Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№26[1].doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.54 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Онкология кафедрасы

ДӘРІС

«Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары» тақырыбы

AG 4303 Акушерлік және гинекология, онкогинекология негіздері бөлімі пәні

051301 – Жалпы медицина мамандығы

4 курс

1 сағат уақыт (ұзақтығы)

Қарағанды 2010 ж.

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген «__22__» _04_ 2010 ж. № 13 хаттама

Онкология кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д. профессор В.Б. Сирота

  • Тақырыбы: Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары

  • Мақсаты: студенттерді жатыр мойнының фонды, ісік алды ауруларының жіктеуімен, клиникасымен, қазіргі кезде қолданылатын диагностика және емдеу әдістерімен таныстыру.

  • Дәріс жоспары:

  1. Жатыр мойны патологиялық жағдайларының клиникалы-морфологиялық жіктеуі.

  2. Жатыр мойнының фонды аурулары.

  3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары.

1. Жатыр мойны патологиялық жағдайларының клиникалы-морфологиялық жіктеуі

Бохман Я.В. 1976 жылы жатыр мойынындағы патологиялық процестердің мынадай клиникалы-морфологиялық жіктелуін ұсынды:

  1. Фонды процестер: псевдоэрозия, лейкоплакия, полип, жалпақ кондиломалар.

  2. Рак алды процесс – дисплазия: әлсіз, орташа, ауыр деңгейлі.

  3. Преинвазивті рак (Ca in situ, эпителий ішіндегі рак).

  4. Микроинвазивті рак.

  5. Инвазивті рак: жалпақжасушалы мүйізделетін, жалпақжасушалы мүйізделмейтін, аденкарцинома (безді), диморфты безді-жалпақжасушалық, төмен дифференцияланған.

Көптеген зерттеушілер кейінгі жылдарда Рихарт (1968 ж.) ұсынған цервикалді интраэпителиалді неоплазия (CIN) – CIN I - әлсіз дисплазия, CIN II – орташа дисплазия, CIN III – ауыр дисплазия және преинвазивті рак жіктелуін қолдануда.

2. Жатыр мойнының фонды аурулары

Нақты эрозия кезінде эктоцервикстің әжептәуір бөлігінде оны жауып тұратын көп қабатты жалпақ эпителий болмайды және дәнекерлеуші ұлпалық строма жалаңаштанады. Арнайланбаған қабыну құбылыстары байқалады.

Псевдоэрозия (эктопия) кезінде цервикалді өзегінің бір қатарлы цилиндрлік эпителийі жатыр мойынының қынаптық бөлігіне көпқабатты жалпақ эпителийді алмастырып таралады. Негізінде көптеген ғажайып бейнелі без құрылымдары. Псевдоэрозиялар безді, папиллярлы, эпидермияланушы болып бөлінеді. Безді псевдоэрозия жатыр мойынының қынапты бөлігінен бездердің пайда болуымен сипатталады; папиллярлы псевдоэрозияда қосымша строманың емізіктер түрінде өсуі байқалады. Көбісінде эпидермизация сатысындағы псевдоэрозия байқалады, ол безді эпителийдің ішінде кездесетін метапластикалық немесе жалпақ эпителий аралшалрымен сипатталады. Псевдоэрозия толық жазылғанда көп қабатты эпителиймен бүркеледі. Көбінесе ретенциялық кисталар (Ovula Nabothi) туындайды.

Лейкоплакия – эпителийдің артық мөлшерде мүйізденуі. Лейкоплакияның негізінде гистиоциттардан және плазматикалық жасушалардан құралған периваскулярлы және субэпителиалді инфильтраттар жатады.

Жатыр мойынының полиптерінің құрылымы көпқабатты жалпақ немесе цилиндрлі эпителиймен бүркелген және орталық дәнекер аяқшаларымен сипатталады, эпителийді сол сияқты полиптің тереңінде орналасқан безді немесе безді-фиброзды қүрылымдар түзеді.

Папилломалар – папиломавирусты дертінің жұғуы нәтижесінде пайда болатын қатерсіз түзілімдер. Папилломалар строманың таралуы және көпқабатты жалпақ эпителийдің мүйізденіп өсуімен сипатталады.

Эритроплакия – қызметтік және аралық қабаттардың атрофиясы нәтижесінде көпқабатты жалпақ эпителий қабатының жұқаруы және жіңішкеруі.

Жатыр мойынының эндометриозы. Диатермалы-электрлі коагуляцияның кеңінен қолданылуы аталған гетеротопияның өсу жиілігінің бір себебіне жатады. Менструалдық айналымының 1 фазасындағы ДЭК, жатыр мойынының эндометриозы дамуы үшін тиімді факторы болып табылады, себебі жараның қабығы үзілген соң жатыр мойынының қынапты бөлігіндегі жаралы беткейде пайда болатын грануляциялық ұлпа кезекті менструация кезінде бөлінетін эндометрий жасушаларының имплантациясы үшін өте қолайлы аймақ болып табылады.

Көбінесе белгісіз жүреді, бірақ кезекті менструация алдында бірнеше күн бұрын менструация аралық қанды бөлінулер болуы мүмкін.

Жатыр мойынының дисплазиясы және преинвазивті рагының өзіне тән ерекшеленген клиникалы белгілері болмайды. Соңдықтанда, диагностикалық және алдына алу шаралары жүйесінде клиникалық емес, морфологиялық (цито-, гистологиялық) және эндоскопиялық көрсеткіштер маңызды болып есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]