- •С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті квалификациалық тест сұрақтары терапиялық стоматологиядан 550 дана
- •Алматы,2007 г
- •1. Витальдық экстирпациялау әдісі
- •4. Қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі,
- •5. Қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі.
- •5. Аталғандардың бәрі.
- •1.Жанасу беті арқылы ;
- •1. Оттегімен жетілген қабат
- •3. Орынбасушы дентин қабаты
- •1. Тісжегі қуысын шайнау бетіне шығару арқылы,
- •4. Рентгенографиялық әдіс
- •5. Тісті тікелей бояу әдісі
- •1. Эпителийдің бүтіндігін анықтау сынамасы
- •1. Лентуло
- •4. Пародонтоз
- •2. Қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы
- •4. Пародонтоз
- •4. Аталғандардың бәрі.
- •4. Аталғандардың бәрі.
- •1. Сутегінің асқынтотығы
- •5. Полярография,
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •4. Термометрия
- •3. Термометрия
- •1. Пародонтоз
- •3. Пародонтолиз
- •5. Аталғандардың бәрі
- •4. Аталғандардың бәрі
- •2. Термометрия
- •2. Термометрия
- •2. Термометрия
- •2. Термометрия
- •4. Термометрия
- •2. Термометрия
- •4. Термометрия
- •4. Термометрия
- •5. Аталғандардың бәрі
- •3.Спредер
- •4. Спредер
- •2. Спредер
- •3. Плагер
- •2. Спредер
- •1. Пародонтоз
- •5. Пародонтоз
- •4. Аталғандардың бәрі
4. Қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі,
5. Қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі.
65. Науқасқа қызылиектің жаралана қабынуы, жеңіл дәрежесі деген диагноз қойылды. Жергілікті емдеудің тиімді шараларын көрсетіңіз;
1. Ауыз ішін антисептиктермен булау,
2. Тіс шөгінділерін алып, ауыз гигиенасын сақтауды үйрету, физиотерапиялық
шаралар қолдану.
3. Антисептикалық және кератопластикалық (эпителийдің қызметін жоғарылататын)
дәрілер қолдану, ультражоғарғы жиіліктегі айнымалы токпен емдеу,
4. Жансыздандыру, ферменттер, антибиотиктер, кератопластиктерді қолданып емдеу.
5. Ауыз қуысын сауықтыру, гигиеналық оқыту, жалпы жағдайды жақсарту
терапиясы.
66. Кюретаждау әдісі қандай мақсатта жүргізіледі;
1. Пародонталдық қалтаны бар тереңдігіне кесіп алу,
2. Пародонталдық қалталардың ішіндегі бөгде құрылымдарды қырып-тазалау үшін,
қалталарды жою үшін.
3. Альвеола өсіндісінің ақауларын коррекциялау үшін,
4. Ерін немесе тіл үзбесін (уздечка) кесіп алу,
5. Жоғарғыдағы аталғандардың бәрі.
67. Эпителий клеткаларының ішіне сұйық еніп цитоплазмасын вакуольдендіріп, клетканы бұзады. Бұл қандай патологиялық үрдіс;
1. Вакуольді дистрофиялану,
2. Акантоздану,
3. Акантолиздану
4. Спангиоздану,
5. Гиперкератоздану.
68. Эпителийклеткаларының белсенділігі жоғарылап, кератин құру қызметі жеделдеп, мүйізді қабат қалыңдайды. Бұл қандай патологиялық үрдіс;
1. Дискератоздану,
2.акантоздану
3. Гиперкератоздану.
4. Папилломатоздану
5. Паракератоздану.
69. Тікенекке ұқсас қабат клеткаларының арасында сұйық жиналып, клеткааралық кеңістіктер кеңейеді, цитоплазмалық өсіктер тегістеледі. Бұл қандай патологиялық үрдіс;
1. Акантолиз
2. Вакуоьді дистрофиялану.
3. Баллонды дегенерациялану,
4. Спонгиоздану,
5. Акантоз.
