Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-экология 111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Глосарий

Оқу-әдістемелік кешеніндегі түсініктер мен терминдер:

АБ – ағындық бақылау

ТС – тестік сұрау

ЖҮТ – жеке үй тапсырмасы

БЖ – бақылау жұмысы

АС - ауызша сұрау

СОӨЖ– студенттің оқытушының жетекшілігімен өз бетімен жұмыстары

СӨЖ – студенттің өз бетімен жұмысы

4 – Бөлім

Дәрістің қысқаша конспектілері Лекция № 1

Тақырыбы : Экологиға кіріспе

Дәрістің мақсаты: Экология туралы түсінік бере отырып, экологияның бөлімдерін,оның

зерттеулер бағытын және экологияның даму кезеңдері туралы

ұғындыру.

Негізгі терминдер:

Экология – ағзалардың арасында болатын (особьтар,түр,түр аралық, популяцияаралық,биоценоз,биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Демэкология – бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Эйдэкология – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғарғы дәрежесінде зерттейтін ғылым.

Синэкология – бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар,

(өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар

ретінде зерттейді.

Геоэкология – экологиялық дүниелерді биосфералық деңгейде зерттейді. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, ландшафтылар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы.Кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі экожүйелердің продуктивтілігі, агро және антрогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізеді.

Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп,ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған

ортаға тигізетінәсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне Мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.

Әлемдік экология – табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық- биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді. Адамзат баласының басына түсетін ядролық қауіп-қатер, неше түрлі апаттар, әлемдік климаттық, ауытқулар, шөлейттену, жаппай қырып-жоятын әскери қару-жарақтар, қатерлі эпидемияларды зерттейді.

Адамзат экологиясы – ауыл, село, елді пункттер қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын, сандық пен сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру, мәдениет этика, адам баласының экологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми – зерттеу жүргізеді.

Нооэкология – адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік,экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен,сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді.