- •Пән бойынша оқу -әдістемелік материалдар
- •2.2 Дәріс сабақтарының тезистері
- •Дені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық дамуындағы ортақ заңдылықтар.
- •3. Балалар зиятының дамуындағы әртүрлі ауытқулардың этиологиясы және патогенезі
- •Баланың құрсақта қалыптасу кезеңінде әртүрлі залалды себептердің әсер етуі (антенатальдық зияндылықтар).
- •5.Босану кезіндегі зақымданулар мен асфиксия.
- •5.Олигофренияның патоморфологиясы.
- •Идиотияның клиникалық –педагогикалық сипаттамасы
- •2. Кемақылдылықтың гендік түрлерінің клиникасы.
- •Соматикалық хромосомалардың зақымдануларынан
- •4. Жыныстық хромосомалардың зақымдануларынан болған кемақылдылықтың клиникалық түрлері
- •Шекаралық интеллектуалдық жетіспеушіліктің дизонтогенетикалық түрінің динамикасы мен клиникасы.
- •Гидроцефалия және микроцефалияның клиникалық ерекшеліктері
- •5. Гидроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру әдістері және алдын алу шаралары.
- •Микроцефалияның этиопатогенетикалық ерекшеліктері.
- •Микроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру және алдын алу шаралары
- •Туа пайда болған мерез.
- •1. Әлеуметтік адаптация, реабилитация және емдеудің негізгі принциптері.
- •Мінездеменің негізгі бөлімдері:
- •3. Дамуында ауытқуы бар балаларға медициналық – психологиялық- педагогикалық кеңес беру.
- •Интеллектуалды кемістігі бар балаларды оқыту -тәрбиелеу мекемелері
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •Реабилитациялау
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып: Қанның жалпы анализінің көрсеткіштері
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссарий
- •2.11.Әдістемелік ұсыныстар
Микроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру және алдын алу шаралары
Жалпы микроцефал балалар, әсіресе оның шынайы түрі өте ауыр патологияға жатады. Оның себебіне, зақымдану дәрежесіне, анықтаған мерзіміндегі баланың жасына сәйкес емдеу, педагогикалық және психологиялық түзету әдістерінің нәтижелері де әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік бейімдеу әдістерін айқындағанда медициналық – педагогикалық - психологиялық комиссияның дұрыс шешімі өте маңызды.
Микроцефалияның алдын алу шараларының негізін болашақ ата - аналардың білімді, салауатты болуы, залалды тұқымқуалаушылықтың әсерін білу, құрсақтағы баланың дамуына жақсы жағдай жасауы, күмәнді жағдайда медициналық тексерістен өтіп, айтылған кеңестерді бұлжытпай орындауларлары, т.б. жатады.
Орталық жүйке жүйесінің инфекцияларының салдары
Нейроинфекциялар (оған нерв жүйесінің инфекциялық аурулар тобы жатады ). Оныњ ішінде өте қауыптілері: вирустар мен бактериялар ќоздыратын мидың немесе оның қабықтарының қабынулары.
Менингит ауруы- мидың жұмсақ қабығының қабынуы. Осы дерттің асқынуы гидроцефалияѓа, саңыраулыққа, психикалық дамуыныњ тежелуіне жєне қозғалу әрекетінің бұзылуына әкеліп соғады.
Энцефалит ауруы - бас ми ұлпаларыныњ қабынуы. Аурудың дәрежесіне байланысты оның салдары психиканыњ тежелуіне, кемақылдылықтың қалыптасуына, баланыњ мінез-құлқының, көњіл-күйінің өзгеруіне себеп болады. Көп жағдайда мүгедектік қалыптасады.
Менингоэнцефалит (ми және оның қабықтарының ќабынуы) оның салдары ми мен жұлынның зқќымдануына әсер етеді: жүріс-қимыл әрекеті, ақыл –ой, сµйлеу ќабылеттері төмендейді.
Полиомиелит ауруының салдары баланыњ ќозѓалысын шектейді, аяқ –қолының, жеке б±лшыќ еттерінің семіп, сал ауруына ұшыратады.
Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы
Кейбір жағдайларда ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен , қанның тобы (АВО) немесе резус-фактор бойынша сәйкес келмеуінің салдарынан баланың орталық жүйке жүйесі зақымданып, кемақылдылық әр түрлі дәрежеде білінеді.
Резус-фактор дегеніміз не? Қысқаша түсінік: Оңтүстік Шығыс Азияның Бенгалия аймағында өмір сүретін макако маймылдарының Резус деп аталатын бір түрінің қанын ғалымдар тексергенде оның құрамында ерекше бір зат бар екені анықталған. Ол затты резус-фактор деп атаған.
Адамдардың қанының құрамын тексергенде де осы зат кейбіреуінде анықталып, оларды оң резусты (Rh+), ал кейбіреулерінде бұл зат анықталмағандықтан, теріс резусты (Rh-) деп бөледі. Жалпы, адамдардың 85%-ы (+) оң резусты, ал 15%-ы (-) теріс резусты болып келеді.
Егер екі қабат әйелдің қаны теріс резусты болса, ал құрсақтағы нәрестесі жұбайының оң резусты қанын мұраланса, онда ананың қаны мен құрсақтағы нәрестенің қаны сәйкес келмей, конфликті жағдай қалыптасып, жас нәрестенің қанындағы эритроциттар жарылып, гемолизға ұшырайды да, одан бөлінген билирубин деген улы зат баланың денесіне жайылады. Ең алдымен зақымданатын бас миы және жүйке клеткалары. Соның салдарынан зақымданған бала аман - есен туса да, алғашқы күннен бастап зақымданудың белгілері білінеді: аяқ-қолының қимылы қалыпсыз, дірілдейді немесе саусақтары тырысады, есту және көру талдағыштарының зақымдануы мүмкін, баланың сөйлеуі кеш және әр түрлі мүкістіктер білінеді. Кейбір балалардың тәртібі бұзылып, өздерін өздері билей алмайды. Кейде тез қуанып, тез арада көңіл күйі бұзылады.
