
- •I. 3. Дәрістік кешені
- •I. 3. Дәрістік кешені
- •1 Сурет. Сенімділік және жариялылық
- •6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс)
- •1 Сурет. Ғылыми клиникалық зерттеулердің жіктеуі
- •2 Сурет. Зерттеу үрдісі және дәйектемелі медицина
- •3 Сурет. Науқасқа көмек көрсетуде дәрігер шешетін клиникалық сұрақтар түрлері
- •Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •1 Сурет. Pubmed медициналық сайтының старттық беті
- •2 Сурет. Medline медициналық сайтының старттық беті
- •3 Сурет. Bmj журналының старттық беті
- •Алматы, 2014
|
|
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
|
|
|
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ ДӘРІСТІК КЕШЕНІ |
I. 3. Дәрістік кешені
051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Дәлелді медицина негізі» пәннің дәрістік кешені жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалған. «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценті, м.ғ.д Турдалиева Б.С. құрастырған.
«Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді.
«_____» _____________ 2014 ж., хаттама №______
Кафедра меңгерушісі,
м.ғ.д ________________________________________________________________ Турдалиева Б.С.
I. 3. Дәрістік кешені
Тақырып №1. Дәлелді медицинаға кіріспе (ДМ). Клиникалық эпидемиология қағидалары.
Мақсат – Студенттерді дәлелді медицина пәнімен,клиникалық эпидемиология қағидаларымен таныстыру
Дәріс тезисі
Соңғы он жылдықта денсаулық сақтау саласында «дәйектемелі медицина» бағыты зор орын алуда.
«Дәлелді медицина» - бұл жаңа ілім емес. Бұның негізгі қағидалары Францияда 150 жыл бұрын белгіленген. “Evidence-bazed Medicine”, немесе “дәлелді негізі бар медицина,” (дәлелді медицина) түсінігін 1990 жылы Торонтоның Мак Мастер университетіндегі канадалық ғалымдар ұсынған. Тез арада бұл түсінік әлемді шарпи бастап, әр қалаларда өзін қолдаушыларын тапты және осы қалаларда ұлттық денсаулық сақтау саласында маңызды орын алған ДМ орталықтары құрылды (Ричард К. Доубинс, 2006).
1973ж. – ағылшын эпидемиологі Арчи Кокран (Cochrane A.L.) алғашқы рет жүйелі шолу жасап, медициналық іс-әрекеттер маңыздылығын қорытынды клиникалық тексерістер арқылы бағалау қажеттілігін және ол нәтижелерді медициналық көмек көрсету тиімділігі мәліметтерінің арнайы қорында сақталуын алғашқы рет ұсынды. Осы ғалымның атымен Бірлестік аталды. Дәлелді медицина (evidence-based medicine) - бұл науқасқа көрсетілетін көмектің тиімділігін іздеу, салыстыру және қорытындылану арқылы кеңінен таралған нақты дәйектемелерге негізделген медицина бөлігі. ДМ қағидаларын білу дәрігерге көрсетілетін көмек туралы шешім қабылдауында әсер ететін көп жағдайларды сараптау арқылы сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді.
Дәлелді медицина – бұл нақты бір науқасқа сапалы ғылыми зерттеулерде тиімділігі дәлелденген, яғни дәлелді негізі бар іс-әрекеттерді пайдалануымен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір бөлігі. Өйткені қандайда тәжірибесі жеткілікті дәрігер болмасын оның білімі сан алуалы клиникалық жағдайларды еркін бағалауға мүмкіншілік бермейді. Әрине, сарапшылар, пікіріне, сенімді деректер мен анықтамаларға сүйенуге болады, бірақ бұл мәліметтер әр қашанда нақты болмайды, өйткені көлемді емдеу әдістерінің тиімділігі дәлелденгеннен кейін тәжірибеге біраз уақыттан соң енеді – бұл арада қалыс қалу үрдісі алда жүреді. (Аntman E.T., 1992), ал қазіргі уақыттағы биомедициналық ілімнің даму бағыты тәжірибелік медицинаға қоятын талаптары зор: олар -1) тәжірибелі дәрігерге керекті мәліметтер сынды бағалануы қажет және 2) клиникалық тәжірибеде көмек көрсету үшін қандайда болмасын іс-әрекеттер жүйелі таңдалып қолданылуы.
Дәлелді медицина тәжірибелік сұрақтарға жауап береді, бұл дегеніміз нақты бір науқасқа дертіне сәйкес көмек көрсету арнайы білімді талап етеді, сол көмектің тиімділігін қорытындысы ретінде физиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және басқада көрсеткіштерін бағалаудан бұрын клиникалық маңыздылығы жоғары жазылу, өлім қаупы, асқынулар, мүгедектік сияқты зерттеудің ақырғы нәтижелері бағалануы қажет.
Жұмыс жасап жүрген дәрігерлер өздерінің клиникалық тәжірибесін жоққа шығара алмайды. Дегенмен, біз шешімізді өзіміздің көргеніміз пен сезінгенімізге ғана жүгінбей миллиондаған науқастарды емдеген мыңдаған дәрігерлердің ұжымдық тәжірибесіне негіздеуіміз қажет, яғни дәлелденген шараларды қолдану, өйткені ежелде Луи Пастер айтып кеткен: «ғылым ұлт, аймақ және қаламамен шектелмейді».
Дәлелді медицина – бұл медициналық көмек және жалпы денсаулық сақтау жүйесі сапасын жоғарлатуда тіршікті маңыздылығы бар үдемелі дамып келе жатырған медицина бағыты.
