- •7.Қр Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •9. Қр Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •10. Азаматтықты алудың алғышарттары
- •11. Азаматтықты тоқтату негіздері
- •12.Азамат бір діннен екінші дінге өте алады ма?
- •13. Қр азаматы партияға мүше болуы міндетті ме
- •14.Қр азаматының саяси құқықтары мен бостанықтарын атаңыз
- •15. Қр басқа ұлтты азаматы өз тілінде сөйлеп, білім ала алады ма?
- •55.Азаматтың аты жөні мен тұрғылықты мекен жайы туралы сипаттама беріңіз
- •56.Бала құқықтарына жалпы сипаттама беріңіз
- •59.Ата аналық құқықтан айыру негіздерін атаңыз
- •60. Некенің жалпы сипаттамасы мен құқықтық салдарын талдаңыз
11. Азаматтықты тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
20-бап. Азаматтықтан шығу
Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына берілген өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгiленген тәртiппен жасаған өтiнiшi негiзiнде рұқсат етiледi.
Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы мiндеттемелерiнiң немесе мүлiктiк мiндеттемелерiнiң орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерi байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкiн.
Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адам айыпкер ретiнде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзiнде күшiне енген сот үкiмi бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауiпсiздiгi мүдделерiне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берiлмейдi.
21-бап. Азаматтықтан айырылу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттердi қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауiпсiздiк қызметiне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесiнде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе;
5) егер адам басқа мемлекеттiң азаматтығын алған болса, айырылады.
12.Азамат бір діннен екінші дінге өте алады ма?
Иа әр азамат өз қалауы бойынша бір діннен екінші дінге өте алады
13. Қр азаматы партияға мүше болуы міндетті ме
8-бап. Саяси партияға мүше болу
1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс.
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады.
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс.
14.Қр азаматының саяси құқықтары мен бостанықтарын атаңыз
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.