70. Қуысты бөртпелерді атаңыз;
1. Көпіршік, күлбіреуік, түйін, іріңдік, киста, абсцесс,
2. Түйін, папула, абсцесс, іріңдік, көпіршік.
3. Көпіршік, іріңдік, киста, күлбіреуік,
4. Абсцесс, түйін, жара, бұдырмақ, іріңдік.
5. Түйіншек, бұдырмақ, көпіршік, күлдіреуік.
71. Обыралды аурудың қатерлі ісікке айналу белгілерін көрсет;
1. Бүртікті ісіктер,
2. Ошақтың көлемінің үлкейіп табанында тығыздану белгісінің пайда болуы.
3. Мүйізгектенудің күшейуі.
4. Кенеттен қан ағуы.
5. Аталғандардың бәрі.
72. Ауыз кілегейлі қабығымен еріндер жиегі обыралды ауруларының ішінен облигатты түрлерін атаңыз;
1. Тері мүйіз, қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі,
2. Кератоакантома, мүйізгектенген папиллома.
3. Веррукозды лейкоплакия, шектелген гиперкератоз,
4. Сүйелге ұқсас обыралды ісік,
5. Шектелген обыралды гиперкератозы, сүйелге ұқсас обыралды ісік, Манганотти
хейлиті, Боуэн ауруы.
73. Аса өзгермеген кілегейлі қабық бетінде ұрттың алдыңғы бөлігінде тістеу сызығы деңгейінде эпителий үшбұрышты ошақ құрай күңгірттеніп, ақшыл –сұр түстенген.
Бұл белгі қай ауруға тән;
1. Ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозына
2. Веррукозды лейкоплакияға
3. Екіншілік папулезді мерезге
4. Жазық лейкоплакияға
5. Кейр эритроплазиясына немесе Боуэн ауруына.
74. Кілегейлі қабық бетінде қатты қызырған аймақта топтаса орналасқан ұсақ көпіршік бөрткендер бар, жарылып барып дұрыс пішінсіз, иректелген жиегі бар, ақшыл-сары түсті қақпен жабылған эрозиялы ошақтар пайда болады. Бұл қандай ауру;
1. Тұрпайы (қарапайым) күлбіреуікше
2. Қатерсіз күлбіреуікше
3. Қайталамалы герпес
4. Лейкоплакия, эрозиялы-жаралы түрі
5. Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі
75. Еріннің жапырақтана қабынуының құрғақ түріне тән белгілерді атаңыз;
1. Жарақат ошағы еріндер жиегінде, бет терісінде, талаурап қызару, еріндер жиегінде,
ауыз төңірегіндегі теріде қабықтар орналасқан,
2. Еріндер жиегінде пайда болған қабықшалар алжапқыш сияқты салбырап тұр, ас
қабылдағанда, сөйлегенде ерін аздап сыздап ауырады
3. Бөрткендер Клейн белдеуімен еріндер жиегінің ортасына дейін орналасқан, құрғаған
кезде ақшыл-сұр түсті, жиектері көтеріңкі қабыршақтар орналасқан, оларды алған
кезде эрозиялар байқалмайды.
4. Қабықшаларды алғаннан кейін эрозиялар беті ашылады, ауру өз бетімен жазылуы
мүмкін,
5. Бөрткендер езулердеорналасады, еріндер жиегінде қабықшалар, еріндер домбыққан.
76. Жасы 20-дағы ер адам төменгі ерінінің құрғауына және жиегінің қабыршақтанып түлеуіне шағымданады. Қарап тексергенде – төменгі ернінің кілегейлі қабығында ұсақ сілекей бездері шығару түтіктерінің ауыздары кеңейген, олардан қою сұйық бөлініп
тамшыға айналады. («таңғы шық» симптомы). Алғашқы диагнозды қойыңвз;
1. Еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы
2. Еріннің экзематозды қабынуы
3. Еріннің іріңді гландулярлы қабынуы,
4. Еріннің жапырақтана қабынуы,
5. Еріннің қарапайым гландулярлы қабынуы.
77. Жағынды-таңбаны цитологиялық зерттеу кезінде акантолизденген Тцанк клеткалары табылды. Бұл цитологиялық көрніс қандай ауруға тән;
1. Ауыздың жедел герпестік қабынуына,
2. Қайталамалы герпеске.
