Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_ZhFMG_Def.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.61 Mб
Скачать

Лекция 1

Тақырып: Кіріспе

Жоспар: Балалардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері

Адам жасының кезеңдері

Кілт сөздер: физиология, өсу, даму, акселерация, мүшелер

Жас өспірімдер физиологиясы мен гигиенасы балалар организмінің жасына сай құрылыс, қызмет ерекшеліктерін, өсу және даму барысындағы барлық адамға ортақ түрлі заңдылықтарын қарастырып, денсаулығын сақтау үшін қажетті қолайлы жағдайларды ұсынады.Бұл ғылым балалардың денесінің дұрыс дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.

Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіштері бар: бойы, салмағы, кеудесі. Өсу мен қатар организмде даму процесі жүріп жатады. Даму сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың дифференциясы белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрісінің молаюын айтады. Баланың дамуы 2 түрлі болады: физикалық және функциялық.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

  • өсу мен даму гетерохронды болады

  • мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі

  • өсу мен даму баланың жынысына байланысты

  • функциялық мүшелер жүйесі мен мүшелер қызметтерінің беріктігі

  • өсу мен дамудың тұқымқуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі

  • өсу мен дамудың акселерациясы

Адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

  1. Жаңа туған сәби(алғашқы 10 күн)

  2. Емшектегі сәби(10 күннен 1 жасқа дейін)

  3. Алғашқы балалық шақ(1-3 жас)

  4. Бірінші балалық шақ(4-7 жас)

  5. Екінші балалық шақ(қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас)

  6. Жеткіншек немесе жасөспірімдер(12-15, 13-16)

  7. Кәмелеттік немесе жігіттік/бойжеткендік(16-20, 17-21)

  8. Ересектік мерзімнің 1-ші жартысы(әйелдер 21-35, ерлер 22-35)

  9. Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы(36-55, 36-60)

  10. Егде жас(55-74, 60-74)

  11. Қариялар немесе кәрілік(74-90 жас ерлер мен әйелдерде бірдей)

  12. Ұзақ өмір сүрушілер(90 жастан әрі қарай)

Лекция 2

Тақырып: Нерв жүйесінің физиологиясы. Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері

Жоспар: Нерв жүйесінің құрылысы.

Нерв талшығының қасиеттері.

Кілт сөздер: нерв жүйесі, нерв талшықтары, нейрон, синапс, ми.

Жүйке жүйесі құрылысына байланысты екіге бөлінеді.

  1. орталық ( жұлын, ми)

  2. шеткі (нерв талшықтары)

Жүйке жүйесі қызметі бойынша:

  1. соматикалық (тірек-қимыл аппаратының қызметін реттейді)

  2. вегетативті (ішкі мүшелер қызметін реттейді)

Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.

Нейронның денесін сома деп атайды. Оның пішіні әр түрлі: сопақша , ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді т. б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері – нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын аксон (грекше аксон – тірек деген иағынада), қысқы талшықтарын дендрит деп атайды (дендрон - ағаш).

Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:

  • мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;

  • денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;

  • организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

  • сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;

  • денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді:

Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштары – рецепторлар, қозғаушы ұштары – эффекторлар.

Нейронның бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана нейронның аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешегінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (латынша медиатор – делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстың және мембраналардың арасында синапс аралығы болады.

Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары екі түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған миелині болмайды.

Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп аталады, ал қосуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді, орталықтан тепкіш немесе эфференттік нервтер дейді.

Орталық жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан. Ересек адамдарда 0,5 метрге жуық, салмағы 38-37 г. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады. Төменгі ұшы шашақтарының i-ші және ii-ші бел омыртқа тұсында бітеді. Жұлын 31-32 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12-кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері.

Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып, дененің терісін , аяқ-қолдарын, дене тұлғасының беттерінің нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.

Сопақша ми жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см., салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және IX-XII ми нервтерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі - сопақша мидың үстіңде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп атайды. Рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Көпірден V VI ми нервтері шығады және көпір сопақша мидың арасынан VII VIII ми нервтері шығады.

Мишық – сопақша мидың арт жағында орналасқан. Мишық үш бөлімнен тұрады: мишық құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан құралған:

I – сыртқы, молекулярлық:

Ii – ортаңғы, ганглиялық;

Iii – ішкі, түйіршіктік қабаттары.

Оның негізгі қызметі – тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі, тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырушы.

Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар:

  1. Қызыл ядролар.Оның қызметі – бұлшықеттердің тонусын реттейді.

  2. Қара субстанция. Оның қызметі – саусақтардың нәзік қимылдарын реттейді.

  3. Алғашқы есту, көру орталықтары.

Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды.

Таламустың қызметі: таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді.

Гипоталамустың қызметі: зат алмасуды, дененің температурасын, аштық және шөлдік сезімдерін, жағымды-жағымсыз эмоцияларды, ұйқы мен сергектікті реттейді және гипоталамуста нейросекрет түзіледі. Осы нейросекрет арқылы гипоталамус ішкі секреция бездерін реттейді.

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары) – мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейроннан тұрады:

  1. Молекулярлық қабат

  2. Сыртқы түйіршікті қабат

  3. Пирамидалық қабат

  4. Ішкі түйіршікті қабат

  5. Терең орналасқан пирамидалық қабат

  6. Көппішінді клеткалар қабаты

  7. Жіп тәрізді клеткалар қабаты

Ми сыңарлары сұр және ақ затқа бөлінеді. Сұр зат нейронның денесі, ал ақ зат нейронның талшықтары жоғарыда айтып кеткен 7 қабат ми сыңарларының сұр заты.

Лекция № 3Жоғары жүйке әрекеті туралы түсініктің пайда болуы

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі

жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет.Туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді, тұқым қуалайды. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалылтасады. Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде,сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады,. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады,тұрақсыз, уақытша. Шартты рефлекс пайда болуы үшін бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет. Шартты рефлекс пайда болуының негізі,- ми қыртысыныда нарв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыс пайда болады. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар:

1) Әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы,шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек),олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;

2) Тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі;

3) Аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қаайталануы;

4) Шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;

5) Жүйке жүйесінің маңызды бөлімі-ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі-ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.

Шартты рефлекстердің тежелуі.Тежелу 2 түрлі болады:сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ми қыртысында қосымша күшті қозу ошағы пайда болған жағдайда, қозу ошағын тежейді де ол жауап тоқтап қалады,бұл индукциялық тежелу. Шектен тыс тежелу тітіргендіргіш күшті, немесе ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда пайда болады. Шартты немесе ішкі тежелу: шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпегенде біртіндеп шартты жауап жойыла бастайды да,біраздан соң мүлде тоқтайды- бұл сөңгіш тежелу. Өте ұқсас тітіркендіргіштерді бір-бірінен ажыратады,бұл ажырату/дифференциалды/ шартты тежелуі. Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Талдау арқылы организм өзіне қажетті,тиімді әсерлерді бөліп алып,ажыратады.Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады,талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді. Динамикалы стереотип адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін,яғни белгілі бір жүйеге келтіруды айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]