Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тер.стом. тесты каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

4. Рентгенографиялық әдіс

5. Тісті тікелей бояу әдісі

131. Төмендегі белгілерден 46 және 36 тістерге тәндерін көрсетіңіз;

1. Тіс сауыты жақсы дамыған, шайнау бетінде 5 төмпешігі бар, ұрт төмпешіктері

көбірек қажалған, тіс қуысы төртбұрышқа ұқсас, 2 түбірі, үш өзегі бар .

2. Тіс сауыты сопақтау пішінді, алдан артқа қарай қысыңқы, шайнау бетінде 2 төмпешігі бар. Сауыт қуысы саңылауға ұқсас, ұрт-таңдай бағытында созылған. Екі түбірі болған кезде екі өзегі болады.

3. Тіс сауыты домалақ пішінді, шайнау бетінде екі төмпешігі бар. Сауыт қуысы артқы-

алдыңғы жағынан аздап қысылған, үрмеге ұқсап тарылып барып, жақсы өтетін бір

өзекке ауысады.

4. Тіс сауытының бұрыш және түбір белгілері жақсы дамыған,

132.Тісжегі қуысына ену мүмкіндігі қиындау ІІІ класстық тісжегі қуысы кезінде оны ашу және кеңейту кезеңдері қалай орындалады;

1. Бұл кезеңдер орындалмайды, себебі мұндай қуыстың аузында салбыраған жиектері

жоқ, қуыс жақсы көрінеді және ену оңай,

2. Тісжегі қуысы проекциясы аймағындағы таңдай жақ қабырғасы трепанацияланады .

3. Цилдиндрге немесе шарға ұқсас бормен жанасу бетінен енеді.

4. Еркін ену үшін тістер бір-бірінен ажыратылады (сепарациялау)

133. Көптүбірлі тістерге ұзақ әсер етпейтін мышьяк қойыртпағы қанша уақытқа

қойылады;

1. 24 сағатқа

2. 36 сағатқа,

3. 48 сағатқа

4. 7 тәулікке,

5. 10 тәулікке.

134.Ұзақ әсер етпейтін мышьяк қойыртпағын 11тіске қанша уақытқа қоюға болады;

1. 24 сағатқа

2. 36 сағатқа,

3. 48 сағатқа

4. 7 тәулікке,

5. 10 тәулікке.

135. Қызыл жалпақ теміреткенің эрозиялы-жаралы түріндегі бөрткенді атаңыз;

1. Түйіншек (папула), эрозия, ойық жара.

2. Дақ, эрозия, ойық жара (язва)

3. Розеола, түйіншек, эрозия.

4. Домбық (волдырь) жара, эрозия.

5. Түйіншек, эрозия, күлбіреуік, жара.

136. Коллапсқа (талуға) тән белгілерді атаңыз;

1. Науқас есін жоғалтқан, беті бозғылт, тамыры әлсіз соғады, көз қарашықтары тарылған.

2. Науқастың түсі бозғылт, басы айналады, тамыр соғысы жіп тәріздес, есін жоғалтпаған, суық тер шығады.

3. Кеуде сыртында қысып, жаншылған ауру сезімі сол қолға беріледі, бет терісі бозғылт, артериялық қан қысымы қалыпта немесе жоғарылаған, есі сақталған.

4. Оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, есі сақталған, тамыр соғысы жиілеген.

5. Есі сақталған, ентігіп дем алады, терісі жер түстес, дене жағдайы шарасыздыққа тән.

(вынужденное положение тела)

137. Есінен танудың (обморок) белгілерін атаңыз;

1. Бет терісі бозғылт, тамыр соғысы әлсіз, есін жоғалтқан, көз қарашықтары тарылған

2. Науқас бозарған, басы айналады, ентігіп демалады, тамыр соғысы жіп тәріздес, есі

сақталған, суық тер шығады. Осының бәрі дәрі енгізілгеннен кейін пайда болған.

