Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.31 Кб
Скачать

1.құқық қағидаларына сипаттама беріңіз

Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Сонымен қатар бұл мәселенің маңыздылығы отандық ғылымда қалыптасқан қағидалар туралы түсініктің тар нормативтік құқықтүсінушілік база негізінде қалыптасуымен түсіндіріледі және көптеген жетімсіз тұстары бар. Біріншіден, құқық қағидалары ретінде әдетте, заң нормаларында ресми бекітілген негізгі, бастапқы идеялар ғана айтылады. Бұл көзқарастың логикалық тұжырымы қағидалар тек көрсетілген нормалар мазмұнында ғана көрінуі тиіс және оның қатарына қоғамда мойындау тапқан және құқықтық қатынаста іс жүзіне асырылатын, бірақ нормативтік-құқықтық актілерде белгіленбеген құқықтық сананың бастапқы идеяларын жатқызуға болмайды. Тағы бір жетімсіз тұсы ретінде қағидалардың маңыздылығының тарлығы және оның әрекет ету ауқымының құқықшығармашылық және құқыққолдану шеңберінде шектелуі болып табылады және құқықшығармашылықта оларға нақты норманың мазмұнын айқындайтын теоретикалық базаның рөлі беріледі, ал құқық қолдануда олардың функциясы сол нормаларды түсіндіру қажеттілігімен ғана шектеледі. Қағидаларды зерттеу формальды заңды сұрақтармен шектеліп қалмайды. Құқық нормасы - бұл құқықтық сана да тиесілі болатын оның болмысының абстрактілі формасының бірі ғана . Сондықтан, заң нормаларының және оның заңдық бекітілуінің мазмұнында қағидалардың көрініс табуының маңыздылығын жоққа шығармай олардың құқықтық санамен және құқықтық қатынаспен байланысын назарға алмай қалдыруға болмайды. Күрделі көпсалалы құқық мазмұны оның қағидаларын кешенді түрде талдауды талап етеді, яғни генетикалық, гносеологиялық, онтологиялық және функционалдық. Осыған орай, «құқық қағидалары», «заңдық қағидалар», «бастапқы идеялар», «бастаушы жағдайлар» терминдері синоним ретінде пайдаланылады.

2.мемлекеттің жалпы сипаттамасы

Мемлекет- белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже- қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.

3.мемлекеттің қызметіне жалпы сипаттама беріңіз

Мемлекеттің қызметтеріне келсек, ол күрделі екі топқа: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:

-экономикалық;

-әлеуметтік;

-қаржы реттеу;

-мәдениет бағытындағы;

-экологиялық;

-құқықтық тәртіпті реттеу жатады.

Сыртқы қызметтеріне:

-шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым- қатынастарды дамыту;

-мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;

-мәдени және ғылыми- техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

-дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру;

-мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және тағы басқаларын жатқызуға болады.

4.азаматтардың жеке құқытары мен бостандықтарын атаңыз

-Өмір сүру құқығы;

-Өзіндік бостандық құқығы;

-Өзіндік салым мен құпиясын сақтау құқығы;

-Жүріп- тұру, тұрғын орын таңдау бостандығы;

-Ой, шығармашылық бостандығы;

-Ұждан бостандығы;

-Мемлекет ісін басқару құқығы;

-Мемлекет органдарына сайлау және сайлану құқығы;

-Бірлесу құқығы;

-Жиналыс, митингі және демонстрация өткізу, қатысу құқығы өкімет органдарына өтініш және арыз айту құқығы;

-Денсаулықты қорғау, медициналық көмек алу құқығы;

-Әлеуметтік қорғану, өзін қамсыздандыру, үй- жай алу құқығы;

-Білім алу құқығы;

-Еңбек бостандығы және кәсіпкерлік құқығы;

-Жекеменшік құқығы;

-Денсаулық лайықты табиғи ортаның сақталуы құқығы;

5.мемлекеттің құрылым нысанының белгілері

Мемлекеттік құрылым нысаны– бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.Жай немесе біртұтас мемлекет –бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

1.Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әртұрлі болған.

2.Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.

3.Федерация –бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады;

4.Достастық–бұл  ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын  мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін.

5.Одақтастық– бұл  қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді

6.мемлекеттік биліктің жоғарылығын білдіретін белгілерді атаңыз

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір тұрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге–қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.

2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.

3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.

4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес және тәуелсіз.

5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді және қоғамдық тануды иеленген.

Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.

7.Қр Конституциясының жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. 

I бөлім. Жалпы ережелер

  • II бөлім. Адам және азамат

  • III бөлім. Президент

  • IV бөлім. Парламент

  • V бөлім. Үкімет

  • VI бөлім. Конституциялық кеңес

  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережеле

8.азаматтардың жеке құқытары мен бостандықтарын атаңыз

1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Жеке құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:

1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);

  1. жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.

Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.

9. Қр Конституциясының жалпы сипаттамасы

«Конституция» деген сөздің латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды білдіреді. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден ерекшеліктері: қоғамдық қатынастардың негізін қалайды; құқықтың негізгі бастауы болыр табылады; ең жоғарға заңдылық күші бар; оның ерекше тәртіппен қабылдануы; тұрақтылығы. Қазақстанның негізгі құқықтық құжаты ҚР 1995 жылы 30 тамызда өткен республткалық референдумда қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді. ҚР Конституциясы тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұрады.

I бөлім. Жалпы ережелер, II бөлім. Адам және азамат, III бөлім. Президент, IV бөлім. Парламент, V бөлім. Үкімет, VI бөлім. Конституциялық кеңес, VII бөлім. Соттар және сот төрелігі, VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

10. Азаматтықты алудың алғышарттары

Сол мемлекетте туылған азамат

Егер басқа мемлекет азаматы болса бес жыл тұрақты тұру

Егер ҚР азаматымен некеге отырсы үш жыл ішінде ала алады

Азаматтықты аламын деушінің туыстарының болуы процесті жеделдетеді (қандай да бір тарихи оқиғаларға байланысты)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]