
- •« Математика» пәнінен ішкі жиынтық бағалауға (іжб) арналған спецификация
- •8 Сынып Астана 2014
- •Дағдылар тізімі
- •3 Ішкі жиынтық бағалау жұмыстары мен дағдылар тобына шолу
- •3.1 Ішкі жиынтық бағалаудың оқу тоқсандарында өткізілуі
- •3.2 Математика пәнінен сұрақтар типтері
- •1. Амалдарды орындаңыз:
- •5 Қосымша материалдар
- •6 Ішкі жиынтық бағалауды өткізу ережелері
- •7 Стандарттау және балдарды қою
« Математика» пәнінен ішкі жиынтық бағалауға (іжб) арналған спецификация
8 Сынып Астана 2014
Мазмұны
1 Дағдылар тізімі …………………………………………………………………..… 2
2 Кіріспе …………………………………………………………………………….… 3
3 Ішкі жиынтық бағалау жұмыстары мен дағдылар тобына шолу ……………… 3
3.1 Ішкі жиынтық бағалаудың оқу тоқсандарында өткізілуі …………… 4
3.2 Математика пәнінен тапсырмалар түрлері ……………………………. 4
4 1-тоқсан…………………………………………………………………………… 5
4.1 1-тоқсанға арналған мысал сұрақтар үлгісі мен балл қою кестесі ……. 5
5 Қосымша материалдар……………………………………………………….…… 7
6 Ішкі жиынтық бағалауды өткізу ережелері ………………………..……….…… 7
7 Стандарттау және балдарды қою………………………………………………… 8
Дағдылар тізімі
1-дағдылар тобы |
Сипаттамасы |
Білу
|
Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен анықтамаларды, нақты деректерді білуі және еске түсіруі |
Түсіну |
Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізуі, болжауы немесе түсіндіре білуі |
2-дағдылар тобы |
Сипаттамасы |
Қолдану |
Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдануы |
Сыни ойлау |
Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдауы |
Анализ |
Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды және/немесе нәтижелерді жинақтап, материалдарды немесе тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білуі |
Синтез |
Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білуі |
Бағалау |
Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес белгілі критерийлер арқылы материалдың немесе идеялардың құндылығы туралы шешім қабылдауы |
Рефлексия |
Пікірлерді, ойлар мен оқиғаларды талдау және талқылау, сонымен қатар ой толғаныс нәтижесінде әрекет немесе шешім қабылдау. Айғақтарды жинақтау мен пайдалану арқылы (пән мен сыныпқа сәйкес) жорамалдарды зерттеу және нәтижесінде бағалау мен өзіндік қорытынды жасау. Жасалған қорытындыларды талдау қабілетін көрсету. |
Математикалық сауаттылық |
Әр түрлі пәндер, контекстер мен күнделікті жағдаяттарда сандарды, есептеуді, график, кесте және басқа да математикалық концепцияларды түсінгенін және қолдана алатындығын көрсету. |
2 Кіріспе
Мақсаты: ішкі жиынтық бағалау жұмысы оқушылардың білім, түсінік, дағдыларының оқу бағдарламасы мазмұны мен оқу жоспарына сәйкестігін дәлелдеуге бағытталады. Бағалау оқу жоспарындағы тоқсанға арналған жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Негізгі мектептің оқу бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламасының мақсаты оқушылардың сенімділігін және пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатымен сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдықтар теориясы, математикалық модельдеу және анализ облыстарында математикалық білімдер мен біліктерін дамыту болып табылады.
Математика бойынша бағдарлама оқушыларға есептерді шығару мақсатымен математикалық модельдерді жасау үшін білімдерін қолдануға және керісінше математикалық моделдерді шынайы үрдістердің сипаттамасы ретінде түсіндіріп беруге; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру; қажетті математикалық әдістер мен стратегияларды таңдауды үйренуге; шектес пәндерді оқу, сонымен бірге оқушылардың одан әрі дамуына мүмкіндік береді.