Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_ZhFMG_Def.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.61 Mб
Скачать

Лекция 13

Тақырып: Мектеп гигиенасы

Жоспар: Мектепті жабдықтау

Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигеналық талаптар

Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

Кілт сөздер: мектеп, парта, тақта, гигиена

Мектепті жабдықтау. Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін жұмыс жасауға ыңғайлы болуы керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге ұнамды, бөлшектері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс орналасуы қажет. Жабдықтардың баяуының түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықты аз сіндіріп, бөлмедегі жарық коэффициентін төмендетпейтіндей болуы тез.

Сыныптағы жабдықтарға парталар, үстелдер, орындықтар, шкаф- витриналар, сынып тақтасы, түрлі техникалық оқыту саймандары жатады.

Парталар. Мектеп парталары – сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Парталардың негізі ағаштан немесе металдан жасалады.

Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі және отырғышы парта үстелінің беті және отырғышы ашық ақшыл түсті боялып, металл қаңқасы әбден тегістеледі. Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 2/3 бөлігіне сәйкес жасайды. Мұндай тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38см, арқалығының биіктігі 18 см.

Партада отыру ережесі. Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу жылының басында сынып жетекшісі оқушыларды дене ерекшеліктеріне сай отырғызады. Аласа бойлы балалар мен нашар еститін оқушылар алдыңғы қатарда, көзі нашар көретіндер терезеге жақын, ұзын бойлыларды соңғы қатарға отырғызады. Әрбір тоқсан сайын балалардың дене ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар мен 2-ші қатардағы, алдыңғы парталар мен соңғы парталардағы балалардың орыны ауыстырып отырғаны жөн. Партада немесе үстелде отырғанда оқушының денесі тік орналасып, орындыққа терең отыруы керек. Кітап оқып, қағаз жазғанда баланың басы сәл алға еңкейеді. Оның көзі мен қағаз аралығы 35-40 см шамасында болуы керек. Оқушының кеудесімен парта аралығында 3- 4 см немесе оқушының жұдырығы өтетіндей аралық болуы керек. Оқушының арқасы орындық арқалығына сүйеніп отырғанда оның бел омыртқасы, сегізкөз суйектері мен жауырыны төменгі бұрыштары орындық аралығына тиіп тұрады.

Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигеналық талаптар. Сынып тақтасы- оқу бөлмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Тақта бөлменің алдынғы қабырғасының дәл ортасында бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныптарда-95 см, жоғарғы сынаптарда – 100 см биікте ілінеді. Тақтаның ұзындығы көбінесе 3 см, ені 1,2 м, беті бір тегіс, бірақ жылтыр емес, түсі қоңыр немесе қою жасыл болады.

Мұғалімнің үстелі мен орындығының ересек адамға арналған, отырып тұруға қолайлы болуы керек. Ол терезе жақтағы парталар қатарының алдында немесе ортада орналасады. Оқушы партасы мен мұғалім үстелінің арасында кемінде 15-20см аралық қалдырады.

Мектеп лабораториясының жабдықтарына бір немесе екі кісілік лабораториялық үстелдермен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі жатады. Онда көп орынды үстелдерді қоюға болмайды, себебі олар әрбір оқушының еркін жұмыс жасауына қолайсыз болғандықтан, балалардың жарақаттануына себеп болады.

Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 метр, ені 80 см, биіктігі 80см. Үстел лабораториялық бөлменің алдынғы жағында сәл биіктелген арнайы орында тұрақты бекітіледі.

Мектептегі сабақ кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардын апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптанының дүйсенбі, сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді.Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады.

Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Мектеп оқулықтары тез тозбайтын, ақ немесе сәл сарғыш түсті тегіс қағаздан жасалады. Мемлекеттік стандарт бойынша 1-ші және 2-ші номерлі А және Б маркалы қағазды пайдалануға болады. Кітаптың мұқабасы мықты, ұзақ пайдалануға болаты, салмағы жеңіл, оңай дизенфекциаланатын болуы тиіс. Кітаптың әріптері мен суреттері анық, біркелкі тегіс типографиялық қара бояумен басылады, 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен цифрларының биіктігі 2,8мм, әліппелерде – 4,5-3,5мм, 2-4-ші сыныптар үшін 2,1-1,75мм, 5-11-ші сыныптарға 1,75-1,50мм. Кітаптардың ішіндегі суреттері әдемі, әр түсті, көз тарататындай болу керек. Сөздердің аралығы 2мм, әріптер аралығы 0,5мм. Оқулықтардағы әріптер тығыздығы гигиеналық талап бойынша 1см2 жерде 1,5 әріптен аспау керек. Әріптер жолының ұзындығы 100-110мм. Жолдың мұндай ұзындығы сөйлемдердің толық мағынасын түсінуге ыңғайлы.

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

Балалардың кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету, қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.

Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабақ оқуына және үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16-18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8-12 сағат аралығында сабаққа дайындалған жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1-ші сынып оқушылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8-11-ші сынып оқушылары 3-4 сағат уақыт жұмсайды.

Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25-30 минут сайын, жоғарғы сыныптағылар 45 минут сайын үзіліс жасап, демалу керек. Жоғарғы сынып оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минут белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың талдауына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады.

Оқушының киіну гигиенасы. Киім денені сыртқы ортаның механикалық, химиялық жағымсыз әсерінен сақтайды. Сондықтан баланың денсаулығын қамтамасыз етіп, оның еңбек өнімін арттыруда киімнің маңызы зор. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда киім адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, жеңіл,еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек.

Киімнің қажетті мөлшерде ылғал сіңіргіш қасиеті денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Ылғал сіңіргіш қасиет деп маталардың ауадағы судың дуын немесе денеден шыққан терді сіңіру қабілетін айтады.

Киімге деген гигиеналық талаптар оның түрі, пайдалану жағдайларын, ауа-райын, қызмет бабын ескереді. Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін төрт топқа бөледі: Сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім.

Оқушылардың сыртқы ауыр жылы киімі жеңіл,жылы баланың денесіне сай болу керек. Сыртқы жеңіл киім баланың денесіне ықшам, қозғалысына қолайлы, жеңіл, мықты, әсем және таза болу керек. Іш киім табиғи жіптен тоқылған маталардан тігіледі.Аяқ киім табанды тоназудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]