Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК +++МШ Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.31 Кб
Скачать
  1. Туа пайда болған мерез.

Бұл зақымдану мерезбен ауырған анадан құрсақтағы балаға мерез қоздырушысының (боз спирохетаның) плацента арқылы таралуынан пайда болады. Аурудың клиникалық белгілері баланың орталық жүйке жүйесінің, ішкі ағзаларының зақымдану дәрежесіне байланысты. Нәресте көбінесе мезгілінен бұрын, шала туады. Кейде айы-күні жетіп туса да, әлсіз болады. Бұл балаларда психомоторлы қозу, қол-аяқтарының дірілі, ұйқысының бұзылуы, себепсіз шошынуы, еңбегінің ісінуі кездеседі. Осымен қатар, балалардың бас миының қабықтарының қабынуы салдарынан менингиальды симптомдар да кездеседі және олар дами түсіеді. Ал баланың психикалық және интеллектуалды дамуы тежеледі немесе белгілі бір дәрежедегі кемақылдылық қалыптасады.

Туа пайда болған мерез орталық жүйке жүйесін зақымдауымен бірге баланың терісінде де өзгерістер туғызады: аузының айналасында, бас терісінде іріңді бөрітпелер пайда болады. Олар асқына келе үлкен жараларға айналады. Жаңа туған балалар мұрнымен дем ала алмайды, өйткені мұрынның кілегей қабығы жарақаттанған, қабынған. Осыдан барып тыныс алуы бұзылып, екінші реттік пневмония басталуы мүмкін. Сонымен, туа пайда болған мерездің клиникасы өте күрделі: терідегі өзгерістер, соматикалық өзгерістер, неврологиялық өзгерістер айқындалады. Кейбір кезде туа пайда болған мерез туа сала білінбеуі де мүмкін. Ол араға 3-4 жыл салып, бірте-бірте білініп, асқына түседі: бас сүйегінің пішіні өзгереді: микроцефалия немесе гидроцефалия қалыптасады, оған құрысу синдромы қосылады, көздің қылилығы, көруінің төмендеуі, көз түбінде көру жүйкесінің атрофиясы анықталады. Туа біткен мерездің ең негізгі белгісі - әр түрлі дәрежедегі, көбінесе ауыр дәрежедегі кемақылдылық.

Бұл зақымдануды анықтау мұқият неврологиялық тексерулермен қатар серологиялық сынамаларды (Вассерман реакциясы,- RW) жүргізуді де қажет етеді. 4-5 жасқа келген балаларға диагноз қою қиын емес: ақыл - есі төмен, ойлау, есте сақтау қабылеттері дамымаған, еріндерінің айналасында ақтаңдақтар бар, маңдайы шығыңқы, гидроцефалия, тістері сирек, мүжілген, балтыр сүйектері семсер сияқты қисайған, мұрындарының үсті батыңқы, бауыры мен көк бауыры үлкейген, т.б. белгілер баланың іштен мерезге ұшырағанын айқындайды.

Есте болатын жәйт, туа біткен мерезбен ауырған нәрестелерді зерттегенде, кейбір жағдайда Вассерман реакциясы ешбір ауытқуды көрсетпеуі мүмкін, сондықтан анасының зерттелу нәтижесі, оның мерезбен ауырғаны туралы мәліметтер дұрыс диагноз қою үшін өте маңызды.

  1. Туа пайда болған токсоплазмоз

Токсоплазмоздың қоздырушысы- Toxoplasmae Gondii қарапайымдар тобына жататын паразит. Бұл ішкі мүшелер мен жүйке жүйелерінің клеткаларында көбейе алатын клетка ішілік паразит. Токсоплазмалар зақымданған клеткалардың ішінде көбейе отырып, псевдоцистердің жинақталуын туғызады да, олар кейін қан арқылы таралып, әртүрлі ағзаларда патологиялық процестер туғызады.