3. Белдеме теміреткі,
4. Көптнрлі жалқықты эритема,
5.тұрпайы күлбіреуікше
78. Екі ұрттың кілегейлі қабығының тістеу сызығы деңгейінде, тілдің бүйір беттерінде ұсақ көпбұрышты, ені 2-3мм ақшыл-сұр түсті папулалар аздап көтеріңкі торлы және шілтер суретін құрай орналасқан. Төңірегіндегі тіндер айтулы өзгеріске ұшырамаған. Бұл бөрткендер қандай ауруға тән;
1. Қызыл жалпақ теміреткі, әдетті түрі
2. Жазық лейкоплакия
3. Веррукозды лейкоплакия
4. Шылым шегушілер лейкоплакиясы,
5. Шектелшег обыралды гиперкератозы
79. Берішті шанкр (твердый шанкр) диагнозын нақтылауға қолданылатын қосымша зерттеу әдісін атаңыз;
1. РИФ, РИБТ микроскопиялық зерттеу,
2. эпителий бүтіндігін тексеру сынамасы..
3. Манту реакциясы
4. Гистаминді сынама
5. Көпіршік сынамасы (волдырная проба)
80. Вакуольді дистрофиялану қандай патологиялық үрдіспен сипатталады;
1. Эпителий клеткаларының көлемдерінің кішіреюімен,
2. Дәнекер тін клеткалы құрылымдарының некробиоздық өзггеруімен
3. Эпителий клеткалары ішіне сұйық жиналып ,цитоплазмада клеткаларды бұзатын вакуольдердің пайда болуымен.
4. Тікенекті қабатта клеткааралық байланыстың бұзылуымен, кейінірек эпителий клеткаларының дистрофиялық өзгерістерімен.
5. Тікенекті қабат клеткаларының арасына сұйықтықтың жиналып, клеткааралық кеңістіктердің кеңеюімен, цитоплазмалық өсіктердің жазықтануымен.
81. Мүйізгектену процессі бұзылып, ақшыл түсті жасушалар –Дарье денешігі пайда болады. Бұл қандай патологиялық үрдіс;
1. Дискератоздану
2. Акантоздану
3. Гиперкератоздану
4. Папилламатоздану
5. Паракератоздану
82. Тікенекті қабат беткей клеткалары толық мүйізгектенбейді, кератогиалин құрылу кезеңі орын алмай, ең жоғарғы қабаттағы клеткаларда жазықтана созылған ядролар сақталған. Бұл қандай патологиялық үрдіс;
1. Дискератоздану
2. Гиперкератоздану
3. Паракератоздану
4. Папилломатоздану
5. Акантоздану
83. Аталған патологиялық үрдістердің ішінен эпителийде мүйізгектену үрдісінің бұзылуымен сипатталатынын атаңыз;
1. Гиперкератоздану, спонгиоздану, ангиоматоздану,
2. Спонгиоздану,вакуольді дистрофиялану, баллонды дегенерациялану.
3. Акантоздану, паракератоздану, папилломатоздану
4. Акантоздану,спангиоздану, папилломатоздану,
5. Паракератоздану, дискератоздану, гиперкератоздану
84. Қандай патологиялық үрдіс кезінде тікенекті қабат клеткалары арасына сұйық жиналып, клеткааралық кеңістіктер кеңейіп, цитоплазмалық өсіктер тегістеледі;
1. Акантолиздену
2. Вакуольді дистрофиялану
3. Баллонды дегенерациялану
4. Спогиоздану
5. Акантоздану
85.Қуысты бөрткен, эпителий ішінде немесе эпителий астында орын алады, ені 5мм жақын, іші сарысулы немесе қанды жалқыққа толы. Бұл қандай бөрткен;
1. Іріңдік.