ДМ қағидаларын денсаулық сақтау жүйесіне еңгізудің негізгі мақсаты – медициналық көмек сапасы қатерлігін төмендету, тиімділігін жоғарлату, құнын пайдалы ету және басқада маңызды қырларын бірынғағайлау.
Түптеп келгенде, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. «Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен қайта өңделуі» туралы Мемлекеттік бағдарламада «халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларға, қазіргі уақыт талабына сай емдеу тәсілдері мен медициналық қызмет түрлеріне жүйелі көшудің маңыздылығы көрсетілген, медициналық шараларды дәйектемелі медицина қағидаларына негізделген диагностикалық пен емдеу хаттамаларын еңгізу арқылы бір тұтас ету жоспарланған».
Дәлелді медицина қағидаларын оқыту мен меңгеру қажеттілігі бірнеше жағдайлармен байланысты: олар - 1) ғылыми мәліметтер көлемінің көбеюі, әсіресе клиникалық фармакологияда – жыл сайын клиникалық тәжірибеге жаңа препараттар енеді, бірақ олардың клиникалық сынақтарының қорытындылары әртүрлі, ал кейбіреулері қарама-қарсы болып келеді; 2) денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын қаржының тапшылығы – бұл жағдайда көлемді дәрілік заттар ішінен тиімділігі жоғары және қатерлігі төмен дәрілерді таңдап алу қажет; 3) дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлердің жасап жатқан іс-әрекеттерінің 20% ғана клиникалық сынақта дәлелденген; 4) көмек шарасының қатерлігі немесе қажетсіздігі дәледенседе ол жылдар бойы қолданыла беріледі; 5) тиімді шаралар міндетті түрде іске аспай жатыр.
ДМ әр түрле мәселелерге байланысты бірнеше бағыттарды қамтиды, мысалы, дәрігердің қәсіптік қызметі, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы және тағы емдеу және басқа мекемелер қызметі.
Одан басқа, ДМ қағидаларын кеңінен қолдану дәрігерлерді тиімдіде және кәсіби оқытумен қатар олардың біліктілігін уақытында жоғарлатуға мүмкіншілік береді. Бұл жағдайда әртүрлі медициналық мекемелерде алынған сертификаттар мен дипломдардың және соған сәйкес дәрігерлердіңде білімінде айтарлық айырмашылық болмас еді
“Дәлелді медицина науқастар емін біртұтас ережемен жүргізуге мүмкіншілік түғызады, әрі бұл жағдайда дәрігерлердің бір-бірімен түсіністігі жоғарлайды”. Қалай айтсақта негізгі медициналық пен биологиялық ілімнің үдемелі дамуына қарамастан, біздің адам туралы білімімізде шегіне жете алмаймыз, өйткені ағзаның әсерленуі мен оны айналасындағы табиғи және әлеуметтік ортасы ұлан түрлі және көп себепті, ал олардың әсері мен жанасуын болжау өте қиын. Сол себептен дерт және оның дамуы туралы тек қана теориялық білімге негіздеделген, басым жағдайда жақсы нәтиже беретін, тиімдіді әрі қатерсіз ем тәсілін шығара алмаймыз. Бұл жағдай шешім қабылдауда жаңа, уақыт талабына сай әдістің қажеттілігін айғақтайды.
Дәлелді медицина – бұл: 1) жеке тәжірибенің; 2) жүйелі шолулардан алынған үздік, сыртқы клиникалық дәйектемелердің және 3) науқас үмітінің бірлесуі.
Бірақта, дәйектемелі медицина дәрігердің кәсіпшілігі мен оның клиникалық ой-өрісі орнын баса алмайды, керісінше емдеу жұмысының сапасы мен тиімділігн айқын жақсартады, өйткені біздің негізгі мақсатымыз – Primam non nocere!!!
Көрнеқіліқ материал
Зерттелетін құбылыстағы барлық науқастар Сенімділік
Іріктеу кезіндегі жүйелік қателер
Өлшеу кезіндегі жүйелік қателер
Әртүрлі факторлар әсерінен болатын жүйелік қателер
Кездейсоқ қателер
Шығу
таңдама
Іріктеу
Таңдама
|
Наименование тем |
Форма проведения |
1 |
Доказательная медицина как средство продвижения лекарственных средств. Признаки некорректной рекламы лекарственных средств. |
реферат |
2 |
Фармакоэпидемиология и фармакоэкономика: определение, этапы развития, основные принципы. Использование экономической оценки как элемент принятия решения в медицине. |
реферат |
3 |
Перспективы использования доказательной медицины врачами общей практики. |
реферат |
4 |
Национальные клинические руководства: история развития, принципы составления и проблемы внедрения. |
реферат |
5 |
Доказательная профилактика. Основные виды, проблемы внедрения и анализа результатов скрининговых программ. |
реферат |
6 |
Роль пациентов в научных исследованиях. Права пациента. |
реферат |
7 |
Понятие об обществах специалистов доказательной медицины. Центры доказательной медицины в нашей стране и СНГ. |
реферат |
8 |
Проблема недостоверных публикаций |
реферат |
9 |
Понятие о проблемных лекарствах. Роль доказательной медицины в развитии современной фармакотерапии. |
реферат |
10 |
Понятие о систематической ошибке. |
реферат |
11 |
Составление своей базы данных медицинской информации. |
реферат |
Жариялылық