Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖБ оз гдп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
882.18 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

ЖБ -07.2.10

Еңбек гигиенасы және коммуналдық гигиена кафедрасы

41 бет 42

«БЕКІТЕМІН»

Білім беру қызметі жөніндегі

проректор м.ғ.д.,профессор

______ Г.Ә. Жақсылыкова

«____»___________2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәні бойынша

5В110200- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған

Дәріс 24 (сағат)

Тәжірибелік сабақ 96(часов)

ӨСӨЖ 120(часов)

СӨЖ 120(часов)

Емтихан ___8

(семестр)

Барлық сағат саны_____ 360

Курс ______4

Семестр ____7-8

Астана 2013

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы - балалар қызметінің және өмір сүру ортасының жағдайын зерттейтін алдын алу пән және осы жағдайлардың өсіп келе жатқан ағзаның функционалды жағдайына әсері және денсаулықты сақтау мен нығайтуына, балалар мен жасөспірімдер ағзасының жағымды дамуына, шаралар мен ғылыми негіздерін жақсартуына және функцияның жағымды деңгейіне бағытталған.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы денсаулық сақтаудың тәжірибелік саласы және ғылыми пәні ретінде, ол өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығының нығаюына және сақталуына бағытталған және алдын алу шараларын жетілдіру және дәлелдеуіне бейімделген. Ол әлеуметтік және қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсерін зерттейді және өсіп келе жатқан ағзаның әсерін талдайды, бағалайды және болжамдайды.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы профильді пән болып саналады және қоғамдық денсаулық сақтаудың бакалаврлар дайындау жүйесінде ерекше орын алады, себебі жас гигиенаның әлеміне студентті кіргізуімен бейімделеген.

2.2 Пәннің мақсаты:

балалар мен жасөспірімдер гигиенасына ғылым ретінде, оның негізгі принциптеріне, методологиялық көзқарастарына ұсыныс беру, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы саласында ағымды және ескертпелі теориялық және қолданбалы аспектілердің заң шығаратын негізін игеру үшін, керекті білім мен білуді меңгеруі қажет.

2.3 Міндеттері:

• балалар мен жасөспірімдер гигиенасының теориялық және методологиялық негіздерімен және балалар қызметінің өмір сүру ортасының гигиеналық нормалау принциптерімен таныстыру;

• өңдірістік, оқу-тәрбиелеу ортаның әртүрлі факторларының өсу ағзасына табиғи көзқарасты және әсер ету сипаттамасын беруді оқыту;

• балалар мен жасөспірімдердің дене дамуына және денсаулық жағдайының бағасына әдістемелік зерделеуді оқыту;

• балалар мен жасөспірімдердің оқытылуына және тәрбиеленуіне жағымды жағдайды қамтамасыздандыруына, санитарлық-гигиеналық ұсыныстар мен сауықтандыру шаралар кешендерін зерттеп оқыту;

• балалар мен жасөспірімдер тұрғындарының өмірлеріне мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асырып оқыту.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі тиіс:

  • балалар мен жасөспірімдер гигиена пәні, мақсаты, негізгі міндеттері мен қолданылатын зерттеу әдістерін, басқа ғылымдармен байланысын;

  • балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі даму кезеңдерімен пайда болу тарихын және оның дамуындағы жетекші гигиенистерін;

  • балалар ағзасының дамуын және өсу заңдылығын;

  • балалар қызметін және өмір сүру орта факторларының гигиеналық нормалау принциптері мен ерекшеліктерін;

  • өңдірістік ортаның және оқу-тәрбиелеу факторларының бағасына және зерттеуіне әдістемелік тұрғылар және олардың балалар мен жасөспірімдер ағзасына әсері. Балалар денсаулығына қызметтің және өмір сүру факторларының жағымсыз әсерлерінен сақтау бойынша ұйымдастыру шараларының негізгі бағыттарын;

  • балалар мен жасөспірімдер саласында мемлекеттік санитарлық-гигиеналық қадағалаудың негізін;

  • балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша әдістемелік құжаттармен негізгі нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын;

  • балалар тұрғындары арасында салауатты өмір салты негіздерімен, санитарлық ағарту әдістемесі мен нысандарын.