2. Киста
3. Домбық (волдырь)
4. Күлбіреуік
5. Көпіршік
86. Мерездің бірінші кезеңінде бозғылт трепонема енген жерде қандай құрылым пайда болады;
1. Папула
2. Дақ
3. Бұдырмақ
4. Іріңдік
5. Берішті шанкр
87. Обыралды аурулардың қатерлі ісікке айналу белгілері қандай;
1. Бүртікті өсіктердің дамуы
2. Жарақат ошағының көлемінің үлкеюі, табанының инфильтраттанып, жиі қанауы.
3. Мүйізгектенудің күшебі
4. Ауыру сезімінің пайда болуы
5. Осы аталғандардың барлығы.
88. Манганотти хейлиті кезіндегі басты бөрткенді атаныз;
1. Эрозия,
2. Дақ
3. Түйіншек
4. Қабыршақ
5. Ойық жара.
89. Аталған обыралды аурулардың қайсысы жиірек қатерлі ісікке ауысады;
1. Қызыл жегі және қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы және гиперкератозды
түрлері
2. Сәуле әсерінен кейінгі ауыздың қабынуы
3. Веррукозды лейкоплакия
4. Боуэн ауруы
5. Папилломатоз
90.Аталған ауыз кілегейлі қабығы және еріндер жиегі обыралды ауруларының ішінен факультативті (шартты ауысатын) ауруларға жататынын атаңыз;
1. Шектелген обыралды гиперкератозды
2. Сүйелге ұқсас обыралды ісік
3. Боуэн ауруы
4. Лейкоплакия, папиллматоз
5. Манганотти хейлиті
91.Туберкулез қоздырушы микроб;
1. Бозғылт трепонема
2. Венсан спирохетасы
3. Фузобактериялар
4. Клостридиялар
5. Кох микобактериялары
92. Туберкулез жегісі кезіндегі біріншілік бөрткенді атаңыз;
1. Дақ
2. Бұдырмақ.
3. Қабыршақ,
4. Қабықша,
5. Эрозия.
93. Аталған екіншілік бөрткендердің ішінен миллиарлы-жаралы туберкулезге тәнін атаңыз;
1. Түйіншек,
2. Дақ.
3. Тыртық,
4. Тілік,
5. Жара.
94. Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен ауру науқасты анықтағандыа қандай дәрігерлік тактиканы ұстану керек;
1. Үй жағдайында емделуді ұсыну.
2. Арнаулы ем жүргізілмейді.
3. Жараны емдеудің қажеті жоқ,
4. Мамандандырылған емдеу мекемесінде емдеу,
5. Кешенді емдеу шаралы стоматологиялық емхана жағдайында жүргізіледі.
95. Ерінінң меншікті қабынуларына жататын ауруларды атаңыз;
1. Еріннің экзематозды қабынуы, атопиялық қабынуы
2. Мейж трофедемасы, еріннің ұлғая қабынуы
3. Еріннің қабыршақтана, гландулярлы, жанаспалы, аллергиялық, метеорологиялық,
актиндік қабынулары.
4. Еріннің плазмоклеткалық қабынуы, аброзивті преканцерозды қабынуы (Манганотти
хейлиті)
5. Еріннің екіншілік гландулярлық қабынуы.
96.Еріннің қабыршақтана (жапырақтана) қабынуында қандай этиопатогенездік
факторларға маңызды рөл беріледі;
1. Психопатологияға (депрессивті реакциялар), эндокриндік бұзылыстар, тұқым
қуалаушылық,
2. Жүрек-қантамырлар жүйесі, асқазан-ішек жолы аурулары
3. асқазан-ішек жолы аурулары, витаминдер тапшылығы.
4. Еріндер құрылысының ауытқулары, вирустық инфекция,
5. Бас-ми жарақаттары, эндокриндік бұзылыстар
97. Еріннің жапырақтана қабынуының құрғақ түрін қандай аурулардан ажырата білу керек;
1. Макрохейлиттен. Мейж трофодемасынан
2. Еріннің актиндік қабынуынан, Манганотти хейлитінен, қызыл жегігің эрозиялы-
жаралы түрінен.
3. Көптүрлі жалқықтана қызармадан, ауыздың қайталамалы афталы қабынуынан
4. Жанаспа аллергиялық хейлиттен, еріннің метерологиялық қабынуынан.
