- •I. 3. Дәрістік кешені
- •I. 3. Дәрістік кешені
- •1 Сурет. Сенімділік және жариялылық
- •6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс)
- •1 Сурет. Ғылыми клиникалық зерттеулердің жіктеуі
- •2 Сурет. Зерттеу үрдісі және дәйектемелі медицина
- •3 Сурет. Науқасқа көмек көрсетуде дәрігер шешетін клиникалық сұрақтар түрлері
- •Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •1 Сурет. Pubmed медициналық сайтының старттық беті
- •2 Сурет. Medline медициналық сайтының старттық беті
- •3 Сурет. Bmj журналының старттық беті
- •Алматы, 2014
3 Сурет. Науқасқа көмек көрсетуде дәрігер шешетін клиникалық сұрақтар түрлері
Қалыптыдан ауытқу Сау немесе ауру?
Диагнозы Қаншалықты нақты диагноз?
Жиілігі Осы дерт қаншалықты жиі кездеседі ?
Қаупы Осы дерттің жиі дамуы қандай қатерлі жағдайға байланысты?
Болжау Осы дерттің ақыры қандай?
Емдеу Емнен кейін дерт ағымы қалай өзгереді?
Алдын-алу Сау адамдарда осы дерттің алдын-алуға шаралары бар ма? Осы дертті ерте анықтап ем жүргізілсе ағымы жақсара ма?
Себебі Осы дерттің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?
Құны Осы дерт емінің құны қанша?
Әдебиеттер
Негізгі:
Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины: Пер. с англ./Под общ.ред. С.Е.Бащинского, С.Ю.Варшавского. – М.:Медиа Сфера, 1998. – 352 с. (Электронді түрде)
Власов В.В. Эпидемиология. Москва, 2004.
Т. Гринхальк. Основы доказательной медицины. Пер. с англ. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2004. – 240 с.
Умарова С.У., Енсегенова З.Ж. Дәлелді медицина клиникалық тәжірибеде - Алматы, 2009. – стр. 47 (Электронді түрде)
Қосымша :
Г.Гайятт, Д.Ренни. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. – Медиа сфера, Москва, 2003 – 382 с.
Власов В.В. Введение в доказательную медицину. М.: Медиа Сфера, 2001. – 392 с.
Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.
Общая эпидемиология с основами доказательной медицины. Под ред. В. Покровского. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.
Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Москва, 2003.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
ДМ терминологиясы мен нұсқаулықтары.
ДМ зерттеу типтері.
Клиникалық зерттеудің жіктелуі.
Тақырып № 3. ДМ сүзгісін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу. Жүйелік көрсетілім және мақалалар мета-анализі.
Мақсаты : ДМ сүзгісін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу, жүйелік көрсетілім және мақалалар мета-анализді талдауды үйрету
Дәріс тезистері.
Ақпараттарды іздеу ДМ екінші кезеңіне жатады.Ғылыми-дәлелденген ақпараттарды әртүрлі базалардан, мысалы іздеу сайттары, арнайы іздеу сайттары,электронды журналдардан, электронды кітапханалардан СD-rom тасушылардан алуға болады. Оларға медициналық Pubmed, Medline, Cochrane library, сияқтылары дәрігерге сапалы және ақиқатқа негізделген ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Жүйеленген шолу- проблеманы зерттеу нәтижесін қорытындылауға келесі екі басты жағдайға жауапты айтады:
-біріншілік- проблема бойынша қарқынды ізденістерді атқару арқылы барлық немесе барынша мол зерттеулер табу
- екіншісі- табылған зерттеу нәтижелері тек қана жоғарға дәлелді зерттеуді сынаманы бағалау және қорытындылау.
Егер осы зерттеулер өзінің сипаттамасы бойынша бір біріне ұқсас болса оларға мета- анализдеу жүргізіледі, яғни қорытындылап бағалау үшін аталған нәтижелерді саны бойынша біріктіреді.
Атқарылған зерттеулерді іздеуде әртүрлі ақпаратты пайдаланады- журналдар, кітапханалардағы каталогтар, мамандардың коллекциясы.Ең тиімдісі библиографиялық мәліметтер қоры .Ең танымалы – ол Medline қоры.
Бірақ тек бұл ақпараттар көзімен шектелмеу керек, өйткені Medline- нан тек 50 % ғана жарияланады және тек ағылшын тіліндегі журналдардағы ақпараттар жиналған.
Керек мақаланы немесе практикалық ұсынысты, монографияны тапқаннан кейін оның сапасын бағалау керек. Бағалауды бір- бірінен тәуелсіз екі маман атқаруы тиіс. Сынақ аяқталғаннан кейін нәтижелердің айырмашылығы бірігіп талдануы керек.
Сынақтың бір мезгілде жасалуы
Сыналатындардың екі топқа бөлінуі
Сыналатындар бір принцип бойынша рандомизирленуі тиіс, кездейсоқ
Зерттеу нәтижесі құпия болуы тиіс
Зерттеуге қатысатындар біркелкі болуы тиіс
Мета- анализ ( метаталдау) бұл бірнеше зерттеулер нәтижелерін математикалық қорытындылау.
Мақсат- медициналық әрекетті дәл бағалау үшін көптеген зерттеулер нәтижелерін біріктіріп, өйткені әрбір жеке зерттеуде сыналатындар мөлшері аз болуы мүмкін, сондықтан нақты дұрыс жауап алу қиын.
Яғни мета- анализ мақсаты медициналық әрекеттің тиіиділігін дұрыс бағалау немесе ол обьективті көрсеткіш болуын қамтамасыз ету.
Мета- анализлдің обьектісі - науқастар тобындағы аурулардың көрінуі емес, зерттелген топтарға жасалған іс- әрекеттердің тиімділігін бағалау.
Тиімділігін бағалауда көп науқастарды зерттеудегі нәтиже алдыңғы гипотизаға сай келуі керек. Нәтижесін мақала ретінде жариялағанда, оның дәлдігіне, статистикалық өңдеу арқылы дәлелденетініне осы мақала авторы немесе зерттеуді жүргізген маман қоса журналдың редакциясы да жауапиы.
Мысалы, вакцинаның тиімділігін зерттеуде екі топқа бөлінген ( олар барлық сипаттары бойынша бірдей) адамдарға біріншісіне вакцина берілсе, екіншісіне плацебо береді.Олар инфицирленеді, құпияда болады.
Көрнеқіліқ материал
