Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№27[1].doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

3. Жатыр мойны қатерлі ісігінің клиникасы

Жатыр мойыны рагының клиникалық ағымы үш белгімен сипатталады: ақ етеккір, жыныстық жолдардан қанды бөлінулер, ауырсыну.

Ақ етеккір әртүрлі сипатты болуы мүмкін: сулы, қанмен боялған, иіссіз және нашар иісті. Олардың пайда болуы қатерлі ісіктің некроздалған бөліктерінің бөлінуі барысында ұлпа аралық лимфа саңылауларының және лимфалық тамырлардың ашылуымен түсіндіріледі. Мұндай бөлінулердің қынапта жиналуы және оларға инфекцияның қосылуы нашар иістің пайда болуына ықпал етеді. Қан қоспасы оларға «ет жуындаларына» тән түр береді. Бөлінулер көлемі үлкен емес немесе көлемді қан ағуымен сипатталуы мүмкін.

Жатыр мойыны рагына жыныстық қатынастан соң, ауыр зат көтергенде, гинекологиялық зерттеулерден кейін және тағы да басқалар барысында пайда болатын қатынастық қанды бөлінулер тән.

Етеккір үзілісінен кейінгі жастағы әйелдерді жыныстық жолдарынан қанның бөлінуі, көптеген пайыздарда, қатерлі ісікке меңзейді.

Ауырсынудың сипаты және орны әртүрлі болып келеді. Көбінесе, науқастар белінің, сегізкөзінің, ішінің төменгі жағының және тік ішегінің ауыратынын айтады. Дерттің асқынған сатыларында санда, жамбастың қабырғаларының маңайындағы инфильтраттарға байланысты сипатты ауырсынулар пайда болады. Ауырсыну кеш пайда болатын белгіге жатады, ол жамбастың жүйке сабақтары мен өрімдеріне қысым жасайтын, инфильтраттарды туындататын лимфа түйіндерінің және жамбас үлпершесінің зақымдалу процесіне тартылуын көрсетеді.

Қуықтан және тік ішек жақтан симптомдардың пайда болуы асқынған дерттің белгісіне жатады. Қатерлі ісік қуыққа жайылғанда, науқастар несептің жиі бөлінетіндігін бақылайды, қуық толық босамайды (қалдық несеп), цистит пайда болады. Қатерлі ісік қуықтың қабырғалары зақымдануы саңылаудың (тесіктің) пайда болуына әкеледі. Несеп жолдарының қатерлі инфильтраттармен қысылуы гидронефроз бен уремияны туындатады.

Қатерлі ісіктің тік ішекке таралуы бастапқыда үлкен дәретте қанның бөлінуіне, сонан кейін саңылаудың пайда болуына ықпал етеді.

Жатыр мойыны рагының келесі клиникалы-анатомиялық түрлері анықталады.

  1. Экзофитті түрлер. Ерте симптоматика бақыланады. «Түсті қырық орама» тәрізді болады, жанасқанда тез қанайды. «Түсті қырық орама» тәрізді қатерлі ісіктер кейде қынапты түгелдей толтырады, мұндай қатерлі ісіктерде қынап күмбезіне таралу кешіректеу жүреді.

  2. Эндофитті түрлер. Қатерлі ісік эндофитті түрде жатыр мойынының беткейінде өспейді, ол оның бойына жайылады. Жатыр мойыны гипертрофияланған, бейнесі ісініп домаланған, тығыздалған, қызыл-қоңыр түсті, беткейде орналасқан капиллярлар торабымен сипатталады. Қатерлі ісіну процесі қынап күмбезінің кілегей қабатына тез тарайды, жатырдың қабырғаларына өседі және бірінші параметрийдің үлпершесіне өтеді, содан соң біртіндеп аймақты лимфа түйіндерін зақымдайды.

  3. Инфильтраттық-жаралы түрлері. Көбінесе жатыр мойыны рагының асқынған сатыларында кездеседі және қатерлі ісіктің ыдырауы мен некрозының нәтижесінде болады. Жатыр мойынының орнында қынап күмбезінің тереңінде жара пайда болады. Мұндай жағдайда параметралді үлпершелер тез қамтылады, сол себепті бұл түр өте қатерлі болып есептеледі.

  4. Аралас түрлер. Жатыр мойыны рагының бұл түрі аралас экзофитті және эндофитті түрлерімен сипатталады.

Қатерлі ісіктің сипаты қатерлі процестің таралу заңдылықтарына белгілі бір әсер етеді. Таралудың жетекші жолдарына дерттің ақырғы кезеңінде гематогенді метастаздармен күшейетін «тікелей өсу» және лимфогенді жайылу жатады. Қатерлі ісіктің тікелей өсуіне жатырдың сіңірлі аппаратының және жамбастың үлпершелі кеңістіктерінің өсіп, зақымдануы тән.

Жатыр мойыны рагының лимфогенді жайылу кезеңдері.

I кезең – жапқыш, ішкі және сыртқы мықындық лимфа түйіндері.

II кезең – жалпы мықындық лимфа түйіндері.

III кезең – бел лимфа түйіндері.

Ретроградты метастаздар: шап, жоғарғы және төменгі бөкселік лимфа түйіндері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]