Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК +++МШ Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.31 Кб
Скачать

1. Әлеуметтік адаптация, реабилитация және емдеудің негізгі принциптері.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетілетін кешенді көмек әр уақытта өкімет пен атқару мекемелерінің бақылауында. Соңғы жылдары көмектің көлемі ұлғайып, оның сапасы жақсара түсуде. Осы көмекті қабылдайтын балалардың саны да ұлғайып, арнайы түзету мекемелері де ашылуда. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің негізгі принциптері:

  • жалпы жағдайына байланысты қажет көмектердің әр уақытта көрсетілуі;

  • ауытқу мерзіміне байланысты және күрделілігін есте сақтай отырып, көмекті өсу кезеңдеріне сәйкестендіру;

  • көрсетілітен көмектердің сапалы, кешенді болуын бақылау;

  • кешенді көмектерді әрі қарай қажет көлемде дамыту.

  • психофизикалық және эмоционалды дамуындағы ауытқуы бар балалар тобын ертерек білу және оны түзету.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға көрсетілетін кешенді көмек негізінен үш кезеңге бөлінеді:

1-ші кезең - кешенді арнайы көмек, ерте жастағы дамуында ауытқулары бар балаларға көрсетіледі. Бұл көмектің негізі – емдеу, кемістіктерді анықтау болғандықтан, ол бала туа саласыменен, әйелдер босанатын үйде, медициналық мекемелерле, арнайы балаларға арналған ауруханаларда, балалар емханасы мен диспансерлерде көрсетіледі. Бұл мекемелердің көпшілігі денсаулық министрлігінің қарамағында болады. Бала туа саласыменен білікті мамандар оның жалпы жағдайын тексеріп, ауытқуларын анықтап, қажет болған жағдайда қосымша тексерулер жүргізіп, зақымданудың себебін, дәрежесін анықтайды, оған сәйкес емдеу-сауықтыру жоспарын құрастырады. Егер баланың жағдайы ауыр болса, арнайы аурухананың бөлішелерінде орналастырып, қажет тексеру, емдеу шараларын жүргізеді. Баланың жағдайы жақсарған соң, ол баланы ата-ананың келісімі бойынша арнайы балалар үйіне орналастырады. Арнайы түзету және емдеу балалар үйінде көптеген білікті мамандардың, оның ішінде дефектологтың бақылауында болады. Балалардың жағдайын жақсарту үшін кешенді емдеу және түзету әдістері қолданылып, баланың физикалық және психикалық дамуын қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

2 –ші кезең - мектеп жасына (2 – 7 жас) дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларға емдеу және түзету, дамыту әдістерін арнайы мекемелерде, санаториялар мен мектепке дейінгі бала- бақшаларда, емханаларда, диспансерлерда жүргізіледі. Бұл кезеңнің басты міндеті: әр кемтар балаға қажет емдеу, түзте, дамыту процесстерін білікті мамандардың қадағалауымен толық көлемде жүргізу. Осы бағытта жүргізілетін тәрбиелеу мен дамыту әдістері баланың ойлау, есте сақтау, тілін дамыту сияқты психикалық қасиеттерін, қимыл әрекеттерін, өзін-өзі күту сияқты әдеттерін қалыптастырады.

3-ші кезең – мектеп жасындағы балаларға қажет емдеу, дамыту және оқыту әдістерін әр баланың кемістігінің түріне, дәрежесіне сәйкестендіріп қолданады. Бұл әдістер көбінесе арнайы түзету мектеп - интернаттарында, осы ұжымның мүшелерінің қатысуымен іске асырылады.

2. Психофизикалық және эмоционалды дамуында ауытқуы бар балалар тобын ертерек анықтау және оны түзету.

Психофизикалық және интеллектуалды дамудың зақымдануының клиникалық түрлерін анықтау және олардың әрқайсысына сәйкес ерекшеліктерді айқындау клиникалық - педагогикалық мінездемені құрастыру арқылы жүргізіледі.Ол үшін дамуында ауытқулары бар балалардың қалыптасу ерекшеліктерін айқындап, әр балаға тән зиятының зақымдануының клиникалық түрлерін анықтау қажет. Осы негізгі мақсаттан туындайтын міндеттер:

  • тексерілуге келген кемтар баланың жалпы жағдайын және қалыптасқан кемтарлықтың белгілерін анықтау;

  • анықталған кемтарлыққа осы уақытқа дейін жүргізілген емдеу, түзету және қалыптастыру әдістерінің сәйкестігін, оның нәтижелерін анықтау;

  • болашақта қолданылатын емдеу, түзету, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу әдістерін баланың ақыл - ой кемістігіне, дәрежесіне сәйкестендіру.

Ақыл - ой кемістігі бар баланың клиникалық- педагогикалық және психологиялық мінездемесін құрастырудың маңызы өте зор. Осы мінездеменің тұжырымында баланың қортынды клиникалық диагнозы көрсетіледі. Осыған сәйкес оны қандай арнайы мекемеге жіберу және онда қандай арнайы ем, түзету әдістері қолданылуы керектігі анықталады. Сондықтан, студенттер бұл мінездемені құрастырғанда өте ұқыпты және осы пәнді игеру барысында алған білімдерін, оған қоса басқа пәндерден де алған білімдерін орынды қолдана білулері керек.

Мінездемені құрастыру кезіндегі негізгі жұмыстар . Мінездеме сапасы жағынан мағыналы болу үшін көптеген медициналық құжаттарды, мамандардың тұжырымдарын, ата-анасының және туыстарының мәліметтерін, баланың шағымдарын жинастырып, оларды талдау қажет. Жұмыс барысында жиналған мәліметтердің, әсіресе патологиялық белгілердің қалай, қай кезде басталғанын ,оның дәрежесін, қалыптасуын анықтап, олардың кемтарлықтың қандай клиникалық түріне сәйкес екенін көрсету керек. Жиналған мәліметтерді жүйелі түрде талдау үшін анықталған патологиялық өзгерістерді топтау керек: олар физикалық дамуындағы ауытқуларда кездесе ме, әлде жүйке жүйесінің зақымдануына жата ма, немесе психикалық дамуындағы өзгерістерді айқындай ма, осы мәліметтерді жеке-жеке талдағанда ғана олигофренияның клиникалық түрінің қайсысы екені анықталады. Әрі қарай осы белгілердің себептерін айқындау қажет.

Бұдан кейін баланың қазіргі жағдайының дәрежесі анықталып, болашағына болжау жасалады.

Бір қарағанда жеңіл көрінетін мінездеменің құрастырылуы бірінші курс студенттеріне қиын, күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, студенттер клиникалық мысалдар арқылы және арнайы мекемелердегі балалардың жағдайымен танысу барысында және медициналық- педагогикалық тәжрибе кезінде кемтар балалардың ерекшеліктерін талдап, сол балаларға лайықты клиникалық-педагогикалық және психологиялық мінездеме құрастыруға машықтанады.