Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-экология 111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

1.3 . Топырақты эрозиядан қорғау

Топырақтың эрозиясымен күресу – егін шаруашылығындағы ең негізгі мәселелердің бірі.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі шаруашылық -ұйымдастыру жұмыстары .Бұл –территорияны дұрыс ұйымдастыру .Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясымен ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ – эрозиялық жоспарлар жасалынгып , топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізеді .

Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденең жер жырту , ал биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек . Жауын шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады .

Аротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес , тек қана қопсыту , эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қабаттарды жасау да жатады . Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауыспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады .

Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман –мелиорация жұмыстарын жүргізуде үлкен роль атқарады . Топырақ құрғақшылық пен ыстық жерлерден эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар

А.Т Болотов , В.В. Докучаев , Н:М сибирцев , т.с.с үнемі атап көрсеткен .

Эрозиямен күресу жолдары :

1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу . Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты .

2. Жайылымдарда эорзиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты.Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде , әсіресе топырақтағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін .

Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы , жалғыз аяқ жол ) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады . Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың енгізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау мен реакциялық қысымды төмендету болып саналды .

3. Егістік жерлерді қорғау шаралары :

- ауыспалы егістіктерді дұрыс пайдалану

- топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру ;

- жиектік ж ырту (релъефтің горизонттарымен );

- өңдеуден бұрын бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару ;

- шағын егіс танаптарын табиғи ланшафттарымен кезектестіру ;

- танап қорғайтын орман белдеулерін жасау ;

- топырақтың құрылымын түзуге мүмкіндік туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану ;

- топыраққа әсер ететін қысымды кемітетін техниканы пайдалану ;

Суармалы егістердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн га жуық . Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға ұщырайды . Оның мәні- танаптағы топырақ суды сіңіріп , содан соң булану мен өсімдіктерге транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі . Бұл су біртіндеп жер астылық грунт суларына дейін жетіп , оның деңгейінің көтерілуіне себеп болады . Мөлшерсіз , ретсіз суару кезінде қысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл ) жақындап ,интенсивті түрде булана бастайды .Суда еріген тұздар топырақ бетінде жиналады . Мұндай тұздану екінші реттік деп аталады .Суғарудың жоғарғы деңгейінде және каналдарының судың топыраққа сіңіп кетуі арқылы грунт суларының мөлшері көбейеді.