- •7.Қр Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •9. Қр Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •10. Азаматтықты алудың алғышарттары
- •11. Азаматтықты тоқтату негіздері
- •12.Азамат бір діннен екінші дінге өте алады ма?
- •13. Қр азаматы партияға мүше болуы міндетті ме
- •14.Қр азаматының саяси құқықтары мен бостанықтарын атаңыз
- •15. Қр басқа ұлтты азаматы өз тілінде сөйлеп, білім ала алады ма?
- •55.Азаматтың аты жөні мен тұрғылықты мекен жайы туралы сипаттама беріңіз
- •56.Бала құқықтарына жалпы сипаттама беріңіз
- •59.Ата аналық құқықтан айыру негіздерін атаңыз
- •60. Некенің жалпы сипаттамасы мен құқықтық салдарын талдаңыз
59.Ата аналық құқықтан айыру негіздерін атаңыз
Ата-аналарды олардың ата-аналық құқығынан айыру ата-аналық парызын орындамағаны үшін қолданылатын айрықша және ең жоғары жауапкершілік шарасы болып табылады. Ата-аналық құқықтан айыруға заң негізінде және заңда белгіленген тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Сол нысандарды қарастырып көрелік:
Кодекстің 75, 76 бабына сәйкес, егер ата-аналар: Ата-аналардың ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруы, соның ішінде алимент төлеуден әдейі жалтаруы; Ата-анасының дәлелді себептерсіз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де ұқсас мекемелерден алудан бас тартуы; Егерде ата-аналарының өтініші немесе келісімі бойынша күш-қуат не психикалық даму жағынан кемістіктері бар кәмелетке толмаған бала арнаулы мекемеде де психикалық стационарда жататын болса, ол ата-аналарын ата-аналық құқығынан айырудың негізі деп қаралмауы керек, өйткені ата-аналарының мұндай баланы толық мемлекет қамқорлығына орналастыруға құқығы бар; Ата-аналардың өздерінің ата-аналық құқықтарын теріс пайдалануы; Ата-аналарының балаларына қатыгездік көрсетуі, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасау. Балалардың жыныстық пәктігіне қастандық жасау қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып табылады; Ата-ананың тиісті медициналық қорытындыларымен дәлеледенген созылмалы маскүнемдікпен немесе нашақорлық аурумен ауруы; Ата-аналардың өз балаларының немесе жұбайының өмірі мен денсаулығына қасақана нұқсан келтіруі. Ата-аналық құқықтан айыру баланың құқықтары мен мүдделерін басқа жолдармен қорғау мүмкін болмаған жағдайда қолданылатын қатаң жаза болып табылады. Тек сот қана ата-аналық құқықтан айырады.
60. Некенің жалпы сипаттамасы мен құқықтық салдарын талдаңыз
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Некеге тұру ерікті түрде жүреді. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некенің жарамсыздығы туралы мәселе, егер ол мынадай жағдайларда қиылған болса туындайды:
некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;
неке жасына жетпеген адаммен некелескен;
іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;
жақын туыстарымен;
өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;
бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
ерінің қайтыс болуы;
соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
некенің бұзылуы (ажырасу).
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