5. Сүйелге ұқсас обыралды өсіктен, шектелген обыралды гиперкератоздан, прекан-
церозды Мангонотти хейлитінен.
98. Еріннің қарапайым гландулярлы қабынуының этиологиялық факторларын атаңыз;
1. Ксеротомия (ауыз құрғақтығы), А витамині жетіспеушілігі.
2. Жедел инфекциялық аурулар
3. Сілекей бездерінің туа дамыған ауытқулары.
4. Витаминдер жетіспеушілігі және тапшылығы,
5. Асқазан-ішек жолы аурулары.
99. Еріннің қарапайым гландулярлы қабынуын емдеңіз;
1. Кератопластиктерден аппликат қоб
2. Жарақат ошақтарының астына никотин қышқылымен инъекция жасау
3. Қабынуға қарсы дәрілі жақпаларды жағу немесе ақою, ұсақ сілекей бездерін коагуля
циялау
4. Дене ағзалары ауруларын емдеу
5. Кератопластиктермен бастырма (аппликат)
100. Ерінге жағатын далаптар (губные помады), ауыз гигиенасын сақтауға арналған заттар, пломылар, протездер , ауызға ендірілетін бөгде заттар(пластмасслар, үрлемелі аспаптардың мундштугі) еріннің қандай қабынуының себепкері болуы мүмкін;
1. Еріннің ауа-райы ықпалынан қабынуы,
2. Еріннің қарапайым гландулярлы қабынуы
3. Еріннің экземелы қабынуы
4. Еріннің жанаспа аллергиялы қабынуы
5. Еріннің жапырақтана қабынуы.
101. Еріннің жанаспа аллергияық қабынуы қандай белгілермен ипаталады :ысып-күйіп,қышуы .
1.еріндердің қатты домбығып қызаруы ,қабыршақтана түлеуі.
2.еріндердің қатты ауыруы жиегінде қалың қабықшалардың паида болуы ;
3.еріндер жиегінде тиектері көтерілген қабыршақтарыдың пайда болуы ;
4.сары –сүр түсті қабықшалардың пайда болуы ;
5.дене қызуының көтерілуі .
102.Ернінің жанаспа аллергиялық қабынуы бар науқасқа қандай ем тағайындалады :
1.бутадион жақпасы,тыныштандырушы дәрілер ;
2.себін жою ,құрамында көртикостер дтар бар жақпалар ,керопластитер,гистаминге
қарсы дәрілер ;
3.бонафтон жақпасы ,кератопластиктер, ауыз ішін сауықтыру,десенсибилизациалаушы
дәрілер ;
4.емдеудің қажеті жоқ ,ауру өзбетімен жазылады .
103.Еріннің қандай қабынуы ауаның жоғары ылғалдылығы ,бөлмеде шаң-тозаңның көп болуы, жиі жел тұруы, жоғары-төмен температура күн сәулелері әсерінен туындайды;
1. Еріннің актиндік қабынуы;
2.еріннің атопиялық қабынуы;
3. Еріннің экземалы қабынуы;
4.еріннің метеорологиялық қабынуы;
5.еріннің жанаспа-аллергиялық қабынуы;
104.Тістің шайнау бетіндегі тістегі БЛЭК жүйесі бойынша қай класқа жатады:
1. I класс
2. II класс
3. III класс
4. IV класс
5. V класс
105.Кіреукені тікелей болғанда анықталатын минералсыздану ошағы қай ауру кезінде орын алады:
1.сынаға ұқсас ақау кезінде;
2.тістер гиплоплазиясы кезінде;
3. Бастапқы тістегі кезінде;
4.кіреуке эррозиясы кезінде;
5.тістер флюорозы кезінде;
106.Тісті тікелей бояу үшін қандай ерітінді пайдаланылады:
1.йодты калий ерітіндісі;
2.қызыл фукцин ерітіндісі;
3.фурациллин ерітіндісі;
4. Метилен көгінің ерітіндісі;
5.гипохлорид ерітіндісі;
107.Жоғарғы сүйір түстің сауыты бүтін кезде тіс қуысына қай бетінен жол ашуға болады:
