
- •С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті квалификациалық тест сұрақтары терапиялық стоматологиядан 550 дана
- •Алматы,2007 г
- •1. Витальдық экстирпациялау әдісі
- •4. Қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі,
- •5. Қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі.
- •5. Аталғандардың бәрі.
- •1.Жанасу беті арқылы ;
- •1. Оттегімен жетілген қабат
- •3. Орынбасушы дентин қабаты
- •1. Тісжегі қуысын шайнау бетіне шығару арқылы,
- •4. Рентгенографиялық әдіс
- •5. Тісті тікелей бояу әдісі
- •1. Эпителийдің бүтіндігін анықтау сынамасы
- •1. Лентуло
- •4. Пародонтоз
- •2. Қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы
- •4. Пародонтоз
- •4. Аталғандардың бәрі.
- •4. Аталғандардың бәрі.
- •1. Сутегінің асқынтотығы
- •5. Полярография,
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •4. Термометрия
- •3. Термометрия
- •1. Пародонтоз
- •3. Пародонтолиз
- •5. Аталғандардың бәрі
- •4. Аталғандардың бәрі
- •2. Термометрия
- •2. Термометрия
- •2. Термометрия
- •2. Термометрия
- •4. Термометрия
- •2. Термометрия
- •4. Термометрия
- •4. Термометрия
- •5. Аталғандардың бәрі
- •3.Спредер
- •4. Спредер
- •2. Спредер
- •3. Плагер
- •2. Спредер
- •1. Пародонтоз
- •5. Пародонтоз
- •4. Аталғандардың бәрі
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті квалификациалық тест сұрақтары терапиялық стоматологиядан 550 дана
Аударғандар: доц. Мезгилбаева Д.М.
Бакбаев Б.Б.
Мангытаева Б.Б.
Алматы,2007 г
1.Қызылиек капиллярының вакумге шыдау қасиетінің төмендеуіне байланысты қабырғалары үзілу барысында гематоманың пайда болу уақытын анықтау әдісі қалай аталады?
1. Реопародонтография
2. Полярография
3. Капилляроскопия
4. Биомикроскопия
5. Кулаженко сынамасы
2.Төмендегі құрамдардан тұратын (5мл 40%формалин ертіндісі, 20мл глицерин, 75мл дистилденген су) сұйықпен суланған тампонмен тексерілу аймағын сүртіп, ауыру сезімінің бар-жоғын анықтайды. Бұл қандай зерттеу әдісі;
1. Түбір өзегіндегі заттарды анықтау
2. Қызылиек асты тіс шөгінділерін анықтау
3. Эпителийдің бүтіндігін анықтау сынамасы
4. Пародонтальдық қалтадағы ортаның РН-ын анықтау
5. Тістердің жоғарғы сезімталдығын анықтау
3.Ауыз ішіне лейкоциттердің бөліну қарқындылығын анықтау қандай әдіс арқылы жүргізіледі;
1. Айнамо сынамасы
2. Ясиновский сынамасы
3. Кулаженко сынамасы
4. Шиллер-Писарев сынамасы
5. Эпителийдің бүтіндігін анықтау сынамасы
4. Ауыз кілегейлі қабығын 3% сутегінің асқын тотығымен сүрту арқылы жүргізілетін сынаманың мақсаты қандай;
1. Ауыз кілегейлі қабығы дәнекер тінінің белсенділігін анықтау
2. Организмнің «С» витаминімен қаныққандығын анықтау
3. Эпителийдің бүтіндігін анықтау үшін
4. Қабынған қызылиекте гликогеннің жиналу деңгейін анықтау үшін
5. Ауыз гигиенасының жағдайын анықтау үшін
5.Трипан көгінің 0,25% ертіндісімен сынама қандай мақсатта жүргізіледі.
1. Организмнің «С» витаминімен қаныққандығын анықтау
2. Эпителийдің бүтіндігін анықтау үшін
3. Ауыз кілегейлі қабығы дәнекер тінінің белсенділігін анықтау
4. Қабынған қызылиекте гликогеннің жиналу деңгейін анықтау үшін
5. Ауыз гигиенасының жағдайын анықтау үшін
6.Грин-Вермильон индексін анықтау қандай мақсатта жүргізіледі;
1. Ауыз кілегейлі қабығы дәнекер тінінің белсенділігін анықтау
2. Организмнің «С» витаминімен қаныққандығын анықтау
3. Эпителийдің бүтіндігін анықтау үшін
4. Қабынған қызылиекте гликогеннің жиналу деңгейін анықтау үшін
5. Ауыз гигиенасының жағдайын анықтау үшін
7. Пародонт тіндеріндегі микроциркуляторлық қан айналымының жағдайын анықтайтын әдіс қалай аталады;
1. Витальді бояу әдісі
2. Эхоостеометрия
3. термометрия
4. Полярография
5. Реопародонтография
8. Пародонт тіндерінің оттегімен қанығуын анықтайтын әдіс қалай аталады;
1. Биомикроскопия
2. Эхоостеометрия
3. Капиляроскопия
4. Полярография
5. Реопародонтография
9. Қызылиектің қанағыштығын, анамнездік мәліметтерге сүйене отырып бағалайтын әдіс қалай аталады;
1. Айнамо сынамасы
2. Ясиновский сынамасы
3. Кулаженко сынамасы
4. Шиллер-Писарев сынамасы
5. Эпителийдің бүтіндігін анықтау сынамасы
10. Пародонттағы өзгерістерді индекспен бағалау үшін қызылиектегі қабынудың жайылмалығы, пародонталдық қалталардың тереңдігі, тістердің қозғалмалығы ескеріледі. Бұл қандай индекс;
1. Федоров-Володкинаның гигиеналық индексі
2. РМА индексі
3. Рассель индексі
4. Кулаженко индексі
5. CPJTN индексі
11. Төмендегі индекстердің қайсысы пародонт ауруларын емдеу қажеттілігін көрсетеді;
1. РМА индексі
2. Рассель индексі
3. CPJTN индексі
4. Грин-Вермильон индексі
5. Лойе индексі
12. Эхоостеометрия арқылы нені зерттейді;
1. Альвеола өсіндісінің тығыздығын
2. Пародонттың қанмен қамтылуын
3. Шайнау бұлшық еттерінің қызметін
4. Капиллярдың тұрақтылығын
5. тістің қатты тіндерінің жағдайын
13. Ауыз кілегейлі қабығының және еріндер жиегінің гиперкератоздануымен сипатталатын ауруларының диагнозын нақтылау қиын жағдайда қандай қосымша әдісті таңдауға болады;
3. Биохимиялық
2. Иммунологиялық
3. Микробиологиялық
4. Вуд сәулесінде зерттеу (қарау, люменесценттік әдіс)
5. Аллергологиялық
14. Орта тісжегі кезіндегі науқастың шағымын атаңыз;
1. Алдыңғы тістерінің ерін жақ бетінде симметриялы ақ бор түстес дақтардың болуы
2. Тісінің толассыз сыздап ауыруы және ас шайнағанда күшейе түсуі
3. Тісінде қуыстың пайда болуы және ыстықтан, суықтан, химиялық әсерлерден тісінің
қақсап ауырып, тез басылуы
4. Температуралық тітіркендіргіштерден тісінің ұзақ сыздап ауыруы
5. Тісінің түнде қатты қақсап ауыруы және үштік нерв тармақтарымен таралуы
15. Терең тісжегінің жедел дамығын түрінде науқастың қандай шағымы болады;
1. Тісінің толассыз ауыруы және ас шайнағанда күшейе түсуі
2. әртүрлі тітіркендіргіштерден пайда болатын ұзақ ауыру сезімі
3. өз бетімен пайда болатын және үштік нерв тармақтарымен таралатын ауыру сезімі
4. температуралық тітіркендіргіштерден ұзаққа созылатын сыздаттатын ауыру сезімі
5. температуралық тітіркендіргіштерден қарқынды және қысқа ауыру сезімі
16. Қандай тісжегі кезіндетек жабынды дентин жарақаттанады. Тісжегі қуысын сүңгілеген кезде ауыру сезімі кіреуке-дентин байламында байқалады, тістің түсі өзгермеген;
1. Орта тісжегі
2. Жоғарғы тісжегі
3. Жедел дамыған терең тісжегі
4. Баяу дамыған терең тісжегі
5. Сынаға ұқсас ақау
17. Тісте үлкен тісжегі қуысы бар, қабырғаларында, табанында тығыз пигменттелген дентин бар. Табаны сүңгілеген кезде аздап қана ауырады. Суыққа тез басылатын әлсіз ауыру сезімі пайда болады. Бұл белгілер тістің қандай ауруына тән;
1. Орта тісжегі
2. Жоғарғы тісжегі
3. Жедел дамыған терең тісжегі
4. Баяу дамыған терең тісжегі
5. Сынаға ұқсас ақау
18. Тісте аса үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, қабырғаларында оңай қабат-қабат болып алынатын жұмсарған дентин бар. Сүңгілеп байқағанда табаны ауырады, суыққа қатты ауыру бірақ тез басылатын сезімі пайда болады. Бұл тістің қандай ауруына тән;
1. Орта тісжегі
2. Жоғарғы тісжегі
3. Жедел дамыған терең тісжегі
4. Баяу дамыған терең тісжегі
5. Сынаға ұқсас ақау
19. Бастапқы тісжегіні тістің қатты тіндерінің қандай ауруларынан ажырата білу керек;
1. Сынаға ұқсас ақау, жоғарғы тісжегі
2. Тістер гипоплазиясы және флюорозы
3. Кіреуке эрозиясы және кіреукенің некроздануы
4. Тістер флюорозы, сынаға ұқсас ақау
5. гипоплазия, патологиялық қажалу
20. Тісжегінің дақты кезеңінде қайта минералдандырып емдейтін дәрілерді атаңыз;
1. Кальций глюконаты, ремодент, сутегінің асқын тотығы
2. Хлорамин, фторлы қойыртпақ(паста), иодты калий ертіндісі
3. Ремодент, фторлы натридің 1-2% ертінділері, эльмакс гельі, флюодент, флюокал,
кальций глюконаты
4. флюокал, кальций глюконаты , хлорамин, сутегінің асқын тотығы, аспирин-
феноцетинді қойыртпақ (паста)
5. Эльмакс гельі, фторлы натридің 1-2% ертінділері, хлорлы-стронций қойыртпағы,
1% сутегінің асқынтотығы.
21. Тістің қандай ауруын емдеген кезде төмендегідей шаралар бірінші қабылдауда жүргізіледі. Бірінші қабылдауда тісжегі қуысы егеп-тазаланып, жуылып кептіріледі, емдік төсем төселіп, уақытша пломба қойылады. Келесі қабылдауда (5-7 күннен кейін) уақытша пломба алынып, емдік төсем, аралық төсем және тұрақты пломба қойылады;
1. Сынаға ұқсас ақау
2. Орта тісжегі
3. Жедел дамыған терең тісжегі
4. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
5. Баяу дамыған терең тісжегі
22. Тістердің қандай ауруларын емдеу үшін тістің қатты тіндеріне құрамында кальций және фторы бар дәрілер бастырма қою арқылы немесе электрофорездеу әдісімен сіңіріледі:
1. Жоғарғы тісжегі
2. Орта тісжегі
3. Тіс флюорозы, деструктивті түрі
4. Бастапқы тісжегі
5. Кандепон дисплазиясы.
23. Бастапқы тісжегіні қайта минералдандырып емдеу нәтижелілігінің белгісін көрсетіңіз;
1. Бор түстес ақ дақтың көлемінің кішіреюі немесе толық жойылып кетуі
2. Кіреукеде ақаудың пайда болуы
3. Дақтың көлемінің үлкеюі
4. Кіреукенің метилен көгінің 1% ертіндісімен жақсы боялуы
24. Тісжегінің дақты кезеңінде қайта минералдандырып емдеу кіреукенің қандай қасиетіне негізделген;
1. Электр өткізгіштік
2. Электр қарсыластық
3. кіреукенің өткізгіштігі
4. кіреукенің ерігіштігіне
5. Барлық аталған қасиеттер
25. Тістің жоғарғы сезімтал аймағын көрсетіңіз;
1. Кіреуке, тісжегі қуысының табаны, ұлпа маңындағы дентин
2. Табиғи сайлар аймағы, мойын аумағы
3. Төмпешіктері, тіс кіреукесі, дентин-кіреуке байламы
4. Кіреуке-дентин шекарасы, мойын аумағы, ұлпа маңындағы дентин
26. Ұлпаның ретроградтық қабынуының клиникалық белгілерін атаңыз:
1. Тістің түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырады
2. өзбетімен дамитын қозбалы ауру сезімі үштік нерв тармақтарымен таралады, тіс
3. сауыты бұзылмаған,терең пародонт қалтасы анықталады.
4. өз бетімен пайда болатын сыздаған ауыру сезімі, тіске шайнау қысымы түскенде
күшейе түседі, қызылиектің катаралды жайыла қабыну белгілері анықталады.
5. Тістеу күші түскенде аздап сыздап ауырады, тістің түбір ұшы проекциясы
аймағындағы кілегейлі қабықта жыланкөз бар, аздап жалқық бөлінеді.
6. Тіс тұсындағы ауыспалы қатпар тегістелген, сипап байқағанда ауырады, дене
жағдайы кенет өзгергенде ауыру сезімі күшейеді
27.Ұлпаның конкременттік қабынуын нақтылайтын әдісті атаңыз;
1. Ұлпаның электр қозғыштығын анықтау,
2. Рентгенографиялық әдіс
3. Трансиллюминациялық әдіс
4. Тісті тікелей бояу әдісі
5. Тістің температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау
28. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезіндегі науқастың шағымын анықтаңыз;
1. әртүрлі тітіркендіргіштерден тез басылатын ауыру сезімі
2. Тітіркендіргіштерден ұзаққа созылатын ауыру сезімі
3. Тіспен тістесу кезінде ауыру сезімі бар
4. Түн ішінде қозатын ауыру сезімі
5. Қатты ауыру сезімі үштік нерв тармақтарымен таралады
29. Келтірілген клиникалық белгілерден ұлпаның созылмалы шіри қабынуына тән белгіні таңдаңыз;
1. Тітіркендіргіштерден аз уақытқа ғана созылатын ауыру сезімі;
2. Тіспен тістескен кезде ауыру сезімі пайда болады;
3. Температуралық тітіркендіргіштерден, көбінесе ыстықтан ұзаққа созылатын ауыру
сезімі;
4. Қозбалы ,приступ тәрізді, түнде күшейетін ауыру сезімі;
5. Тұрақты сыздаған ауыру сезімі, тіспен тістеген кезде ауыруы күшейе түседі;
30. Тістегі қуыс терең және кең, іші шикі ет түстес өсікті құрлыммен толған, тиіп кетсе
қанайды. Бұл белгілер ұлпаның қандай қабынуына тән?
1. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
2. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы;
3. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
5. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы;
31. Ұлпаның жедел толық қабынуын қандай аурулардан ажырата білу керек;
1. жедел дамыған терең тісжегі , орта тісжегі, үштік нерв невралгиясы;
2. Ұлпаның конкременттік қабынуы, ұлпаның ретроградтық қабынуы, ұлпаның
жарақаттан қабынуы, жоғарғы тісжегі;
3. Периодонттың жедел қабынуы- жалқықтану сатысында, периодонттың созылмалы
қабынуы, терең тісжегі
4. Периодонттың жедел қабынуы- уыттану сатысында, ұлпаның жедел іріңді қабынуы,
периодонттың жайыла қабынуы;
5. созылмалы ұлпа қабынуының өршуі, жедел түбірұштық периодонт қабынуы,
үштік нервтің невралгиясы
32. Ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеуге қарсы көрсеткіштерді атаңыз;
1. Жастың 30-дан жоғары болуы;
2. Бойдағы созлмалы аурулары немесе пародонттың созылмалы жайыла қабыну
белгілері;
3. Тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы;
4. Ұлпаның электр қозғыштығы 40 мкА жоғары
5. Жоғарыда аталғандардың бәрі
33. Біртүбірлі тістегі ұлпаның созылмалы шіри қабынуын қандай емдеу әдісімен емдеген тиімді;
1. Девитальдық ампутациялау әдісі;
2. Девитальдық экстирпациялау әдісі
3. Витальдық ампутациялау әдісі
4. Консервативтік әдіс
5. Витальдық экстирпациялау әдісі
34. Ұлпаның жедел жартылай қабынуын қандай әдісті қолданып емдеген кезде емдік
төсемдер үшін қабынуға қарсы, одонтотроты және қайта минералдандыра әсер ететін
қойыртпақтар(пасталар) қолданылады;