
- •Пән бағдарламасы (syllabus)
- •Оқытылатын пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •7. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
- •8. Студенттердің білімін бағалау жүйесі, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және құқық» факультеті
«Менеджмент» кафедрасы
Мамандықтар: 5В050700 - «Менеджмент», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Пән бағдарламасы (syllabus)
«ҰЙЫМДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР»
АҚТАУ 2014
Оқытылатын пәннің сипаттамасы
«Ұйымдағы коммуникациялар» курсы «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттеріне арналған. Нарықтық экономиканың дамуы барысында ұйым ішіндегі қарым-қатынас, байланыс, тіл табысу мен проблемалардың алдын алу оның жемісті қызметінің алғышарты болып табылады. Курс барысында коммуникацияныі негізгі түрлері, оған әсер ететін факторлар, типтері және оларды талдау тәсілдері қарастырылады.
Бағдарлама міндетті курстың 135 сағат көлеміндегі жарты жылдық курсына есептелген. Оның ішінде дәріс – 30 кредиттік-сағатты, семинарлық жұмыс – 15 кредиттік сағатты, білім алушының оқытушымен жүргізетін өзіндік жұмысы (БОӨЖ) – 9 кредиттік-сағатты, білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) - 81 кредиттік-сағатты құрайды.
2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты:
«Ұйымдағы комуникациялар» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге коммуникация табиғаты мен күрделілігін, оның түрлерін, хабарлама мазмұнын түсіну жолындағы потенциалды қиындықтар мен көрсеткіштерді, менеджерлер арасындағы ғана емес олардың ортасынан тыс жерде де ақпаратпен тиімді алмасу үшін қандай шара қабылдау керек екенін таныстыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеттері:
Коммуникация теориясының түсініктері мен негізгі ой-желісімен таныстыру;
Ұйымдағы коммуникация мәні мен жалпы түсініктерін меңгерту;
Ұйымды тиімді басқару процесіндегі коммуникацияның алатын орнының маңыздылығын түсіндіру;
Ұйымдағы көпшілікпен коммуникацияның негізгі механизмдерін меңгерту және т.б.
3. Пәннің қысқаша мазмұны
Қазақстан Республикасының экономикалық стратегияларының басты міндеттерінің бірі әр түрлі типтегі ұйымдарда басқару жүйесін ары қарай жетілдіру болып табылады. Бұл проблеманы шешуде негізгі ғылыми концепцияларын зерттеу нәтижелерін және ұйымдар коммуникация саласындағы қолданбалы өңдемелерді енгізу және оқыту басты орын алады.
Коммуникация ұйымның өмірлік маңызды жүйесі болып табылады: егер қандай да бір жолмен ұйымға келіп түсетін ақпараттар ағымын жойса, ол өз өмір сүруін тоқтатады. Коммуникация ұйымдағы іс-әрекеттің барлық түрлерін қамтиды, бұл жеке дара адамдардың өз ұйымдық рөлін қабылдауды қамтамасыз ету үшін және ұйымдық бөлімшелердің интеграциясы үшін маңызды жұмыс құралы.
Коммуникация ұйымның ішкі құрылуының мәнді элементтерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар коммуникация ұйымдар мен сыртқы орта элементтері арасындағы ақпарат алмасуда маңызды рөл атқарады. Коммуникация жүйесі ұйымды сыртқы ортаға енгізу құралы ретінде қызмет атқарады және ол ұйымның өмір сүруінің міндетті элементі болып табылады.
4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
4.1. Дәрістік сабақтар
Рет. №№ |
Сабақтың тақырыптары |
Көлемі, сағаты |
1 |
Кіріспе. Коммуникация түсінігі |
2 |
2 |
Ұйымдағы коммуникацияның мәні мен мазмұны |
2 |
3 |
Коммуникацияның түрлері мен типтері |
2 |
4 |
Коммуникациялық қызметті фукнционалдық талдау |
2 |
5 |
Коммуникативті тұлға түсінігі, көрсеткіштері |
2 |
6 |
Ұйымдағы ішкі коммуникация |
2 |
7 |
Ұйымдағы коммуникацияның жіктелуі, негізгі түрлері |
2 |
8 |
Коммуникативті процесстер және ақпараттың коммуникация жүйесі бойымен өтуі |
2 |
9 |
Коммуникация процессін қамсыздандыру. Қарым-қатынас коммуникативті процесс ретінде |
2 |
10 |
Іскерлік коммуникация |
2 |
11 |
Таныстыру: мақсаты, түрлері және тәсілдері. Тауарлар мен қызметтерді презентациялау |
2 |
12 |
Өзін-өзі таныстыру. Байланыс орнату амалдары мен тәсілдері |
2 |
13 |
Қарым-қатынас түрлері |
2 |
14 |
Коммуникациялық процестегі ақпараттың ролі |
2 |
15 |
Маркетингтегі және менеджменттегі коммуникация ерекшеліктері |
2 |
БАРЛЫҒЫ: |
30 |