Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК +++МШ Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.31 Кб
Скачать

Идиотияның клиникалық –педагогикалық сипаттамасы

Идиотияның қазақ тіліндегі мағнасы нақұрыс, мәңгүрт деген ұғымдарға тура келеді. Демек, бұл туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын кемақылдылықтың ең ауыр түрі. Бұл балаларға тән өзгерістер:

Физикалық дамуының жағдайы өте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрлысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып - қисайып бүлінген, соның салдарынан қимыл - қозғалыстары жетілмеген. Кейбір балалар өз беттерімен емін - еркін отырып - тұрып, түзу жүре алмайды. Олар бүкіл денесімен аударылып - төңкеріліп, немесе шайқалып жүреді.Сондай - ақ идиот балалардың көпшілігінің дене мүшелерінің сәйкессіздігі (диспластичность), қол - аяқ саусақтары алшақ, бүгілген, быртық екені көзге түседі. Олар кейде саусақтарын сорып, ритмикалық жасанды қозғалыстармен (шайқалу, бір орында теңселу, алақандарын шапалақтау) айналысады.

Жүйке жүйесінің жағдайындағы өзгерістер: бас миының үлкен жарты шары қыртысының физиологиялық әрекетінің өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен бұл балаларда тіпті жеңіл, қарапайым шартты рефлекстер сапалы орындалмайды. Оларды қалыптастыру арнайы лабораториялық жағдайларда да мүмкін емес.

Психикалық жағдайындағы өзгерістер де өте күрделі: жоғары жүйке қызметінің іс - әрекеті патологиялық өзгерістерге ұшырауына байланысты бұл балалардың мінез - құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Кейбіреулері айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақ уақыт жатып алса, енді біреулері керіснше, тынымсыз секіреді, жүгіреді, аузына іліккенін шайнайды. Балалардың көпшілігінің сөйлеу тілдері дамымаған, жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан әрі бармайды. Өсе келе бір - екі буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді, бірақ олар айтқан сөздерің мағналарын өздері түсінбейді.

Негізгі әдебиет:(1,3,4,7,10,11,15,16)

Қосымша әдебиет:(2,4,5,6,7)

№2 дәріс тақырыбы: Моногендік және хромосомдық зақымданулардың клиникалық ерекшеліктері

Лекция тезистері:

  1. Тұқым қуалайтын аурулар туралы жалпы түсінік.

  2. Кемақылдылықтың гендік түрлерінің клиникасы.

  3. Соматикалық хромосомалардың зақымдануларынан

болған кемақылдылықтың клиникалық түрлері.

  1. Жыныстық хромосомалардың зақымдануларынан болған кемақылдылықтың клиникалық түрлері

1. Тұқым қуалайтын аурулар туралы жалпы түсінік.

Тұқым қуу дегеніміз – тірі организмдердің өзін-өзі немесе өзіне ұқсас түрлерді туғызуы. Тұқым қуалаушылық – ол тек қана ата—анадан балаға берілетін сыртқы және ішкі дүниелерінің қасиеттері ғана емес сонымен қатар, жағымсыз, тұқым қуалайтын ауруларды тарататын да қасиет. Бұл ертеден белгілі, бірақ осы қасиеттердің ғылыми негізін анықтап оны жан жақты тексеретін генетика ғылымы. Бұл ғылымның негізгі мақсаты әртүрлі тұқым қуалайтын белгілердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Тұқым қуалаушылықтың негізі хромосомаларрға байланысты. Бұл құрылым әр жасушаның ядросында орналасқан.

Хромосомдар мен гендердің мутацияға ұшырауы. Мутагенез - әр түрлі физикалық және химиялық факторладың әсірінен организмде тұқым қуалайтын өзгерістің (мутацияның) пайда болуы процесі.

Мутация – клеткадағы геннің табиғи және жасанды жолдармен өзгеруі. Табиғаттағы барлық тірі организмдер, вирустар, микроорганизмдерден бастап, жоғары сатыдағы өсімдіктер, жануарлар, адамдар – барлығы да мутацияға ұшырайды. Жыныс клеткаларында пайда болған (генеративтік) мутациялар тұқым қуалайды, ал дене клеталарында болатын (соматикалық) мутациялар тұқым қуаламайды.

Мутагендер деп мутацияға ұшырататын себептерді атайды. Олар: - физикалық әсерлер (ультракүлгін сәулесі, рентген сәулесі, нейтрондар, гамма бөлшегі т.б.); химиялық әсерлер (алкидті қосылыстар, алколоидтар, нуклеин қышқылдарының аналогтары т.б.).

Мутант - организмнің мутацияға ұшырау нәтижесінде қалытптасатын, тұқым қуалайтын қасиеті бар тұлғалар.