Токсоплазмоз ауруы үй жануарларында (ит, мысық, ірі-қара мал, ұсақ малдарда), сүт қоректілерде (түлкі, қоян, кеміргіштер) және құстарда жиі кездеседі. Адамдарға токсоплазмоздың қоздырушысы осы жануарлардан жұғады. Белсенді таратушы ретінде ит пен мысықтың рөлі үлкен. Токсоплазмалар ауру ит пен мысықтың зәрінде, сілекейінде болады. Адамдарға кір қол, ластанған тамақ өнімдері арқылы жұғады. Аурудың белгісі токсоплазманы жұқтыра салысымен басталмайды, көп жағдайда латентті, белгісіз өтеді. Өйткені, дені сау адамдарды тексерген кезде 8-10 кейде 40%-да осы дерттің қоздырушысы анықталады. Балалар үлкендерге қарағанда жиі ауырады. Олар токсоплазманы тек қана ластанған тамақ, су арқылы ғана жұқтырмайды, осымен қатар құрсақ ішінде плацента арқылы бұрын ауырған анасынан да жұқтыруы мүмкін. Осыған байланысты аурудың туа пайда болған және жүре келе пайда болған түрлері болады. Туа пайда болған тосоплазмоздың патогенезі: қоздырғыш дамып келе жатқан ұрыққа әсер етіп, эмбриогенез немесе фетогенез процесстерін бұзылып, нәрестелер әр түрлі кемістіктерге ұшырауы мүмкін. Егер токсоплазма жүктілік мерзімінің алғашқы жартысында әсер етсе, онда ұрықтың дамуы бұзылып, құрсақ ішінде өлуі немесе түсік болып түсуі мүмкін.

Патоморфологиясы: ағзаларға қанмен енген токсоплазма қанмен тарай отырып, бір аптадан кейін әр түрлі ішкі ағзалардан, орталық жүйке жүйесінен табылады да , бұл ағзаларда әртүрлі патологиялық өзгерістер басталады. Ал орталық жүйке жүйесінде токсоплазмозға тән энцефалит қалыптасады. Осы кезде ми және оның қабығы да зақымданады, көру орталығында, ішкі ағзаларда да патологиялық өзгерістер байқалады. Жиі кездесетін ауытқулар: энцефалит, гидроцефалия, "жырық ерін", "қасқыр таңдай", микрофтальмия сияқты және басқа да даму ақаулары байқалады. Осы өзгерістер баланың жалпы және интеллектуалды дамуын зақымдайды. Сондықтан да туа біткен токсоплазмоз өте қауыпті.

Жүре пайда болған токсоплазмоз біртіндеп басталып, энцефалит, гидроцефалия сияқты және басқа да даму ақауларын қалыптастырады. Кемақылдылық та бірте - бірте дамып күрделене бастайды.

Клиникалық белгілері: жүре пайда болған токсоплазмоздың клиникасы зақымданған ағзалардағы патологиялық процестердің дәрежесіне байланысты әр түрлі болады: басы ауырады, жүрегі айныйды, тіптен естен тануы да мүмкін. Көбінесе кездесетіні цереброспинальді түрі: бастың ауруы, қызудың көтерілуі, ұйқының бұзылуы, кейде архноидит белгілері және ошақты симптомдар . Жүре пайда болған токсоплазмоз жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін. Көбінесе токсоплазмоздың жедел кезеңі құрсақ ішінде өтеді де, ол іштен туа болған токсоплазмоз ретінде анықталады. Ал созылмалы кезеңі туғаннан кейін бірте-бірте басталып, гидроцефалия, энцефалопатия, менингиалды симптомдар арқылы білінеді.

Жалпы, бұл балаларға тән негізгі белгі - әр түрлі дәрежедегі олигофрения. Сонымен қатар ішкі ағзалар да зақымданады: пневмания, миокордит, бауыр мен көк бауырдың үлкейюі, көздің әр түрлі зақымдануы (анофталмия, хориоритинит, иридоциклит, колобома, катаракта).

Токсоплазмоздың диагностикасы клиникалық белгілеріне және лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне негізделіп қойылады. Қазіргі кезде серологиялық реакциялар мен аллергиялық тері іші сынамаларын ең негізгі, сенімді әдістер деп санайды. Науқас баланы тексерумен қатар оның әке-шешесін және отбасы мүшелерін де тексеру қажет. Токсоплазмоздың диагнозын анықтауда шешесінің акушерлік анамнезі (түсік тастау, өлі туу, жүктілік кезіндегі ауыр токсикоздар, ауытқулар, т.б.) шешуші рөл атқарады.

Кейбір жағдайда ертеде қолданған, немесе басқа ауруларға қарсы емдердің нәтижесінде серологиялық реакциялар мен теріішілік сынама теріс болуы мүмкін, бірақ бұл нәтижелер ауруды жоққа шығара алмайды, біраз уақыттан кейін тексерулерді қайталау керек, тосоплазмозды емдеу әдістерін тоқтатпау керек. Осы жайтты әруақытта естен шығармау керек.

Негізгі әдебиет:(3,4,7,10,11,12,15,16)

Қосымша әдебиет:(2,5,6,7)

№5 дәріс тақырыбы: Дамудың барлық кезеңдеріндегі емдік және педагогикалық шаралар.

Лекция тезистері: