
Ақпараттық-дидактикалық блок «Жедел ревматикалық қызба»
Инфекциялы-аллергия текті, тінді қабындырып, жүрек-қан тамыр жүйесін зақымдайтын кесел. Бұл ауру қайталамалы, созылмалы, жас айырмайды. Әсіресе, жасөспірімдер жиі ауырады.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл қайталамалы, созылмалы жасөспірімдерде, егде кісілерде бірдей шабатын ауыр сырқат. Академик Н.Д.Стражеско анықтағандай ревматикалық қызба өрбуінің ең бірінші дәлелі стрептококк инфекциясы болып табылады. Алғашқыда стрептококк жоғарғы тыныс жолы, жұтқыншақ, көмей аумағын қабындыру (тонзиллит, фарингит және т.б.) бірнеше тәуліктен соң арнаулы емсіз–ақ өзінше саябырсуы мүмкін.Организмде иммундық өзгерістер туғызады. Дегенмен генетикалық болмаса, жүре қалыптасқан механизм, дерт нашар ауруларда β-гемолитикалық «А» тобындағы стрептококк. Ол организмді сенсибилизацияландырып, ең алдымен жүрек-қантамыр тіндерінің сезімталдығын аса өсіреді. Бұл реакция сонымен антикартикалды және басқа антиденелердің шығуына себеп болады.
Бірінші екі апта мерзімінде А-стрептококк аурулардың организмінде 100 %-ға дейін, ал қайталап соққан ревматизмде 90% саналады. Стрептококтың улылығының бір себебі оның ішкі және сыртқы қабырғалары М-протеин мен гиалурон қышқылын бөлуі.
Адам организмінде стрептококк А-ның өсіп-көбею жолы, оның бөлетін әртүрлі ферменттерәне байланысты: стрептолизин О, стрептолизин С, стрептокиназа, гиалуронидаза және дезоксирибонуклеаза. Бұл антиген қасиетті ферменттер болғандықтан АСЛ-о, АСК, АСГ, анти ДНК азаяды, антиденелердің енуіне себепші болады. О,С-стрептолизиндер жасуша лизосомдарының мембранасын зақымдап, қышқыл гидролазалардың сыртқа шығып, қабыну реакциясын өршітуіне жағдай жасайды. Стрептолизин О-ның кардиотоксикалық (жүрек бұлшық етін зақымдайтын), стрептолизин S-тың буын қабындыратын әсерлері бар екені анықталған.
Таблица2. Ресей ревматологтарының съездімен қабылданған ревматизмнің (ревматикалық қызбаның) жіктелі (1996)
Клиникалық синдромдар |
Белсенділік дәрежесі |
Ағымы |
Салдары |
Қанайналым жетіспеушілігінің сатылары |
|||||
Негізгі |
Қосымша |
||||||||
Біріншілік ревмокардит Қайтымды ревмокардит
ақауынсыз
Артрит
зақымдалуысыз
зақымдалуымен Хорея
зақымдалуысыз
зақымдалуымен Бірінші рет анықталған ревматикалық жүрек ақауы |
Сақиналы эритема Ревматикалық түйіндер Артралгия Абдоминалды синдром және басқа серозиттер Стрептококты инфекцияның ізашарлары |
3 2 1 |
жедел созылмалы латенті |
жүрек ақауынсыз жүрек ақауымен |
І ІІА ІІБ ІІІ |
Ескерту: диагнозды тұжырымдау кезінде мүмкіндігінше көрсету:
ревматикалық қызбаныі шабуылдарыныі нақты санын
біріншілік және қайтымды жүрек ақауынсыз кардиттің ауырлық дәрежесін
ревматикалық жүрек ақауының түрі
Ізашары стрептококты инфекция екенін дәлелдеу (баспа, жәншу, фарингит және т.б. сонымен бірге стрептококты антидене титрінің көбеюі –АСЛ-О, АСК, АСТ)
Соңғы жылдары ревматизмі бар ауыр аурулардан – стрептококк антиденелері бөлініп жүр. Бұл жағдайда ревматизмді тек стрептококк А емес, S-та қоздыруы мүмкіндігін дәлелдейді. Стрептококтар және олардың өсу өнімдері организмдегі уландырып, көптеген антиденелерді өндіріп, ревматизмге тән жан-жақты қабыну, стрептококқа қарсы гуморалдық иммунитет реакциясын нашарлатады.
Стрептококқа қарсы иммунитеттің бұзылуы лейкоциттердің фагоциттік жылдамдығы стрептококтарды толық жою, еріту, фагоциттеу процесінің жетпей, толық аяқталмай, олардың лейкоциттер құрамында сақталып қалғандығын байқалтады. Лейкоциттер протеиндер мен мукополисахаридтердің азаюы. Бұл себеп стрептококтардың тұрақты сақталуы және кей жағдайда стрептококк инфекциясының қайталап тұруы ағзаның бұл инфекцияға сенсибилизациялануына аллергиялық реакцияның үдеуіне бейімдейді. Патогенезі 2 фазадан тұрады:
І. Жасушаларды зақымдану агенті қабыну процесінің жедел фазасын –кининдердің сыртқа шығуы, вазоактивті аминдердің бөлінуі арқылы (гистамин, серотонин) майда қан тамырлар айналымның бұзылуын, жасуша экссудациясы фагоцитоз процесін күшейтеді.
ІІ. Бұл фазаға дәнекер тіні тұрғысынан репаративті процестер (жасушалардың тез бөлініп көбеюі, мукополисахаридтердің енуі) қосылып, ақыры фиброзбен, коллаген тіндерінің қалыптасуымен аяқталады.