Студент үйреніп алуы тиіс:

  • балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі бөлмелерге гигиеналық баға беруін және көрсеткіштерін анықтау, мекендеу жағдайының оңтайландыру бойынша ұсыныс беруді;

  • микроклиматтың, жарықтың, бөлмелерді тағайындаудың берілген параметрлерін қолдана отырып, мектеп мекемелерінде және мектепке дейінгі балалар мекемесінде балалар мен жасөспірімдердің ұтымды орналасуын ұсынуды;

  • хронометраж әдіспен тәуліктік энергошығынды негізгі тағамдық заттар мен қуаттылықта болатын балалардың физиологиялық қажеттілігін анықтауды;

  • «негізгі тағамдық заттар мен қуаттылықтағы қажеттілік нормасына» сай меню-сұрыптама құру және есептеу;

  • алиментарлық сырқаттанушылықты алдын алу үшін және ұтымды тамақтануды ұйымдастыру кезінде витаминизация жүргізуді;

  • ультракүлгін сәулелердің мөлшерін есептеуін және әртүрлі типтегі шамдарды қолдану балалардың УКС сәулеленуін алдын алу шараларын жүргізуді;

  • балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының негізгі көрсеткіштерін анықтап жүргізуді, регрессия шкаласы бойынша және центильді әдіспен оларға баға беруді;

  • балалар мен жасөспірімдер сырқаттанушылығының интенсивті және экстенсивті көрсеткіштерін есептеуді, индивидуумның және коллективтің дене дамуына және денсаулық жағдайына кешенді баға беруді;

  • мектеп шеберханаларының жабдықтарына, мектептегі және мектепке дейіңгі мекемелердегі балалар үшін жиһаздарды таңдап алуды;

  • денсаулық жағдайына және жасына байланысты балалар үшін жеке тәртіп таңдап алуды;

  • мектепте және мектепке дейіңгі балалар мекемесінде, дене шынықтыру сабағында, еңбек сабағында және үй шаруашылығында оқу сабағын жүргізуін гигиеналық бағалау әдістемесін игеруді;

  • шынықтыру процедураларын бағалауды (ауамен, сумен, күнмен шынықтыру);

  • балалар және жасөспірімдер мекемелерінде жоспарлық, рейдті және тереңдетілген зерттеу әдістерін жүргізуін игеру;

  • балалар мекемесінің сыртқы орта жағдайының зертханалық және аспаптық бағдарламасын құру және зерттеу нәтижелерінің анализдерін жүргізу;

  • балалар және жасөспірімдер мекемелерінде кешенді зерттеу жүргізу, қорытынды және ұсыныстармен санитарлық сипаттама құру;

  • тәжірибелік қызметте балалар мен жасөспірімдер гигиенасының бөлімі бойынша күші бар әдістемелік, нұсқаулы және заң шығаратын мәліметтерді қолдана білу;

машықтануы тиіс:

  • гигиеналық білім насихаты, тәрбиелеуі, санитарлық-гигиеналық оқытуы бойынша, балалар мен жасөспірімдер гигиенасының бөлімшесінде жұмыс бойынша жоспар мен есеп құру;

  • аудан тұрғындары және ата-аналар, оқу мекемелері, мектепке дейіңгі мекемелердің қызметкерлері және балалар мен жасөспірімдер үшін әңгіме мен дәрістердің тақырыптық жоспарын құру;

  • өсіп келе жатқан ұрпақтардың салауатты өмір сүруінің құрылу мақсатымен балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әртүрлі бөлімі бойынша дәрістер мен әңгіме дайындап жүргізу;

  • балалар мен жасөспірімдер мекемесінде үгіттер үшін көрнекті материалдарды дайындап реттеу.

2.5 Реквизитке дейінгі: жалпы гигиена, физиология, қоршаған орта және денсаулық

2.6 Реквизиттен кейінгі: коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы.