
- •1.1 Пісіру бөлімі өндірісі жобалаудың негізгі мақсаты және міндеті
- •Пісіру бөлімін жобалаудың басты мақсаты
- •1.3 Жинақтап пісіру бөлімін жобалаудың басты мақсаты
- •1.4 Пісіру өндірісінің түрлері және анықтамалары
- •2 Есептік бөлім
- •2.1 Жиналмалы пісіру цехының негізгі есептеулері
- •3 Пісіру бөлімінің типті схемасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
1 Негізгі бөлім
1.1 Пісіру бөлімі өндірісі жобалаудың негізгі мақсаты және міндеті
Пісіру өндірісі ол процесстердің қосындысы,яғни пісірілген конструкцияны дайындауды аяқтау технологиясы.
Өндірістің басты элементі:
Берілген өндіріске қажетті материалдар негізгі және қосалқы;
Өндірістік жабдықтар (топ бойынша);
Өндірістік жабдықтардың құрамына кіретіндер:
Металлды өңдеу және дайындау жабдығы;
Берілген стандартты бұйымдар,берілген өлшеммен,яғни оларға (гильтонды қайшы,токарь станогы,газ кесуші машина);
Дайындалған бұйымды жинау жабдығы (манипулятор,велотележка,гидравликалық скобы);
Бөлшекті пісірудің механикалық жабдығы (стенд,айналдырғыш,стапель);
Жұмыстың жасалу сапасын тексеруші бақылаушы жабдықтар;
Цехтың ішіндегі бұйымдарды көтеріп түсіруге арналған жабдықтар.
Аталған жабдықтар тобы конструкциялық ерекшеліктеріне ие:
Жылжымалы;
Стационарлы;
Түрлі өнімділіктегі;
Автоматтандырылған және механикаландырылған элементтерімен.
Цехтағы жұмыс өнімділігін жақсарту үшін ол жабдықталуы керек:
Жылыту жабдығымен;
Винтиляциямен;
Жарықтандыру қондырғысымен;
Тұрмыс жабдықтарымен (стол,шкаф,орындық);
Цехтың жұмыс істеуіне энергияның барлық түрі қажет, өндірісті және жұмысшы санат құрамына қажет:жұмысшы құрамы көмекші және өндірістік жұмысшы,төменгі қызметкерлер,администрация қызмет құрамы.
Өндірістің қосымша элементтері тұрады:
Өндірістік процесстің техникалық құжаттамасы,ол бұйым дайындау кезіндегі барлық байланыс түрін анықтап отырады;
Рационалды қозғалу кезіндегі кеңістік ол өзіне өндіріс ауданын қосады;
Өндіріс типіне сәйкес өндірісті басқарудың рационалды схемасы.
Пісіру бөлімін жобалаудың басты мақсаты
Пісіру бөлімін жобалауда басты мақсаттардың бірі,шығарылатын
өнімнің жоғарғы сапада болуы.Сонымен қатар өзінің металлсиымдылығымен,бағасымен сыртқы нарықта бәсекеге түсе алатын сатыда болуы.Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін,жобалауды минимальды уақытта бітіру,сонымен қатар бұйым жобалық шешімнің оптимизациялы шешілуі керек.Міндетті шарттардың бірі шығарылатын өнімнің тез ауыстырылуы артық шығынсыз.
Өндірістің экономикалық тиімділігі бір типті өнімді шығару көлеміне байланысты,себебі жоғары концентрацияның көптігі өндірісті аймақтың және жабдықтың үлкен қайтымдылықпен жасауға мүмкіндік туғызады.
Пісіру бөлімі металлургия,құю,штамптау өндірісімен тығыз байланысты.Оларды металл дайындамалар келеді,олардың пісіру цехына жақын орналасуы тасымалдауға уақытты азайтып,яғни бұл жұмыстың жүруіне септігін тигізеді.
Пісіру бұйымын өндіру зауыты бөлек цехтардан тұрады:
Металл қоймасы;
Дайындау өндірісі;
Дайындаманың аралық қоймасы (комплектация қоймасы);
Конструкция түйінін жинау және пісіру бөлімі;
Дайын бұйымның қоймасы.
Қазіргі заманғы қоймалар бір жүйеде орналасқан,яғни бір шатырда металл қоймасынан басталып,дайын бұйым қоймасымен аяқталады.
Металл қоймасында-прокат типіне және бұйым түріне байланысты
сақтайды.Цехқа металл теміржол арқылы немесе автокөлік арқылы жеткізіледі.Көтеріп түсіру операциялары үшін мостты крандармен жабдықталады.Дайындау өндірісі прокатты механикалық және беттік механикалық және термиялық кесумен жасау үшін арындық және автоматты жүйелер қолданылады,арнайы көліктер.
Ірі зауыттарда әсіресе өндіріс азсериялы болғанда,бұйым көлемі он мың болып кетуі мүмкін.Бұл бұйымдарды тасымалдау үшін транзит немесе аралық арқылы жасалады.
Транзит әлде қайда тиімді,әрі арзан,бірақ ол нақты дайындалған үлкен сериялы өндірісте қолданылады.
Бұйымдарды қоймада сақтау үшін,арнайы аралықтар бөледі,арнайы көтеріп түсіру құралдарымен жабдықталған:
- бөлшектерді сақтауға арналған жәшікті аумақ,олар арнайы стеллаждарда тұрады;
- ұзын бұйымдарды сақтауға арналған бөлімше (6 м-ге дейін);
- ұзын бұйымдарды жерде сақтауға арналған бөлімше( 6 м-ден ұзын)
Конструкция түйінін жинау және пісіру бөлімінде арнайыландырылған немесе әмбебап көтеріп түсіру құрылғыларымен,дайын бұйымдар үшін арналған бөлімшелерден тұрады.
Өндірісті жобалау құжаттарының талаптары:
Пісірілген конструкцияларға мінездеме (сызбалар,техникалық қажеттіліктер);
Өндірістің жылдық жоспары;
Өмір тіршілік қауіпсіздігі;
Автоматизацияланған жүйелерге мінездеме.
Технологиялық және тасымалдаушы бөлім:
Цех бөлімінің жұмыс жобасы және жұмыс істеу тәртібі;
Барлық энергия түрінің шығыны;
Жұмысшылар құрамы;
Жабдықтың құны және машиналардың номиналды сипаттамасы;
Жылдық эксплуатациялық шығын;
Жобаның технико-экономикалық көрсеткіші;
Энергетикалық бөлім бұл жерде барлық жұмсалатын қуат,цехтың
қуаттандырудың есептік үлгісінен тұрады.