Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-экология 111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

2.5 Жерді рекультивациялау

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мәдени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман , мал жайылымы , т.б . үшін пайдаланып келген . Ал қазіргі кезде

адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде бұл жерлер түрлі басқа

мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубиналар салу, т. б ) жүргізу нәтижесінде

өте үлкен өзгерістерге ұшырайды .

Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде өсімдіктерді жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген , топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады . Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіреді .Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400-600 м болатын шұңқырлар түзіледі .

Осындай жерлерді қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін оларды қалпына келтіру процестерді рекультивация деп аталады .

Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп , оларды ауыл және орман шаруашылықтарында қайтарудың жолдарын іздестіруде .

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары тау кен, инженерлік –құрылыс , мелиоративтік , орман шаруашылықтық , ауылшаруашылықтық іс-шаралар комплексін құрайды .

Жерді рекультивациялаудың екі негізгі этапы бар : тау - техникалық және биологиялық .Тау- техникалық рекультивациялаудың маңызы –территорияны жөндеуге дайындау . Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады .

Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен ГДР мемлекеттерінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі .

Жерді рекультивациялау өте күрделі мәселе . Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты . Рекультивациялық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико - химиялық құрамын , гидрологиялық режимінің ерешеліктерінің , рельеф ерешеліктерін жақсы білу керек .

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру , мал шаруашылық комплекстерін , суғару орындарын салу , т. б топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын

жұмыстар кезінде рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру , орналастыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау керек .

Геологиялық мұнай іздестіру және өңдеу жұмыстары кезінде бұзылған және мұнаймен , түрлі жуғыш улы заттар ластанған жерлерді рекультивациялаудың

маңызы өте зор .

Әдетте нормативтік бойынша , әрбір бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді Бірақ практика жүзінде бұдан әлдеқайда көп жер ауылшаруашылық айналымынан шығып қалады . Әсіресе гусеницалы тракторлар колланасында орнатылған бұрғылау қондырғылар бір орыннан екінші орынға ауыстыру кезінде жердің үлкен аймағы

біршама зардап шегеді . Сондықтан мұнай - газ кен орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердің топырағының беткі

құнарлы қабатын алып , сонымен қайтадан құнарлы қабат топырағын орнына салуды тиісті орындар талап етулері қажет.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Топырақ дегеніміз не және оның маңызы?

2.Топырақ эррозиясы?

3. Топырақтағы гравитациялық су деген не?

4. Топырақтың биологиялық ластануы қалай жүреді?Литосфера терминін ғылымға енгізген кім?

Беттік эрозия деген не?

Рекултивация ұғымын сипаттаңыз?

Ұсынылған әдәбиеттер:

1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

10. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

11.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

12.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ( №1 Кесте)

Дәріс сабақтары:

Тақырып атауы

Сағат саны

Пайдаланылған әдебиеттер

1

Экологиға кіріспе

2

1.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 3 - 18 беттер.

2

Аутэкология – ағзалар экологиясы

2

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 24-63 беттер.

2.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

3

Демэкология – популяциялар экологиясы

2

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 64 - 81 беттер.

2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.

4

Синэкология - бірлестіктер экологиясы

1

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 82 – 137 беттер.

2.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др.Экология. Учебник для студентов ВУЗов.Алматы.1999 г

5

Биосфера – тіршілік қабаты

2

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 138 – 158беттер.

2. Бродский А.К. Краткий курс экологии. Алматы Наука. – М., 1998 г.

6

Атмосфера – биосфераның негізгі компоненті

2

1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

12.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 216-2228 беттер.

7

Гидросфера – биосфераның құрам бөлігі

2

2. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

12.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 231-248 беттер.

8

Литосфера және оны тиімді пайдалану

1

1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

9

Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер

1

2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.

2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.

10

Барлық сағат саны

15

6 – Бөлім