Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.31 Кб
Скачать

55.Азаматтың аты жөні мен тұрғылықты мекен жайы туралы сипаттама беріңіз

2-тарау. Азаматтық құқықтардың субъектілері

15-бап. Азаматтың есiмi

      1. Азамат тегi мен есiмiн, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесiнiң атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен мiндеттер алады және оларды жүзеге асырады.        2. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленiп, мiндеттердi жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншiк ат (ойдан шығарылған есiмдi) пайдаланатын реттерi көзделуi мүмкiн.        3. Азаматтың туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс.        4. Азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. Есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды. 

 16-бап. Азаматтың тұрғылықты жерi және заңды мекенжайы

      1. Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. S990005       2. Он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады.        3. Азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болады.        Азаматтың тiркелген жерi оның заңды мекенжайы болып танылады.        Азаматтарды тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.       4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтың тұрғылықты жерi және заңды мекенжайы туралы ақпарат оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.

56.Бала құқықтарына жалпы сипаттама беріңіз

52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және

тәрбиелену құқығы

1. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

2. Әрбiр баланың мүмкiн болғанынша отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, олармен бiрге тұруға құқығы бар.

Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуiне, оның мүдделерiн қамтамасыз етуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, оның адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.

Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгiленген тәртiппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етедi.

54-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы

Бала отбасында өз мүддесiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пiкiрi, егер бұл пiкiр оның мүдделерiне қайшы келмейтiн болса, ескерiлуге мiндеттi. Осы Заңда (56, 70, 84, 86, 88, 97, 98, 122-баптар) көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.

55-бап. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және

тегiн алуға құқығы

1. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.

2. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келiсiмi бойынша қойылады, аты-жөнi әкесiнiң аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып берiледi.

Әкесi атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесiнiң аты-жөнi өзгередi, ал кәмелетке толған балалардың әкесiнiң аты- жөнi бұл туралы өздерi арыз берген жағдайда өзгертiледi.

57.меншік құқығының сипаттамасын беріңіз

Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Меншік Құқығы:

  1. Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;

  2. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:

  1. Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;

  2. Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;

  3. Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.

58.ата аналық құқықтары мен міндеттердің жалпы сипаттамасы

Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

  1. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.

  2. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

  3.  Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

  4.  Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.

  5.  Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]