Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TS_Matematika_8kl_kaz_1chetvert.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.83 Кб
Скачать

3 Ішкі жиынтық бағалау жұмыстары мен дағдылар тобына шолу

Спецификация Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-сыныптағы «Математика» пәні бойынша ішкі жиынтық бағалаудың мазмұнын сипаттайды.

«Математика» пәні төмендегі дағдылар бойынша бағаланады.

Дағдылар тобы

Дағдылар

1

  • Білу

  • Түсіну

2

  • Қолдану

  • Анализ

  • Синтез

  • Сыни ойлау

8-сыныптың оқу жоспарында білім алу мен қолдану әр тоқсан көлемінде жақсы теңестіріліп берілген. Оқу бағдарламасына енгізілген дағдыларды, НЗМ ұстанымында түйінді болып табылатын дағдыларды көрсету үшін 2 топтаманың дағдылары –қолдану, анализ, синтез, сыни ойлау дағдылары – оқу жылы барысында дамытылады. Бұл балдардың пайыздық қатынасы және оқу тоқсандары көлеміндегі дағдылардың екі топтамасы ретінде келесі бетте берілген.

Сіздің құрастырылған сұрақтарыңыз тоқсанға берілген спецификацияға сәйкес келуі үшін бірталай икемділік қажет болуы мүмкін.

3.1 Ішкі жиынтық бағалаудың оқу тоқсандарында өткізілуі

Берілген спецификацияда әр тоқсан бойынша дағдылар тобына бөлінген балдар көрсетілген. Берілген ақпаратты нұсқаулық ретінде қарастырып, кейбір сұрақтарды сәйкесінше өзгертуге болады. Оқу жоспарының бөліктеріне сай бөліп ұсынылған балдар дағдылар тобын да көрсетеді. Балды бөлу оқу деңгейі мен пән бойынша дағдылар тобына енген бағалауға сай келетін тапсырма түрлерін қарастыруға негізделген.

Ішкі ЖБ жұмысының әр тоқсан бойынша өткізілу реттілігі

Тоқсан

Дағдылардың 1-тобы

Дағдылардың 2-тобы

Жалпы балл

1

20

10

30

2

15

15

30

3

10

20

30

4

10

20

30

3.2 Математика пәнінен сұрақтар типтері

Жауапты таңдап алуға берілген сұрақтар/Жабық типтегі сұрақтар: Оқушы дұрыс жауапты тізімнен таңдап алады. Бұл бес нұсқаның бірі болатын жауап, тізімде берілген дұрыс сөзді қою арқылы сөйлемді аяқтау, екі тізімнен байланысы бар сөздерді біріктіру, т.б. түрде болуы мүмкін.Әдетте 1 балмен бағаланады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар: бұл типтегі сұрақтарсандық мән түрінде, қысқаша бір сөз немесе сөйлеммен жауап беруді қажет етеді. Дұрыс жауап үшін 1 немесе 2 балл беріледі.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар: Оқушылардан максимал балл алу үшін шешімнің барлық қадамдарын көрсету қажет етіледі, оқушының өз жұмысында математикалық тәсілдерді таңдай білу және математикалық контекстерде қолдана білуі бағаланады. Сұрақ құрамында бірнеше құрылымдық бөліктері/ішкі сұрақтары болуы мүмкін, сұрақтың көлемі мен талаптарына сай 3 және одан көп балменбағаланады.

4 1-тоқсан

Тест ұзақтығы: 80 минут

Балдар саны: 30

Емтихандық жұмыс саны: 1

Оқу жоспарының тарауы

Дағдылардың 1-тобы

Дағдылардың 2-тобы

Балдар

Санның стандарт түрі*

4

-

4

Қысқаша көбейту формулалары

8

5

13

Көпмүшелерді жіктеу

8

5

13

* ауыспалы тарау (7 сынып курсынан)

1-тоқсанда әр типтегі сұрақтардың ұсынылатын үлестірулері

Сұрақ типі

Балдардың типтік үлестірілуі

Жалпы балл

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

5сұрақ,

әр дұрыс жауапқа 2 ұпай

10

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5сұрақ,

әр дұрыс жауапқа 3-5 ұпай

20

1-тоқсанда ұпайлардың ықтимал үлестірулері

Оқу жоспарының тарауы

Жауапты таңдап алуға берілген сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жалпы балл

Санның стандарт түрі*

-

-

4

4

Қысқаша көбейту формулалары

-

7

7

13

Көпмүшелерді жіктеу

-

3

10

13

* ауыспалы тарау (7 сынып курсынан)

4.1 1-тоқсанға арналған мысал сұрақтар үлгісі мен балл қою кестесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]