
- •Алюминий тотығының өндірісі
- •С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңесі ұсынған
- •Isbn 9965-583-11-0
- •1 Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары
- •1.1 Нефелиндер
- •1.2 Саздар және ақсаздар
- •2 Өндірістегі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің түрлері
- •3 Алюминий тотығы өндірісінің Байерлік әдіспен өндіргендегі физика - химиялық негіздері
- •3.1 Бокситті ерітінділеу
- •3.2 Алюминий тотығын күйежентектелу әдісімен өндірудің физика - химиялық негіздері
- •3.3 Бокситті шикіқұрамды дайындау
- •3.4 Күйежентекті ерітінділеу
- •3.5 Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату
- •3.6 Алюминат ерітінділерін карбондау
- •3.7 Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент алу тәсілдері
- •4 Алюминий өндірісі
- •4.1 Алюминиді электролиттік әдіспен алудың теориялық негіздері
- •4.2 Электролиттің құрамы
- •4.3 Электролит компоненттерді ыдыратуы кернеуі
- •4.4 Анодтық әсер
- •4.5 Криолит-алюминий тотығы балқымаларын электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның шығымдары
- •5 Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы
- •5.1 Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату
- •5.3 Қызыл шламды қоюландыру және жуу
- •5.4 Қойылтқының ағызындысын сүзу
- •5.5 Қызыл шламды сүзу
- •5.6 Вакуумдық әдіспен салқындату
- •5.7 Декомпозиция
- •5.8 Гидратты өңдеу блогы
- •5.9 Төл ерітіндіні буландыру
- •5.10 Соданың ерітіндіден бөлінуі
- •5.11 Алюминий гидрототығын қыздыру
- •6 Күйежентектелу цехы
- •6.1 Шикіқұрам бөлімшесі
- •6.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу
- •6.3 Металлургиялық пештерде қолданылатын отынның түрлері
- •6.4 Жану есептері
- •Оқулықтағы қысқартылынған сөздер
- •Негізгі қорытындылар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
6.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу
Күйежентектелуді тотықсыздағыш әдісі арқылы жүргізу мынадай жағдайларға байланысты негізделген:
– темірдің үш валентті оксиді Fe2O3 қышқылдық қасиеттерімен ерекшеленеді және сілтімен өзара әрекеттесіп натрий ферритін құрайды (Na2O·Fe2O3 );
– екі валентті темір оксиді негіздік қасиетімен ерекшелінеді және сілтімен әрекеттеспейді, яғни натрий ферриті мен кальций ферриттерін құрмайды;
– таза темір сілтілерге бейтараптық қатынастық көрсетеді.
Осы жағдайларды ескере отырып, шикіқұрамға тотықсыздағыш ретінде көміртекті енгізеді. Тотықсыздағыш көміртегі оксиді (СО) пішінінде 400-800оС температура аралығында үш валентті темір оксидін шалатотыққа дейін тотықсыздандырады, ал 800 оС жоғары температурада таза металдық темірге дейін тотықсыздандырады.
Fe2O3 + CO = 2FeO +CO2 (6.12)
Сонымен тотықсызданған пішіндегі темір оксидтері күйежентектелу процесі кезінде сілтілерге бейтараптық қатынас көрсетеді. Бұл құбылыс төмендегі реакцияның қалыпты жағдайда жүруіне септігін тигізіп, жүйедегі материалдық артық ағынды алып тастайды, яғни (1,5СаО·Fe2O3) рекциясын жүзеге асырмай, гидрохимиялық бөлікшенің орнықсыз жағдайын тұрақты қалпына келтіреді.
Al2O3 + Na2O = Al2O3 · Na2O (6.13)
Көміршаңының алауы алаңынан шығар кезде күйежентектің құрамындағы
тотықсызданған шалатотық пішіндегі темір оксидтері қайтадан темірдің үш валентті оксидіне дейін тотығады.
Тотықсыздағыш ретінде қолданылатын антрацит немесе кокс қызыл шламның құрамындағы көміртегінің мөлшерін есепке ала отырып, шикіқұрамның құрамындағы көміртектің белгіленген пайыздық мөлшеріне шамаланып дозаланады. Қызыл шлам қайта өңделуге түскенде құрамында көміртегі бар органикалық заттармен бірге келеді.
Шикіқұрамның құрамындағы көміртегінің концентрациясы сонымен қатар үйінді шламдарының құрамына жіберілетін ерімейтін күкіртті қосылыстардың еншілік деңгейін төмендегі сұлба бойынша анықтап отырады:
(SO3)– 2 + C = S+2 + CO2 (6.14)
S + 2 + Fe – 2 = FeS↓ (6.15)
Осылайша шламдар үйіндісінің алаңына жіберілетін ерімейтін пішіндегі күкіртті қосылыстар заводтағы күкіртті қосылыстардан тазалайтын әдіс қана болып қоймай, экологиялық тұрғыданда тиімді болып келеді, өйткені күкірттік қосылыстарды дер кезінде жүйеден тазалап отырмаса, түтіндік құбырлар арқылы күкірттің қосылыстары қоршаған атмосфераны зияндауы әбден мүмкін.
Бүгінгі технологиялық тізбекте шикіқұрамның құрамындағы көміртегінің нағыз қажетті концентрациясы шамамен 2,1-2,3% құрайды.
Сонымен қатар заводтың көп жылдардығы жұмыс тәжірибесі күйежентектелу пешінің жақсы жұмыс жүрісіне төмендегідей параметірлер әсер ететіндігін анықтады:
– шикіқұрамның сұйық фазасының каустикті сілтілік концентрациясы 20г/л дейінгі мөлшерде пеш жақсы жұмыс істейді; 20г/л ден 30г/л дейін қанағатты, ал 30г/л жоғарғы концентрацияда пештің жұмыс режімі ауырлап, қиындап кетеді.
– (SO3)– 2 және Cl- иондарының концентрациясы алынған күйежентек бойынша жақсы анықталады, егер күйежентектің құрамында (SO3)– 2 ионы 3% дейін болса ол қанағаттанарлық жағдай, ал (SO3)– 2 мен Cl- иондарының қосылыстары 4,5% жоғары болса пештің жұмыс режімі ауыр жағдайға душар болады.
Сурет 6.1 – Күйежентекті ерітінділейтін құбырлық ерітіндегіш қондырғы