Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№28[1].doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.96 Кб
Скачать

4. Эндометрийдің гиперпластикалық процестерінің емі

Эндометрийдің фонды және ісікалды ауруларының емі гормонды және хирургиялық. Ұзақ уақыт гестагендермен гормонтерапия, тоталді гистерэктомия және эндометрийдің «абляциясы» қолданылады.

Эндометрий гиперпластикалық процестері консервативті емінің гормонды компонентінің әзірлеуіне және оны түсіндіруіне Я.В. Бохман үлкен үлес қосты. Бұл ем эндометрий обырын, жатыр қосалқыларының ісіктері мен ісіктәрізді түзілімдерін, субмукозды жатыр миомасын жоққа шығарып, тексергеннен кейін көрсетіледі.

Репродуктивті жаста эбг емдеу

  1. Хирургиялық гемостаз

- цервикалді өзектің және жатыр қуысының жекеленген емді-диагностикалық қырнауы;

- параллелді симптоматикалық және физиотерапия.

2. Циклды реттеу, рецидивтің алдын алу шаралары

- АОК контрацептивтік кестесімен, 6 ай;

- Гестагендер 6 ай;

- Циклды витаминды-физио-гормонды терапия 3 ай;

  • Клостельбегид 50-150 мг күніне, циклдың 5-9 күндерінде, жас әйелдерде 3-6 ай овуляторлы менструалді циклды қалыптастыру және овуляцияны ынталандыру.

3. Диспансерлеу және емнің тиімділігін бақылау

- жамбас қуысының УДЗ 3-6-12 айлардан кейін;

- аспирационды цитология, 6 айдан кейін немесе эндометрийдің қырнауы және гистероскопия 6 айдан кейін;

- диспансерлік есеп, менструалді циклдың тұрақты қалыптасуынан немесе жүктілітің басталуынан кейін кем дегенде бір жыл.

Климактериялық кезеңдегі ЭБГ емі

  1. Хирургиялық гемостаз

- цервикалді өзектің және жатыр қуысының жекеленген емді-диагностикалық қырнауы;

  1. Рецидивтің алдын алу шаралары

- гестагендер;

- гонадотропиндердің ингибиторлары (данол, неместран);

- гонадолибериннің агонистері (золадекс);

- 50 жастан кейін – андрогендер (әсіресе эндометрийдің безді-өсінділік атрофиясында);

- эндометрийдің электрлі- немесе лазерлі аблациясы;

- эндометрийдің криодеструкциясы;

- эндометрийдің йодпен химиялық деструкциясы (Грамматикати бойынша).

  1. Диспансерлеу және емнің тиімділігін бақылау

- жамбас қуысының УДЗ 3-6-12 айлардан кейін;

- аспирационды цитология 3 айдан кейін;

- жекеленген диагностикалық қырнау немесе гистероскопия 6 айдан кейін;

- диспансерлік есеп, тұрақты постменопаузадан кейін кем дегенде 1 жыл.

Эндометрийдің полиптерін емдеу

- гистероскопияның бақылауындағы жатыр қуысының қырнауы;

- гестагендер – 17-ОПК 250-500 мг аптасына 2-3 рет, 6 ай, полиптің рецидивін алдын алу мақсатында;

- иммундымодуляторлар – виферон-2 ректалді балауыз-дәрілер 500 000 МЕ, бір балауыз-дәріден күніне1-2 рет 10 күн, декарис 50 мг циклдың 8-9-10 күндерінде, 2-3 цикл, неовир 12,5% 2,0 мл, күнара, №5-7 бүлшық етке;

  • андрогендер – атрофиялық процесте (гестагендермен бірге).

ЭБГ және ЭП бойынша жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясына көрсетілімдері:

  1. Консервативті емнің тиімсіздігі, ЭБГ атипиялық түрге ауысуы, оның рецидиві.

  2. Эндометрийдің гиперплазиясынын миомамен, аденомиозбен, поликистозбен, аналық бездердің ісіктерімен, жатыр мойынының дисплазиясымен жапсарлас болуы.

Эндометрийдің атипиялық гиперплазиясының емі

Жатырдың, аналық бездердің ісіктерімен, жатыр мойынының дисплазиясымен жапсарлас болған уақытта жатырдың экстирпациясы жүргізіледі. Басқа жағдайларда тактика жасқа байланысты болады.

50 жасқа дейінгі әйелдерге 2 айға ұзақ әсерлі гестагендер беріледі, сонан соң жатыр қуысының қырнауынан алынған материалдың гистологиялық зерттеуі жүргізіледі. 45 жасқа дейінгі әйелдерде ЭАГ регрессиясында менструалді циклды қалыптастыру АОК (6 ай) өткізіледі, 45 жастан кейін – менструалді қызметті тоқтату үшін гестагендер, андрогендер беріледі. Ем тиімсіз болса (гистологиялық нәтиже - ЭАГ), жатырдың экстирпациясы жасалады.

Егер операцияға қарсы жағдайлар болса, консервативті терапия (андрогендер, гестагендер, лазерлі немесе эндометрийдің криодеструкциясы, Грамматикати бойынша эндометрийдің йод ерітіндісімен химиялық деструкциясы) жүргізіледі.

  • Иллюстрациялы материалдар: дәрістің электронды презентациясы.

  • Әдебиеттер:

1. Есенќ±лов Є.Е., Арзыќ±лов Ж.Є., Єбисатов Ќ.Є., Есенќ±лова С.Є. Ісік аурулары: Оќулыќ. – Алматы, 2009». – Том I. – С. 412-422.

  1. Полякова В. А. Онкогинекология. Руководство для врачей. – М.: Медицинская книга, 2001.

  2. Шакирова А.Ф., Байназарова А.А. Онкогинекология бойынша дәрістер циклы (оқулық құрал). – Қарағанды, 2007. – 66 б.

  • Бақылау сұрақтары ( кері байланысы):

  1. Эндометрий обырынығ патогенетикалық варианттары.

  2. Эндометрийдің фонды аурулары.

  3. Эндометрийдің ісік алды аурулары.

  4. Эндомерий ісік алды ауруының негізгі диагностика әдісі.

  5. Эндомерий гиперпластикалық процестерінің қазіргі кездегі емі.