
- •Студенттің пәндік
- •Пәннің мазмұны
- •1. Экологияға кіріспе
- •2. Аутэкология – ағзалар экологиясы
- •5.Биосфера - тіршілік қабаты
- •6. Атмосфера – биосфераның негізгі құрам бөлігі
- •7.Гидросфера –биосфераның
- •8.Литосфера және оны тиімді пайдалану
- •9.Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер
- •Қолданылған әдебиеттер.
- •Глосарий
- •Дәрістің қысқаша конспектілері Лекция № 1
- •Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
- •1.Экология туралы жалпы түсінік.
- •Абиотикалық
- •Биотикалық
- •Бірінші ретті периодты
- •Екінші ретті периодты
- •Периодсыз
- •Экожүйелердің энергетикасы.
- •Экожүйелердің ұйымдасу заңдары
- •Экожүйелердің өнімділігінің заңдары
- •Экожүйелердің динамикасы мен дамуы
- •Табиғаттың маусымдық өзгерістерін бақылау кестесі
- •Биологиялық алуантүрлілік – популяциялар, биоценоздар мен экожүйлердің тұрақтылығының шарты
- •1 Биосфера туралы түсінік.В. И. Вернадскийдің биосфера туралы.
- •1.2.Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
- •1.3.Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.
- •1.4.Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары.
- •1.Гидросфера туралы түсінік.
- •1.1 Литосфера туралы түсінік .
- •1.2 Жел және су эрозиясы
- •1.3 . Топырақты эрозиядан қорғау
- •1.4 Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау
- •1.4 Топырақтың ластануы
- •2.5 Жерді рекультивациялау
- •Студенттің өзіндік жұмыстың тапсырмасы.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Тақырыбы: Биосфера - тіршілік қабаты.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •E) сарқылатын және сарқылмайтын
- •E) геодезия, гидравлика, гидростатика
- •A) популяция
- •D) Калифорниялық тұмша
- •Е) ғаламдық
- •А) популяция, түр организмдерiнiң таралу облысы
- •А) механикалық, физика-химиялық, биологиялық
- •А) экологиялық фактор
- •С) зоогендiк
- •С) жел эрозиясы
- •С) стратосфера
- •С) стратосфера
- •С) зоогендiк
- •С) құрылыс рекультивациясы
- •С) физика-химиялық
1.3.Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады.Мысалы,Лос-Анжелес қаласында,Калифорнияда,Британ аралдарында сол сияқты ФРГ мен бірқатар елдерлде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атиосферада жинақталуы нәтижесінде смог деп аталатын қалың тұман байқалады.
Лондонда смогтар XIX ғасырдың соңынан бастап – ақ белгілі болған. Әсіресе
1952 және 1956 ж-ры болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді. 1952 жылдың 5-9 декабрь аралығында қаланың үстін қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкірт ангидриді, азот окситтері ,альдегидтер, хлорлы көмірсутектер т.б.) мөлшері ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейін көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит аурумымен ауыратын адамдардың көпшілігі смогтың әсерәнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстінде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған .1968 жылы Лондонда « Ауа тазалығы туралы заң» қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы біршама азайған.
Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140 жуық зиянды заттар болады.Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып организмге бірден әсер ете қоймайды. Медициналық санитарлық зерттеулер нәтижесінде адамның денсаулығына зиянды заттардың бірлесіп әсер етуі аса қауіп туғызатындығы белгілі болды.
Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын рашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетін төмендетеді.
Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен шыққан газдар, түтін, ірі қалалардың үстінде пайда болатын түрлі шаңдар Күн сәулесінің Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді. Мысалы , Париж қаласының маңындағы өндіріс орындары аз аймақтарда ультракүлгін сәулелер 3 % болса, заводтар мен фабрикалар көп шоғырланған аймақтарда 0,3% қана болған. Ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі балаларда авитаниноз және рахит ауруларын туғызатыны белгілі.
Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады.
Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы және мишьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабілеті төмендейді.
Бірқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың ( бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкіртті газ, мышьяк, сурьманың әсерінен улану оқиғалары көп кездеседі.
Өсімдіктер үшін әсіресе улы болып саналатын күкірттің фтор, хлордың қосылыстарымен көмірсутектер. Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлккен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардың бұл газдарға өте сезімтал- арпа, көкөністерден- шпинат, капуста,салат, редис.
Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы 0,02 мг/м3, азот оксидтері – 0,02 мг/м3 және аммиак – 0,1 мг/м3.
Мамандардың есептелуі бойынша, Франция мемлекетінде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4 %, АҚШ -3% , Жапонияда – 8 % құрайды.