3. Кеуде сыртында қысып-жаншылған ауыру сезімі және ол сол қолына таралады, бет

терісі бозғылт, есі сақталған,артериялық қан қысымы қалыпта немесе жоғарылаған.

4. Оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, есі сақталған, тамыр соғысы жиілеген.

5. Есі сақталған, ентігіп дем алады, терісі жер түстес, дене жағдайы шарасыздыққа тән.

(вынужденное положение тела)

138. Стенокардияға (жүрек қыспасына) тән белгілерді атаңыз;

1. Бет терісі бозғылт, тамыр соғысы әлсіз, есін жоғалтқан, көз қарашықтары тарылған

2. Науқас бозарған, басы айналады, ентігіп демалады, тамыр соғысы жіп тәріздес, есі

сақталған, суық тер шығады. Осының бәрі дәрі енгізілгеннен кейін пайда болған.

3. Сол кеуде сыртында қысып-жаншылған ауыру сезімі және ол сол қолына таралады,

бет терісі бозғылт, есі сақталған,артериялық қан қысымы қалыпта немесе

жоғарылаған.

4. Оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, есі сақталған, тамыр соғысы жиілеген.

5. Есі сақталған, ентігіп дем алады, терісі жер түстес, дене жағдайы шарасыздыққа тән.

(вынужденное положение тела)

139. Стенокардия (жүрек қыспасы) кезінде қандай жедел жәрдем шаралары жүргізіледі;

1. Нитроглицерин немесе валидолды тіл астына салып сору,

2. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету, көйлектердің түймесін ағытып, екі аяғын биіктеу қойып, мүсәтір спиртінің буын иіскету.

3. Дененің жарақаттанбауын қадағалау, тыныс жолдарының өткігзіштігін қамтамасыз ету, тістерінің арасына орамал қою, седуксен 0,5% -2мл ертіндісін көк етке немесе

көктамырға енгізу.

4. Дроперидолдың 2 %ертіндісінен 2мл көк етке,анальгиннің 50 % ертіндісінен 2,0

көк етке салу. Жедел жәрдем шақыру.

140. Есінен тану (обморок) кезінде қандай көмек көрсетіледі;

1. Таза ауа енуін қамтамасыз ету, ингаляия, эуфиллинді көк тамырға енгізу, қажет болса жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер (кордиамин, кофеин) енгізу,

2. Науқасты арқасына жатқызу, мүсәтір спиртін иіскету.

3. Тіл сатына валидол немесе анальгин қою. Жедел жәрдем шақыру.

4. Көктамырға преднизалон жіберу

5. Науқасты жатқызып, бетіне суық су шашу.

141. «Ауыз кандидозы» ауруын нақтылау үшін лабораториялық зерттеулердің қайсысы тиімді;

1. Жарақат ошағынан алынған қырманы микроскопиялық зерттеуден өткізу

2. Серологиялық зерттеу

3. Арандатушы сынамалар

4. Қанды биохимиялық зерттеулер

5. Биопсиялау.

142. Адамның иммунитет тапшылығы (АИТ) вирусы қандай топқа жатады;

1. Коксаки

2. Varicella zoster (белдеме теміреткі туындататын)

3. herpes zoster

4 herpes simplex (қарапайым герпес вирусы)

5. Ретровирустар тобына

143. Еріннің қарапайым гландулярлы қабынуына қандай белгілер тән;

1. «көбелек» симптомдары (белгісі)

2. Сүңгі симптмдары (белгісі)

3. Поспелов симптомы (белгісі)

4. «таңғы шық» белгісі

5. Никольский симптомы (белгісі)

144. Еріннің біріншілік гландулярлы қабынуын туындатуға қолайлы жағдай қандай;

1. Қызыл жегі

2. Еріннің ұсақ сілекей бездерінің туа дамыған ауытқулары.

3. Созылмалы зақымданулар,

4. Қызыл жалпақ теміреткі,

5. Лейкоплакия.

145. Мерез диагнозын нақтылау үшін қандай аранулы зерттеулер жүргізу керек;