Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ферменттер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.01 Кб
Скачать

8 Ферменттердің атауы және жіктелуі

Ферменттердің қазірні атаулары мен жіктеуін 1961 ж. Халықаралық биохимиялық Одақтың Комиссиясы бекіткен.

Ферменттерді екі жолын атайды: жүйелі (рациональдық) және трививальдық (жұмысшы).

Жүйелі бойынша әрбір фермент атауының аодына оның шифры қойылады. Шифр төрт цифрдан құралады. Біріші цифр ферменттің қай класқа жататынын көрсетеді. Екінші цифр оның класс тармағын білдіреді. Үшінші цифр класстармағының түрін аңықтай түседі. Төртінші сан ферменттің осы класс тармағындағы рет нөмерін білдіреді.Ферменттің цифрындағы әрбір цифр бір бірінен нүктемен бөлінеді.

Өте қысқа, әрі пайдануға қолайлы тривиальды атау болып саналады. Ол екі жолмен пайда болады:

1 фермент әсер ететін субстраттың латынша түбіріне «аза» қосымшасын жалғау арқылы. Мыс: Крахмалды (аmylum) ыдыратушы фермент амилаза.

2 фермент активтендіретін реакцияның атауы «аза» суффиксімен үстеу арқылы. Мыс. Гидролаза субстратты судың көмегімен ыдратады. Кейбір ферменттердің тарихи атаулары (пепсин, трипсин және т.б.) қолданылады.

Жаңа жіктеу бойынша белгілі ферменттердің барлығы алты классқа бөлінеді.

Оксидоредуктаза сутегінің атомдарын немесе электрондарды бөліп және қосып алу арқылы субстарттың тотығу тотықсыздану процесін үдететін фермент.

Трансфераза атомдардың түрліше оптарының тасымалдану реакциясын катализдейтін фермент тасымалдайтын тобының атауына сәйкес метилтрасфераза, аминотрансфераза және т.б. деп аталады.

Гидролаза заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын фермент:

а) эстеразалар күрделі эфирлі байланыстарды гидролиздейді.

ә) липаза триглицеридтерді глицерин және май қышқылына ыдыратады.

б) гликозидазалар көмірсулардағы глюкозидтік байланыстарды гидролиздейді. Оларға амилаза, лактаза, мальтаза және т.б. жатады.

в) протеиназалар белоктардағы, полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді:

Лиаза еселенген байланысты түзе немесе бұза отырып, түрлі атомдар тобы қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін фермент.

Изомераза изомеризация реакциясын катализдейтін фермент.

Лигаза (синтетаза) АТФ энергиясының есебінен түрлі заттардың синтезделу реакциясын шапшаңдататын фермент.

Тіршілік процестерінің қалыпты өтуі ферменттердің әрекетіне байланысты. Ферментативтік реакциялардың бұзылуы әр түрлі ауруға шалдықтырады.

Сондықтан да, кез келген ферменттің клеткадағы немесе биологиялық сұйықтардағы активтігін анықтау арқылы әр түрлі органлармен тканьдердегі өтіп жатқан өзгерістер жайында мағлұматтар алуға болады.

Қортынды

Сонымен, фермент дегеніміз биохимиялық реакциялар кезінде катализдік активтілік көрсететін белоктар екені белгілі болды. Ферменттер тек тірі клеткада ғана емес, сонымен бірге клеткадан тыс ортада да өз күшін жоймай реакцияны тездетеді. Мұның үлкен практикалық маңызы бар. Олардың әрқайсысы заттардың белгілі бір түріне әсер ете алады. Мәселен, сүт қантын ыдырататын фермент оған ұқсас басқа қанттарға (мальтоза, сахароза) әсер етпейді. Ал кейбір ферменттер белоктарды, майларды, көміртектердіы құрам бөліктеріне ыдыратып қана коймай, сол заттардың торда синтезделуіне қатысады. Ауыр металл тұздары цианид қосылыстары және формальдегид ферменттердің қызметін нашарлатады. Мұндай заттарды ингибиторлар деп атайды. Ферменттер кейбір улы заттардың әсеріне төзімді келеді. Мәселен, клеткаға хлороформ, тимол, толуол сияқты заттар енсе, олардың тіршілігі бірден тоқталады, бірақ кейбір ферменттер өз күшін жоймай сақталып қалады. Ферменттердің бұл қасиетін бактериологиялық лабораторияларда қоректік орталар үшін пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]