ЭО
Сурет 2.1 – Жүйелі технологиялық Байер-күйежентектелу сұлбасы